3 сынып әдебиеттік оқу Үш бақытым Мақсаты


Оқушы: (Өлеңді мәнерлеп жатқа оқып береді) Сарапшы



бет9/10
Дата08.01.2017
өлшемі4,91 Mb.
#6475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Оқушы: (Өлеңді мәнерлеп жатқа оқып береді)

Сарапшы:

  • Мен ақынның бірінші бақыты – Халқы туралы айтқанын сараптайын. «Соған берем ойымның алтын кенін» дегені өзінің ең жақсы ойларын халқына беретіндігі. «Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын» дегені өз халқың болған жерде, сен де барсың. Ал өз халқың жоқ жерде, сен барсың ба, жоқсың ба бәрі бір.

  • Алтын кен деген не?

  • Кен дегеніміз – жер астындағы қазба байлық, ал алтын соның ішіндегі ең құндысы. Ақын өзінің бойындағы ең бағалы дарынын халқына арнайтындығын айтқандығы.

Сарапшы:

  • «Ал екінші бақытым – Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім.» деп ақын қатыгез адамдардың жүрегін құдіретті сөздің күшімен жібіткен, сана-сезімдерін оятқан. «Кей-кейде дүниеден түңілсем де, қасиетті тілімнен түңілмедім.» деген жолдары Мұқағали атамыздың өмірде болып жатқан жағдайлардан көңілі әбден қалса, тіліне деген сезімін кір шалып көрмепті.

Сарапшы:

  • «Бақытым бар үшінші – Отан деген. ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.» дегені Отан, отбасын Отпен теңеуі. От – жылу, от бар жерде өмір бар, тіршілік бар. Сенің отың сөнсе келде менен жылу ал, күш-қуат ал дегендігі.

Мұғалім:

  • Сендердер Отан деген сөзбен байланысты қандай мақал білесіңдер?

  • Міне, балалар, Отанды халық та, ақындар да қалай бағалайтындығын естідіңдер. Сендерде өз Отандарыңды құрметтеп жүріңдер.

  • Барлықтарыңның алдыларыңда осы өлең жатыр. (Өлең жазылған парақ, артында ақын портреті) Іштей оқып шығып қоятын сауалдарың болса, орындарыңнан сұрақ қоя берулеріңе болады.

Оқушы:

  • Неге бірінші бақыты Халқы?

Сарапшы:

  • Өйткені Халық бар жерде тіл де, діл де бар.

Оқушы:

  • Мен тас жүректі тілімдегеніне мысал келтіргім келіп тұр. «Реніш»

Әй, балам-ай!

Шамалы-ау түсінігің,

Қандай болар, білмеймін, кісілігің...

Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені,

Жауар күндей қабағын түсіруін!

Мұғалім:

Балалар, біз бүгін тағы бір ақын, жазушы, майдангер Дихан Әбілевтің тіл туралы айтқан өлеңімен танысамыз. Ол үшін 2-ші топ сарапшыларын ортаға шақырайық.



Оқушы:

  • Дихан Әбілев 1907 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Мойылдыбұлақта туған. Өз шешесінен жас қалған Дихан кәрі әжесі мен әкесі Әбіл қарттың тәрбиесінде болады.

Өзінің адалдығы, ежелден еңбек сүйгіштігі және місекерлігімен өз ортасында қадірлі әкенің тәрбиесін көрген Дихан да жасынан-ақ еңбек сүйіп, үй ішіне қолғабысын тигізе өседі.

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет