30 қалалық орта жалпы білім беретін мектебінің 3 «г» сынып оқушысы Кеңес Еркеназ Болатқызына Мінездеме



Дата14.03.2020
өлшемі15,76 Kb.
#60177
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)

30 қалалық орта жалпы білім беретін

мектебінің 3 «г» сынып
оқушысы Кеңес Еркеназ Болатқызына


Мінездеме

Кеңес Еркеназ Болатқызы 2011 жылы тамыз айының 6 жұлдызында дүниеге келген.Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Оқу материалын қабылдауы жоғары. Зейіні тұрақты, ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Темпераменті сангвиник – флегматик. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, қарым- қатынасы жақсы, кішіпейіл. Сыныптан тыс шараларға белсене қатысады.


Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Математикаға қызығушылығы өте жақсы. Мазмұнды есептер мен логикалық тапсырмаларды орындауда ойлау, анализ жасау қабілеттері өте жақсы дамыған.
Сыныптастары мен ара- қатынасы өте жақсы. Сурет салу мен ән айтуға қызығады. Сыныптағы жақын құрбылары Анита мен Ғазиза. Еркеназ мінезі өте ашық ақ-көңіл. Сыныптастарына көмек қолын созуға әрдайым дайын. Қатарластарымен тез тіл табысады, өте белсенді. Жауапкершілігі мол. Сабақ үлгерімі өте жақсы

Тәжірибиеден өтуші________ Сағындықова.Ә.Д


№ 30 қалалық қазақ орта жалпы білім
беретін мектебінің 3 «г» сынып
оқушысы Толағай Ғибрат Жомартұлына


Мінездеме

Толағай Ғибрат 2011 жылы 6-шы қараша күні дүниеге келді. мінезі ашық. Қойылған талаптарды қабылдайды. Тәртібі мектеп ережесіне сай. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен, сыныптастарымен тіл табыса алады. Оқу материалын қабылдайды, зейіні тұрақты, заттар мен құбылыстарды ажыратады,оларды талдау өз бетімен қорытынды жасауы жақсы. Еске сақтау қабілеті шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Барлық пәндерді жақсы көреді, қызығушылықпен, белсенділікпен қатысады. Берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды.


Математикаға деген қабілеті жақсы. Ауызша есептеу қабілеті өте жақсы.Бейнелеу өнерінен, қол еңбегінен, және жапсырмалау жұмыстарын қызыға құлшына орындайды. Темпераменті флегматик. Сыныптағы жақын достары Берік пен ахмет , деген мен Ғибрат сыныптағы барлық оқушылар мен қарым- қатынасы жақсы. Қатарластарымен қарым-қатынаста өзін байсалды және сабырлы ұстай біледі. Оқу үлгерімі жақсы.

Тәжірибиеден өтуші:_______ .Ә.Д.Сағындықова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет