№30 Мәскеу қаласы Тарифтік емес реттеу шаралары туралы


Шифрлау (криптографиялық) құралдарының және оларды қамтитын тауарлардың сипаттамалары туралы нотификациялардың



бет44/45
Дата15.04.2018
өлшемі7,82 Mb.
#40166
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

Шифрлау (криптографиялық) құралдарының және оларды қамтитын тауарлардың
сипаттамалары туралы нотификациялардың


Б І Р Ы Ң Ғ А Й Т І З І Л І М І



Нотификацияның нөмірі

Тауардың атауы

Тауарды дайындаушы

Нотификацияны жариялау күні

Қолданылу мерзімі

Сәйкестендіргіш

Мәртебесі*

Күшін жою күні

1

2

3

4

5

6

7

8



_________________

* Бағанда мынадай жазба жасалады: «қолданыста» немесе «күші жойылды». 7-бағанға «күші жойылды» деген жазба енгізілген жағдайда,


8-бағанда бұл жазбаның осы тізілімге енгізілген күні көрсетіледі. Бұл ретте позиция түспен (сұр түстес) боялып көрсетіледі.

__________________


Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге
№ 2 ҚОСЫМША

Шифрлау (криптографиялық) құралдарының және
оларды қамтитын тауарлардың сипаттамалары
туралы нотификация жөніндегі


Е Р Е Ж Е



  1. Осы Ереже:

а) шифрлау (криптографиялық) құралдарының және оларды қамтитын тауарлардың техникалық және криптографиялық сипаттамалары туралы нотификацияны (бұдан әрі - нотификация) толтыру мен ресімдеу;

б) нотификацияны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензияларды келісуге, қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) беруге және нотификацияларды тіркеуге уәкілетті (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекет, келісуші орган), осы мемлекеттің мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік билік органына ұсыну;

в) келісуші органдардың тіркелген нотификациялар туралы ақпаратты қалыптастыру және Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) ұсыну;

г) шифрлау (криптографиялық) құралдарының және оларды қамтитын тауарлардың сипаттамалары туралы бірыңғай нотификациялар тізілімін (бұдан әрі – бірыңғай нотификациялар тізілімі) Одақтың «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтында (бұдан әрі тиісінше – Интернет желісі, Одақтың ресми сайты) жариялау;

д) нотификацияның күшін жою тәртібін белгілейді.

2. Нотификация Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 9 қосымша) № 3 қосымшада көзделген нысан бойынша толтырылады.

Нотификация орыс тілінде толтырылады. Технологиялардың, хаттамалардың, криптографиялық алгоритмдердің және олардың жалпыға бірдей танылған аббревиатураларының атауларын, тауар дайындаушының деректемелерін латын әріптерімен жазуға жол беріледі.

3. Нотификацияны тауарды дайындаушы немесе тауарды дайындаушы уәкілеттік берген тұлға (бұдан әрі – өтініш берушілер) дайындаушының өз дәлелдемелерінің негізінде бір рет ресімдейді.

Өтініш беруші нотификацияның 1 – 9-тармақтарын толтырады.

4. Нотификацияда құрамында бір ғана криптографиялық алгоритмді іске асыратын, жұмыс істеуші криптографиялық кілттің ең жоғары жол берілетін ұзындығы бірдей болатын, бір ғана криптографиялық кілтті және бір ғана кіру реттілігін енгізу кезінде бір ғана шығу реттілігін қамтамасыз ететін функционалдық мүмкіндіктердің бірдей жиынтығына ие ұқсас шифрлау (криптографиялық) құралдары бар бір типті тауар не бір типтес тауарлар тобы (функционалды түрде аяқталған тауарлар) туралы ақпарат мәлімделуі мүмкін.

5. Нотификацияның 1-тармағында құрамында ұқсас шифрлау (криптографиялық) құралдары бар тауардың не бір типтес тауарлар тобының сауда, коммерциялық немесе өзгедей дәстүрлі атауы (нақты атаулары тізбеленіп), сондай-ақ тауар белгілері, маркалары, модельдері, артикулдары, стандарттары мен өзге де техникалық және коммерциялық сипаттамалары туралы мәліметтер көрсетіледі.

Бағдарламалық қамтылым үшін нұсқасы көрсетіледі.

Тауардың атауына «және оның қосалқы бөлшектері» деген сөздерді қосуға да жол беріледі.

Бір типтес тауарлар тобындағы тауардың әрбір атауы жаңа жолдан көрсетіледі. Тауардың атауынан кейін ескертулерді (келтірілетін белгілеулер үшін) жаңа жолдан көрсетуге жол беріледі.

6. Нотификацияның 2-тармағында тауардың сипаттамасы мен мақсаты, сондай-ақ осындай тауарда пайдаланылатын шифрлау (криптографиялық) функцияларының мақсаты көрсетіледі.

7. Нотификацияның 3-тармағында тауарды дайындаушы заңды тұлғаның атауы мен мекенжайы, оның бас офисі орналасқан жер, телефон мен факс нөмірлері, электрондық поштасының және Интернет желісіндегі ресми сайтының (бар болса) мекенжайлары көрсетіледі.

8. Нотификацияның 4-тармағында мынадай мәліметтер көрсетіледі:

пайдаланылатын шифрлау (криптографиялық) хаттамалардың атаулары;

тауарда пайдаланылатын криптографиялық алгоритмдердің (функциялардың) атаулары мен мақсаты, барлық пайдаланылатын криптографиялық кілттердің ең жоғары ұзындықтары;

бағдарламалық қамтылымның атауы мен нұсқасы;

дайындаушының техникалық жағдайларына сәйкес күшейту және ретрансляциялау қолданылмай сымсыз әрекет етудің ең жоғары ұзақтығы (криптографиялық алгоритм (функция) сымсыз радиоэлектрондық жабдықта пайдаланылған жағдайда);

дайындаушы бұғаттап тастаған шифрлау (криптографиялық) функциясы.

Тауарда пайдаланылатын шифрлау (криптографиялық) хаттамалары мен алгоритмдерінің атаулары әрбір нақты функцияны орындау үшін жеке-жеке көрсетіледі.

Криптографиялық алгоритмдерді (функцияларды) сипаттау кезінде оң жақта арнайы бөлінген ұяшықта Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы


21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 9 қосымша) № 4 қосымшаның тиісті тармағының нөмірі (санат нөмірі) көрсетіледі.

9. Нотификацияның 5-тармағында мыналар:

а) тауардың декларацияланбаған функционалдық мүмкіндіктері (бар болса), оларды пайдалану кезінде мынадай жағдайлар:

өңделетін ақпараттың құпиялылығын, қолжетімділігін немесе тұтастығын бұзу;

аутентификациялау процестерін бұзу;

электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) пайдалану тетігіне араласу орын алуы мүмкін;

б) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін мүмкіндіктің болуы немесе болмауы («полициялық» режим) көрсетіледі.

10. Нотификацияның 6-тармағында нотификация қолданысының аяқталу күні көрсетіледі, дайындаушы сол күнге дейін шифрлау (криптографиялық) функцияларының КК.АА.ЖЖЖЖ форматында өзгеріссіз қалуына кепілдік береді.

11. Нотификацияның 7-тармағында:

заңды тұлғалар үшін – атауы, оның бас офисі орналасқан жер, телефон мен факс нөмірлері, электрондық поштасының және Интернет желісіндегі ресми сайтының (бар болғанда) мекенжайлары, сондай-ақ нотификацияны ресімдеуге уәкілеттік берілген адамның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты;

жеке тұлғалар үшін – адамның тегі, аты және әкесінің аты, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі.

Мүше мемлекеттің өтініш берушісі мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оны тіркеу туралы мәліметтерді (тіркеуші органның атауы, тіркелген күні, тіркеу нөмірі, сәйкестендіру нөмірі) де көрсетеді.

12. Нотификацияның 8-тармағында нотификацияны ресімдеуге өкілеттіктерді куәландыратын құжаттың (сенімхат, шарт (келісімшарт) және т.б.) деректемелері (күні мен нөмірі) көрсетіледі (нотификацияны уәкілетті тұлға ресімдеген жағдайда толтырылады).

13. Нотификацияның 9-тармағында нотификацияны толтыру күні КК.АА.ЖЖЖЖ форматында көрсетіледі.

14. Нотификацияны ресімдеуге уәкілеттік берілген тұлға қолтаңбасын ашып көрсете отырып, нотификацияға қол қояды және ол мөр бедерімен (бар болса) расталады.

15. Өтініш беруші ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.

16. Нотификация бланкісіне барлық ақпарат сыймаған жағдайда мұндай ақпараттың бір бөлігі бланкінің және әрбір қосымша парақтың артқы бетінде көрсетіледі, бұл ретте өтініш беруші нотификацияның әрбір парағына қол қойып, ол мөр бедерімен (бар болса) расталады.

17. Нотификацияның 1 – 8-тармақтарын толтыруға және оны электрондық түрде қалыптастыруға арналған бағдарламалық қамтылым Одақтың ресми сайтында орналастырылады және өтініш берушіге:

а) нотификация нысанын осы Ережеге сәйкес толтыруға;

б) нотификацияның баспа нысанын қалыптастырып, оны басып шығаруға;

в) № 1 қосымшаға сәйкес деректер файлының құрылымына сай нотификацияның электрондық көшірмесін қалыптастыруға;

г) нотификацияның қалыптастырылған баспа нысанын және электрондық көшірмесін файлда сақтауға мүмкіндік беруге тиіс.

18. Нотификацияны тіркеу үшін өтініш беруші келісуші органға ілеспе хатпен бірге берілетін жинақта мынадай құжаттарды:

а) нотификацияның осы Ережеге сәйкес ресімделген 2 данасын;

б) осы Ережеге № 1 қосымшада көзделген деректер файлының құрылымына сәйкес электрондық ақпарат жеткізгіштегі (компакт-диск, флеш-жад) нотификацияның электрондық көшірмесін;

в) дайындаушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған (заңдастырылған), тұлғаның нотификацияны ресімдеуге өкілеттіктерін растайтын құжатты ұсынады. Аталған құжат шет тілде толтырылған жағдайда құжаттың түпнұсқасына (нотариат растаған көшірмесіне) мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған, мүше мемлекеттің келісуші органы нотификацияны тіркеуді жүзеге асыратын оның мемлекеттік тіліне аудармасы қоса беріледі.

19. Нотификацияны үшінші елдің дайындаушы ұйымы болып табылатын өтініш беруші ресімдеген жағдайда нотификация заңдастырылуға тиіс.

20. Нотификация және құжаттар мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.

Егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, құжаттарды өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (электрондық қолтаңбасы) қойылған сканерленген құжаттар түрінде ұсынуға жол беріледі.

21. Келісуші орган құжаттар нотификацияны тіркеуге берілген күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей, нотификацияны тіркеуді (тіркеуден бас тартуды) жүзеге асырады және Комиссияға № 2 қосымшаға сәйкес деректер файлының құрылымына сай тіркелген нотификациялар туралы мәліметтер ұсынады.

Келісуші органдар тіркелген және күші жойылған нотификациялар туралы мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жауапты болады.

22. Комиссия тіркелген нотификациялар туралы мәліметтерді алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, оларды Одақтың ресми сайтында жарияланатын бірыңғай нотификациялар тізіліміне енгізеді.

Нотификация оның тіркелгені туралы мәліметтер бірыңғай нотификациялар тізіліміне енгізілген күннен бастап қолданылады.

23. Нотификацияны тіркеу (нотификацияны тіркеуден бас тарту) және келісуші органда тіркелген нотификациялар туралы мәліметтерді бірыңғай нотификациялар тізіліміне енгізу мерзімі нотификацияны тіркеуге арналған құжаттар келісуші органға берілген күннен бастап


10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

24. Комиссия тіркелген және күші жойылған нотификациялар туралы Одақтың ресми сайтында орналастырылған мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жауапты болады.

25. Одақтың ресми сайтында пайдаланушыларға тіркелген нотификациялар туралы мәліметтерді қарау және іздеу мүмкіндігі беріледі.

26. Нотификацияны тіркеуге арналған құжаттар берілген күннен бастап нотификация тіркелгенге дейінгі аралықта өтініш беруші осы өзгерістерге нотификацияны ресімдеуге уәкілеттік берілген адамның визасын ала отырып, нотификацияға өзгерістер енгізе алады, бұл ретте нотификацияны тіркеу үшін белгіленген мерзімнің өтуі нотификацияға өзгерістер енгізілген күннен бастап жаңадан басталады.

27. Нотификацияны тіркеу үшін ұсынылған құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда келісуші орган нотификацияны тіркеуден бас тартады.

28. Келісуші орган мынадай жағдайларда нотификацияның күшін жою туралы шешім қабылдауға құқылы:

а) себептерін көрсете отырып, өтініш берушінің келісуші органға нотификацияның қолданысын тоқтату туралы өтініш беруі;

б) келісуші органның нотификацияда көрсетілген анық емес немесе толық емес ақпаратты анықтауы;

нотификацияда көрсетілмеген шифрлау (криптографиялық) функцияларының анықталуы не шифрлау (криптографиялық) функциялары параметрлерінің нотификацияда көрсетілгеннен өзгеше болуы.

29. Нотификацияның күші жойылған жағдайда келісуші орган


ол жөнінде 3 жұмыс күні ішінде Комиссияға хабарлайды.

30. Нотификацияның қолданылуы оның күші жойылғаны туралы мәліметтер бірыңғай нотификациялар тізіліміне енгізілген күннен бастап немесе оның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап тоқтатылады.


____________

Шифрлау (криптографиялық) құралдарының және оларды қамтитын тауарлардың сипаттамалары туралы нотификация жөніндегі ережеге


№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің
келісуші органына ұсынылатын нотификациялар
туралы деректер файлының құрылымы

Нотификациялар туралы деректер файлы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің келісуші органына *.xls. форматында ұсынылуға тиіс. Аталған файл құрылымының сипаттамасы кестеде келтірілген.




Құрылым элементінің атауы

Жолдың типі

Мағыналық мазмұны

Міндеттілік

1. Нөмірі* символдық тіркеу нөмірі жоқ


2. Тауардың атауы символдық тауардың атауы иә
3. Тауарды символдық тауарды дайындаушы иә

дайындаушы


4. Нотификацияның КК.АА.ЖЖЖЖ нотификацияның жоқ

тіркелген күні* форматындағы күн тіркелген күні


5. Қолданылу КК.АА.ЖЖЖЖ нотификацияның иә

мерзімі форматындағы күн қолданылу мерзімі


6. Мәртебесі* логикалық нотификация мәртебесінің жоқ

мәндері: қолданыста/күші

жойылған
7. Сәйкестендіргіш** символдық тауар сәйкестендіргіші иә

(12 мәндік код)


____________

*Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің келісуші органы толтырады.

** Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 9 қосымша) № 3 қосымшада көзделген нысан бойынша нотификацияның 4-тармағына енгізілген мәліметтердің негізінде толтырылады.

Көрсеткіштің мәні 12 белгіден құралады, олардың әрқайсысы Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 9 қосымша) № 4 қосымшада көзделген шифрлау (криптографиялық) құралдары болып табылатын немесе құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдары бар, техникалық және криптографиялық сипаттамалары нотификациялауға жататын тауарлар санаттары тізбесінің реттік нөміріне сәйкес келеді. Егер сәйкестендіргіш символының реттік нөмірінің мәні аталған тізбенің тармағы нөмірінің мәніне тең болса, онда символға бірлік мәні, ал өзгеше жағдайда – нөл мәні беріледі.

______________

Шифрлау (криптографиялық) құралдарының және оларды қамтитын тауарлардың сипаттамалары туралы нотификация жөніндегі ережеге


№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің
келісуші органы Еуразиялық экономикалық комиссияға
ұсынатын тіркелген нотификациялар туралы
деректер файлының құрылымы

Тіркелген нотификациялар туралы деректер файлын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің келісуші органы Еуразиялық экономикалық комиссияға *.xls. форматында ұсынады. Аталған файл құрылымының сипаттамасы кестеде келтірілген.

Тіркелген нотификациялар туралы деректер файлы Еуразиялық экономикалық комиссияға деректер соңғы рет ұсынылған күннен бастап тіркелген және күші жойылған нотификациялар туралы мәліметтерді қамтиды және оның мынадай атауы болуға тиіс:

nXX_DD_MM_YYYY. хls,

онда:

n – осы файлдың тіркелген нотификациялар туралы деректер


файлы болып табылатынын көрсететін элемент;

XX – әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің коды


(АМ – Армения Республикасы, BY – Беларусь Республикасы,
KZ – Қазақстан Республикасы, RU – Ресей Федерациясы);

DD_MM_YYYY – файлды Еуразиялық экономикалық комиссияға жөнелту күні. Мысалы, Ресей Федерациясының келісуші органы жіберетін 2015 жылғы 15 наурызда тіркелген нотификациялар туралы деректер файлының атауы мынадай болуға тиіс: nRU_15_03_2015. xls.




Құрылым элементінің атауы

Жолдың типі

Мағыналық мазмұны

Міндеттілік

1. Нөмірі символдық, тіркеу нөмірі, иә

ХХNNNNNNNNNN Жолдың мәні бірегей

форматында, болуға тиіс

онда:

ХХ - әлем елдерінің



сыныптауышына

сәйкес елдің коды


2. Тауардың атауы символдық тауардың атауы иә
3. Тауарды символдық тауарды дайындаушы иә

бас дайындаушы


4. Нотификацияның КК.АА.ЖЖЖЖ нотификацияның иә

тіркелген күні форматындағы күн тіркелген күні


5. Қолданылу КК.АА.ЖЖЖЖ нотификацияның иә

мерзімі форматындағы күн қолданылу мерзімі


6. Сәйкестендіргіш символдық тауар сәйкестендіргіші иә

(12 мәндік код)


7. Мәртебесі логикалық нотификация мәртебесінің иә

мәндері: қолданыста/күші

жойылған
8. Күші жойылған КК.АА.ЖЖЖЖ нотификацияның күші иә

күн форматындағы күн жойылған күн (күші жойылған

жағдайда)

____________

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге
№ 3 ҚОСЫМША
Шифрлау (криптографиялық) құралдарының және
оларды қамтитын тауарлардың сипаттамалары туралы


Н О Т И Ф И К А Ц И Я Н Ы С А Н Ы
20___ ж. «___» __________ тізілімде тіркелген № __________
М.О. ________________________ _______________

(келісуші органның лауазымды (Т.А.Ә.)

адамының қолы)

_________________________________________________________________________________


_________________________________________________________ сипаттамалары туралы

(шифрлау (криптографиялық) құралдарының және (немесе)

оларды қамтитын тауарлардың – керегін көрсету қажет)
НОТИФИКАЦИЯ
1. Тауардың атауы ___________________________________________________________

___________________________________________________________________________


2. Тауардың мақсаты _________________________________________________________

___________________________________________________________________________


3. Тауарды дайындаушы туралы мәліметтер _____________________________________

___________________________________________________________________________


4. Пайдаланылатын криптографиялық алгоритмдер № 4 қосымшадағы

(функциялар) және олардың мақсаты: санаттың №


а) _______________________________________________________________

_________________________________________________________________

б) ______________________________________________________________

_________________________________________________________________

в) _______________________________________________________________

_________________________________________________________________


5. Тауарда пайдаланушыға берілетін пайдалану құжаттамасында сипатталмаған функционалдық мүмкіндіктердің болуы ________________________________________

___________________________________________________________________________


6. Нотификацияның қолданылу мерзімі ___/___/_________
7. Өтініш беруші туралы мәліметтер ___________________________________________

___________________________________________________________________________


8. Тұлғаның нотификацияны ресімдеуге өкілеттіктерін куәландырған дайындаушының құжаты туралы мәліметтер (қажет болғанда) ____________________________________

___________________________________________________________________________


9. Нотификацияны толтыру күні ___/___/_________
Нотификацияға енгізілген мәліметтердің анықтығы мен толықтығын растаймын:
М.О. _________________________ _________________

(өтініш берушінің қолы) (Т.А.Ә.)


___________

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге


№ 4 ҚОСЫМША

Шифрлау (криптографиялық) құралдары болып табылатын
немесе құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдары бар, техникалық және криптографиялық сипаттамалары нотификациялауға жататын тауарлар санаттарының


Т І З Б Е С І


  1. Құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдары бар, мыналардың кез келгені оның құрамдас бөлігі болатын тауарлар:

  1. ұзындығы 56 биттен аспайтын криптографиялық кілтті пайдаланатын симметриялық криптографиялық алгоритм;

  2. мынадай әдістердің кез келгеніне негізделген асимметриялық криптографиялық алгоритм:

мөлшері 512 биттен аспайтын тұтас сандардың көбейткіштеріне ыдырау;

мөлшері 512 биттен аспайтын түпкілікті жолдың мультипликативтік тобындағы дискреттік логарифмдерді есептеу;

осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген жолдан ерекшеленетін, мөлшері 112 биттен аспайтын түпкілікті жолдың тобындағы дискреттік логарифм.

Ескерту: 1.Жұптық биттер кілттің ұзындығына енгізілмейді.

2. «Криптография» термині деректерді сығымдаудың немесе

кодтаудың тіркелген әдістеріне жатпайды.


2. Құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдары бар, мынадай шектеулі функцияларға ие тауарлар:

1) парольдерді қорғаумен тікелей байланысты болатын шифрлауды, дербес сәйкестендіру нөмірлерін немесе рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғауға арналған сол сияқты деректерді қоспағанда, файлдарды немесе мәтіндерді шифрлау болмайтын қол жеткізуді бақылаудың барлық аспектілерін қамтитын аутентификация;

2) электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық қолтаңба).
Ескерту: Аутентификация және электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық

қолтаңба) функциялары солармен байланысты болатын, кілттерді бөлу

функциясын қамтиды.
3. Бағдарламалық операциялық жүйелердің құрамдастары болып табылатын, криптографиялық мүмкіндіктерін пайдаланушылар өзгерте алмайтын, жеткізушінің одан әрі елеулі қолдауынсыз пайдаланушының дербес орната алуы үшін әзірленген және техникалық құжаттамасы (криптографиялық түрленулер алгоритмдерінің сипаттамасы, өзара
іс-қимыл хаттамалары, интерфейстер сипаттамасы және т.б.) пайдаланушыға қолжетімді болып табылатын шифрлау (криптографиялық) құралдар.

4. Дербес смарт-карталар (интелектуалды карталар):

1) криптографиялық мүмкіндіктері оларды осы тізбенің
5 – 8-тармақтарында көрсетілген тауарлар (өнімдер) санаттарында пайдаланумен шектелген;

2) кеңінен жалпыға қолжетімді түрде қолдануға арналған, криптографиялық мүмкіндіктері пайдаланушыға қолжетімсіз болатын және арнайы әзірлеудің нәтижесінде сонда сақталатын дербес ақпаратты қорғаудың шектелген мүмкіндіктері бар.

Ескерту: Егер дербес смарт-карталар (интелектуалды карта) бірнеше

функцияларды жүзеге асыра алатын болса, әрбір функцияның бақылау

мәртебесі жеке-жеке айқындалады.
5. Шифрлауды тек қана бейне- немесе аудиоарналарды басқару, шоттарды жөнелту немесе бағдарламамен байланысты ақпаратты тарату провайдерлеріне қайтару үшін пайдалану жағдайларын қоспағанда, радиохабар таратуға, коммерциялық теледидарға арналған қабылдау аппаратурасы немесе цифрлық сигналды шифрлаусыз шектеулі аудиторияға таратуға арналған осыған ұқсас коммерциялық аппаратура.

6. Криптографиялық мүмкіндіктері пайдаланушыға қолжетімсіз болатын, арнайы әзірленген және мынадай тәсілдердің кез келгенімен:

1) бағдарламалық қамтылымның көшіруден қорғалған түрде орындалуымен;

2) мыналардың кез келгеніне:

оқу үшін қолжетімді болатын электрондық ақпарат тасығышында ғана сақталатын, көшіруден қорғалған құрауышына;

электрондық ақпарат тасығыштарда шифрланған нысанда сақталатын, тұрғындарға ұқсас жинақтарда сатуға ұсынылатын


ақпаратқа қол жеткізумен;

  1. авторлық құқықтармен қорғалған аудио- және бейнеақпаратты көшіруді бақылаумен қолдануға шектеулі болатын жабдық.

7. Арнайы әзірленген және банктік немесе қаржылық операциялар үшін қолданылуы шектелген шифрлау (криптографиялық) жабдығы.

Ескерту: Қаржылық операциялар көліктік қызмет көрсетулер үшін алымдар мен

төлемдерді және несиелендіруді де қамтиды.
8. Өтпелі шифрлауға (абоненттен абонентке дейін) қабілетсіз, азаматтық мақсаттағы портативтік немесе мобильдік радиоэлектрондық құралдар (мысалы, коммерциялық азаматтық жүйелерде ұялы радиобайланысты пайдалануға арналған).

9. Ақпаратты шифрлауды өндірушінің техникалық жағдайларына сәйкес күшейту және ретрансляциялау қолданылмай сымсыз әрекет етудің ең жоғары ұзақтығы 400 метрден кем болатын радиоарнада ғана жүзеге асыратын сымсыз радиоэлектрондық жабдық.

10. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің технологиялық арналарын және байланыс желілерін қорғау үшін пайдаланылатын шифрлау (криптографиялық) құралдары.

11. Криптографиялық функциясын өндіруші бұғаттап тастаған тауарлар.

12. Осы тізбенің 1 – 11-тармақтарында көрсетілгендерден ерекшеленетін шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын және мынадай өлшемдерге сәйкес келетін:

1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тұрғындарға мынадай тәсілдің кез келгені:

қолма-қол ақшаға сату;

тауарларға пошта арқылы тапсырыс беру жолымен сату;

электрондық мәмілелер;

телефон тапсырыстары бойынша сату арқылы бөлшек сауда орындарында қолда бар ассортименттен шектеусіз сату үшін жалпыға қолжетімді болатын;

2) пайдаланушы шифрлау (криптографиялық) функционалдық мүмкіндіктерін қарапайым тәсілмен өзгерте алмайтын;

3) жеткізушінің одан әрі елеулі қолдауынсыз пайдаланушының орната алуы үшін әзірленген;

4) тауарлардың осы тармақтың 1 – 3-тармақшаларының талаптарына сай келетінін растайтын техникалық құжаттаманы дайындаушы еркін түрде қолжетімді етіп орналастырған және қажет болған кезде дайындаушы (ол уәкілеттік берген тұлға) келісуші органға оның сұрау салуы бойынша ұсынатын өзге де тауарлар.
______________
Еуразиялық экономикалық

комиссия Алқасының

2015 жылғы 21 сәуірдегі

№ 30 шешіміне


№ 10 ҚОСЫМША


Каталог: docs -> kk-kz
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
kk-kz -> Еуразиялық экономикалық комиссия кеңес шешім
kk-kz -> Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Ө к І м 2015 жылғы «06» қазан №109
kk-kz -> Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Өкім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет