Диссертация қорғау Диссертация қорғау - диссертациялық тақырыпты жасау аяқталған соң мамандар кеңесіне қорғауға ұсынылатын диссертация толтырылады. Мамандар кеңесінің құрамына оқу дәрежесі бар мамандар мен басқа да ЖОО-нан, ғылыми мекемелерден мамандар тартылады. Әрбір мамандар кеңесіне оның ұйымдастыруымен ғылыми қызметкерлер мамандықтарының нөмірлері бекітіледі, яғни осы кеңес кандидаттың немесе ғылым докторы дәрежесіне ұсыну үшін диссертацияны қорғауды ұйымдастырады.
Диссертацияны барынша сарапқа салу алдын-ала оппоненттер белгілейді: докторлық диссератция қорғағанда үш ғылым докторы және басқарушы ұйым, кандидаттық диссертация қорғағанда - бір доктор, бір кандидат және басқарушы ұйым, мамандар кеңесінің отырысында бұлар өз пікірлері мен ұсыныстарын баяндайды. Диссертация қорғау егер қорғауға қатысқан мамандар кеңесінің жасырын дауыс беру нәтижесінде 50 пайыз болса ғана табысты, сәтті деп мойындалады.
Диссертация қорғаудың нәтижелерін (хаттама, шешім) мамандар кеңесі, өздерінің әрекеттеріне бақылау жасап отыратын ВАК-қа жібереді. Ғылым кандидаты дипломын беру туралы түпкілікті шешімді ВАК мүшелеріқабылдайды. Ғылым докторы дәрежесін беру туралы мамандар кеңесінің шешімі ұсынушы сипаттағы шешім болып табылады, ал ғылым доктор дипломын беру туралы түпкілікті шешім ҚР ВАК Президумы қабылдайды.
Мамандықты жетілдіру Квалификацияны көтеру - Ғылыми-техникалық төңкерістің жаңа заманғы жағдайларында өте-мөте маңызды міндет соңғы ғылыми, техника мен мәдениет жетістіктері нәтижелері бойынша мамандар білімін жүйелі толықтыру болып табылады. Осы мақсатпен біздің елде негізінен жоғары оку орындарында ұйымдастырылған, министірліктерге бағынышты квалификацины өсіру институттары мен жоғары оқу орындарында жоғары квалификациялы халық шаруашылығы мамандары, профессорлар мен ЖОО-ның оқытушылары сабақ береді.
Кей жағдайларда әлі сәйкес мамандықтар орныға қоймаған ғылым мен техниканың жаңа бағыттары брйынша тез арада мамандар дайындауды жүзеге асыру қажет болады. Осы мақсатта негізінен басты оқу орындарында ғылыми мектеп базасында күндізгі және кешкі оқу түрімен он айдан екі жылға дейінгі мерзімде арнайы факультеттер ұйымдастырылады. Мұндай факультеттерге дәріс тыңдаушыларды аталған бағыт бойынша мамандар алуға қызығушылық танытқан ұйымдар жіберіп отырады.