Құндылығы: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық. Мақсаты



Дата08.11.2019
өлшемі1,73 Mb.
#51351
Байланысты:
6 сынып ¦9


Өзгелермен үндесу

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.

Мақсаты: Оқушыларды айналасындағы адамдармен жылы қарым – қатынас жасаудың маңызын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:
  • Білімділік: Оқушыларды адамдарға риясыз қызмет жасауға баулу үйрету.
  • Дамытушылық: Оқушылардағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: Оқушыларды шынайы болуға тәрбиелеу.

Үй тапсырмасын тексеру.

1. №8 – сабақ.Оқулықта берілген 6 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №9, «Бес тиын» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Неліктен Мұрат өзінің сыныптағы кезкшілігіне өте мқұият дайындалды?

2. Не себепті Мұрат тауып алған тиынын мқғаліміне берді?

3. Мұратты дұрыс әрекетке жетектеген оның бойынындағы қандай қасиеттері деп ойлайсың?

4. Адамның өзін және өзгелерді сыйлауының мәні неде деп ойлайсыңдар?

5. Өздерің көпшілік алдында қандай қасиеттеріңмен сыйлы болып жүрсіңдер?

Сабақтың дәйексөзі.

Досы көппен сыйлас

Досы азбен сырлас

Сұрақтар:

  • Достық дегеніміз не?
  • Дос болудың адам үшін маңыздылығы неде?
  • Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Мұғалім сыйы.

Жақсылық міңгі ұмытылмайды.

Сұрақтар:

1. «Досың ренжіткенде оңай ұмытылатын жерге жазу керек, ал досың жақсылық істегенде оны мәңгі ұмытылмайтын жерге жазу керек» деген оймен келісесіңдер ме? Неге?

2. «Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі» мақалын қалай түсінесіңдер.

3. Достарыңның жасаған жақсылықтары туралы айтып беріңдер.



Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Сүйіспеншілік». 2 – топ: «Шынайылық». 3 – топ: «Жанашырлық»

Тапсырма: Мақалдардың жалғасын табыңдар.

1. Аға әдепті болс, іні әдепті, .................

2. Орнымен мақтай біл, ...........

3. Халықтың қартын біл, ..................

4. Ардагер аға алдыңда тұрса, ..............

5. Сыйлай білсең кәріні, ....................

6. Сыйлау деген - ...............

7. Әдепті бала ата – анасын мақтатар, .......................

Толтырады бір көңілдің отын достарым

Қатемді түзеп, жол тапсам, дұрыс қостадың

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын

Жүріндер сендер қолықтан демеп, достарым

 

Жабыққан сәтте қас қағым



Жанынды ұғар басқа кім?

Жаңа бір әуен бастадым

Сендерге арнап, достарым!

 

Сағыныш толы кеудені кернеп жыр көшкін



Достықтың келдім сазына ән мен үн қосқым

Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен

Биіктен сайлап орнын адал шын достың

 

Жабыққан сәтте қас қағым



Жанынды ұғар басқа кім?

Жаңа бір әуен бастадым

Сендерге арнап, достарым!

 

Десек те қашан баянсыз достан түңіл деп



Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер

Асылдар аз ба жаныңды қияр дос үшін?

Соларға тағдыр өкінбей өтер ғұмыр бер

 

Жабыққан сәтте қас қағым



Жанынды ұғар басқа кім?

Жаңа бір әуен бастадым

Сендерге арнап, достарым!

Топпен ән айту.

Достарым

Әні О.Көшеровтікі

Сөзі Х.Закарияновтікі

(Жанар Айжанованың репертуарынан)

Үй тапсырмасы.

  • №9 – сабақ. Оқулықта берілген

  • 2 – тапсырманы орындау.

    2. Келесі сабақ. №10, «Тынышбек қалай түзелді?» мәтінін оқып келу.



Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...



Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет