№30 Мәскеу қаласы Тарифтік емес реттеу шаралары туралы



бет45/45
Дата15.04.2018
өлшемі7,82 Mb.
#40166
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

Есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың
кедендік аумағынан әкету туралы


Е Р Е Ж Е

І. Жалпы ережелер


1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 7 қосымша) көзделген, үшінші елдермен жасалатын саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.12-бөліміне енгізілген есірткі заттарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын (бұдан әрі – есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (бұдан әрі – әкелу) және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі тиісінше – Одақ, әкету) тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы


29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 7 қосымша) және Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.

3. Есірткі заттарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелу және (немесе) әкету есірткі заттарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын осы Ереженің


6-тармағына сәйкес әкелуді және (немесе) әкетуді қоспағанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) болған кезде жүзеге асырылады.

4. Лицензия есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары Одақтың кедендік аумағына жеткізілген кезде Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) кеден органына ұсынылады.


ІІ. Кедендік рәсімдерге орналастыру
5. Есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын ішкі тұтыну мен экспорт үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензияны ұсынған кезде жүзеге асырылады.

6. Мынадай жағдайларда мүше мемлекеттің кеден органына лицензияны ұсыну талап етілмейді:

а) жеке тұлғалардың тауар атауы мен саны көрсетілген растайтын медициналық құжаттар болған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша жеке қолдану үшін дәрілік заттар түрінде есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған көлемдерде жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде прекурсорлардың шектеулі санын әкелуі және (немесе) әкетуі.

Растайтын медициналық құжаттар (олардың растайтын көшірмелері) көрсетілген дәрілік заттарды аумағына әкелу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің тілінде толтырылады не, егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбеген болса, олардың көрсетілген мүше мемлекеттің тіліндегі нотариат растаған аудармасы қоса беріледі;

б) төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсетуге арналған есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес әкелу және (немесе) әкету;

в) көлік құралындағы алғашқы жәрдем қобдишаларында осындай көлік құралдарын тіркеген мемлекеттің заңнамасында айқындалған шектеулі санда:

есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының теңіз (өзен) кемелерінде және халықаралық қатынастағы әуе кемелерінде;

психотроптық заттар мен прекурсорлардың халықаралық қатынастағы теміржол және автомобиль көлігінде болуы;

г) әуе, теңіз (өзен), теміржол көлік құралының жабдықтары мен техникалық құрылғыларын қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшердегі керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын прекурсорларды әкелу және (немесе) әкету.

7. Есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Одақтың кедендік аумағына жеткізілу жеріндегі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан әкетілу орнындағы кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру жеткізілу жеріндегі кеден органына экспорттаушы мемлекеттің құзыретті органының есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының нақты партиясын әкетуге арналған рұқсатының расталған көшірмесі не осы органның аталған рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы ресми хабарламасы ұсынылған кезде жүзеге асырылады.

Экспорттаушы мемлекеттің құзыретті органы рұқсатының көшірмесі экспорттаушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен расталуға (заңдастырылуға) тиіс.

8. Есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Одақтың кедендік аумағына жеткізілу жеріндегі кеден органынан ішкі кеден органына дейін, сондай-ақ ішкі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан әкетілу жеріндегі кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру


кеден органына осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген лицензия ұсынылған кезде жүзеге асырылады.

9. Есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын кедендік қойманың, кедендік аумақта өңдеудің, кедендік аумақтан тысқары жерде өңдеудің, ішкі тұтыну үшін өңдеудің, уақытша әкелудің (жол берудің), уақытша әкетудің, бажсыз сауданың, жоюдың, мемлекет пайдасына бас тартудың, еркін кедендік аймақтың, еркін қойманың, кері импорттың және кері экспорттың кедендік рәсімдеріне орналастыруға жол берілмейді.


ІІІ. Лицензия беру
10. Лицензияны ресімдеу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) аумағында өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензиялар мен рұқсаттар беру Қағидаларының (2014 жылғы
29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 7 қосымшаға қосымша) (бұдан әрі - Қағидалар) 10-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.

Қағидалардың 10-тармағының 6-тармақшасына сәйкес есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын экспорттауға арналған лицензияны ресімдеу үшін өтініш берушілер экспорттаушы мемлекеттің құзыретті органы берген есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының нақты партиясын әкелуге арналған рұқсатты (түпнұсқасын немесе оның нотариат растаған көшірмесін) не осы органның аталған рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы ресми хабарламасын ұсынады.

11. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен расталуға тиіс.

12. Егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензия беру туралы шешімді уәкілетті орган осы мүше мемлекеттің басқа да мемлекеттік билік органымен (бұдан әрі – келісуші орган) келісу бойынша қабылдайтын болса, онда мұндай келісу осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Келісу қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

13. 1961 жылғы Есірткі заттары туралы бірыңғай конвенцияға сәйкес халықаралық бақылауда болатын есірткі заттарының әкетуге арналған лицензияда көрсетілген саны Есірткілерді бақылау жөніндегі халықаралық комитет бекіткен және жариялаған әкелінетін ел үшін есірткі заттарына қажеттіліктердің жылдық есептемесінен аспауға тиіс.

1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес халықаралық бақылауда болатын психотроптық заттардың әкетуге арналған лицензияда көрсетілген саны Есірткілерді бақылау жөніндегі халықаралық комитет жариялаған әкелінетін ел үшін аталған Конвенцияның ІІ – IV Тізімдеріне енгізілген заттарға жыл сайынғы медициналық және ғылыми қажеттіліктерді бағалаудан аспауға тиіс.

14. Қағидалардың 14-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде, сондай-ақ келісуші орган лицензия беруге арналған өтінішке келісім беруден бас тартқан жағдайда – Қағидалардың


14-тармағының 6-тармақшасына сәйкес лицензия беруден бас тартылады.

15. Лицензия алған өтініш берушілер Қағидалардың 22-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің уәкілетті органына лицензияны орындау туралы есеп беріп отырады.


Еуразиялық экономикалық

комиссия Алқасының

2015 жылғы 21 сәуірдегі

№ 30 шешіміне
№ 11 ҚОСЫМША

Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының күші жойылды деп танылған шешімдерінің

Т І З Б Е С І


  1. Кеден одағы комиссиясының «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден одағының бірыңғай тарифтік емес реттеу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы» 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 168 шешімінің 4-тармағы.

  2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы»
    2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешіміндегі:

а) аталған Шешіммен бекітілген Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 1.2, 1.3, 1.7, 1.8, 2.3, 2.6 – 2.8, 2.11, 2.12, 2.19 – 2.21-бөлімдері;

б) аталған Шешіммен бекітілген Шектеулер қолдану туралы ережелердегі:

Қауіпті қалдықтарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу, Кеден одағының кедендік аумағынан әкету және олардың Кеден одағының кедендік аумағы арқылы транзиті тәртібі туралы ереже;

Жабайы тірі жануарларды, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктерді және жабайы өсетін дәрілік шикізатты Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереже;

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының қызыл кітаптарына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін және (немесе) туындыларын Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереже;

Минералдық шикізатты Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереже;

Есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу, олардың кедендік аумағынан әкету және кедендік аумағы арқылы транзиті тәртібі туралы ереже;

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереже;

Мәдени құндылықтарды, ұлттық архивтік қорлардың құжаттарын және архивтік құжаттардың түпнұсқаларын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереже;

Адам органдарын және (немесе) тіндерін, қан мен оның құрамдастарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереже.



  1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Шектеулер қолдану туралы ережелерге өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы
    18 қазандағы № 184 шешімі.

  2. Шектеулер қолдану туралы ережелерге енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Шектеулер қолдану туралы ережелерге өзгерістер енгізу туралы»
    2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 242 шешіміне қосымша).

  3. Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағының «б» тармақшасы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының өзгеруіне байланысты Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 243 шешіміне қосымша).

  4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
    «32 нанометрден аспайтын технологиялық процесс бойынша жасалған микропроцессорларға қатысты Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифіне және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 260 шешімінің 2-тармағы.

  5. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Есептеу машиналарының жекелеген түрлеріне қатысты Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы
    25 желтоқсандағы № 303 шешімінің 4-тармағы.

  6. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.12-бөліміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 95 шешімі.

  7. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Шектеулер қолдану туралы ережелерге өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы
    14 мамырдағы № 103 шешімі.

  8. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.12-бөліміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы
    4 маусымдағы № 121 шешімі.

  9. Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссияның жекелеген шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің
    11-тармағының «а» және «в» тармақшалары (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссияның жекелеген шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешімінің жобасын мақұлдау туралы» 2013 жылғы 25 маусымдағы № 140 шешіміне қосымша).

  10. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.12-бөліміне өзгеріс енгізу туралы» 2013 жылғы 22 қазандағы № 234 шешімі.

  11. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
    «Мия тамырына қатысты Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифіне және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 17 желтоқсандағы № 300 шешімі 2-тармағының
    «а» тармақшасы.

  12. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
    «Шайыртасқа қатысты Кеден одағының сыртқы экономикалық
    қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифіне, Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешімінің жобасын мақұлдау туралы» 2014 жылғы 14 сәуірдегі
    № 53 шешімінің 3-тармағы «а» тармақшасының екінші және үшінші абзацтары.

  13. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.6-бөліміне өзгеріс енгізу туралы» 2014 жылғы 3 маусымдағы № 82 шешімі.

  14. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының өзгеруіне байланысты Кеден одағы комиссиясының кейбір шешімдеріне және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 25 маусымдағы № 94 шешімінің 3-тармағы.

  15. Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Азаматтық авиация мен азаматтық әуе кемелеріне арналған жекелеген тауарлар түрлеріне қатысты Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифіне, Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешімінің жобасын мақұлдау туралы» 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 214 шешіміне № 4 қосымша).

  16. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.7-бөліміне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы
    24 желтоқсандағы № 247 шешімі.

  17. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.8-бөліміне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы
    24 желтоқсандағы № 248 шешімі.

Каталог: docs -> kk-kz
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
kk-kz -> Еуразиялық экономикалық комиссия кеңес шешім
kk-kz -> Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Ө к І м 2015 жылғы «06» қазан №109
kk-kz -> Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Өкім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет