№30 Мәскеу қаласы Тарифтік емес реттеу шаралары туралы



бет41/45
Дата15.04.2018
өлшемі7,82 Mb.
#40166
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Адамның органдары мен тіндерін, қан мен оның компоненттерін, адамның биологиялық материалдарының үлгілерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы

ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада көзделген (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық туралы шартқа № 7 қосымша) Үшінші елдермен жасалатын саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесінің 2.21-бөліміне енгізілген адамның органдары мен тіндерін, қан мен оның компоненттерін, адамның биологиялық материалдарының үлгілерін (бұдан әрі тиісінше – адамның органдары мен тіндері, қан мен оның компоненттері, бірыңғай тізбе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (бұдан әрі – Одақ, әкелу) және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі – әкету) тәртібін айқындайды.

2. Осы Ереженің мақсаты үшін пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:

«адамның биологиялық сұйықтықтары» – адам ағзасынан шығатын сұйықтықтар, оларға оның ішінде амниоттық сұйықтық, ірің, қан, лимфа, қақырық, өт, уыз, несеп, қуық асты безінің сөлі, шырышты қабық сілемейі, синовиалды сұйықтық, шәуһет. жұлын-ми сұйықтығы, тін сұйықтығы, плевралды сұйықтық, мұрын сілемейі, тер, транссудат, құлақ құлығы және экссудат жатады;

«адамның биологиялық материалдарының үлгілері» – диагностикалық және ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын, зерттеулер сапасына сыртқы бақылау жүргізуге, оның ішінде референс-зерттеулер жүргізуге арналған немесе биомедициналық және (немесе) клиникалық зерттеулер жүргізу процесінде алынған адамның жасушаларының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтарының, сөлдердің, адамның тіршілік ету өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілері.

Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) және Одақтың құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.

3. Адамның органдары мен тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелу және (немесе) әкету осы Ереженің 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша жасалған қорытынды (рұқсат беру құжаты) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.

4. Жеке тұлғалардың адамның биологиялық материалдарының үлгілерін қоспағанда, адамның органдары мен тіндерін, қан мен оның компоненттерін жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелуіне және (немесе) әкетуіне тыйым салынады.

Жеке тұлғалардың адамның биологиялық материалдарының үлгілерін жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелуі және (немесе) әкетуі қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.


ІІ. Кедендік рәсімдерге орналастыру
5. Бірыңғай тізбенің 2.21-бөліміне енгізілген, адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, туыстас емес транспланттау жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лифоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды қоспағанда, адамның органдары мен тіндерін, қан мен оның компоненттерін экспорттың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастыру Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) кеден органына лицензия ұсынған кезде жүзеге асырылады.

Бірыңғай тізбенің 2.21-бөліміне енгізілген адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, туыстас емес транспланттау жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лифоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды экспорттың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

6. Адамның органдары мен тіндерін, қан мен оның компоненттерін кедендік аумақта қайта өңдеудің, кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

7. Адамның органдары мен тіндерін, қан мен оның компоненттерін осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген кедендік рәсімдер әрекеттерін аяқтау мақсатында кері экспорттың және кері импорттың кедендік рәсімдеріне орналастыру адамның органдары мен тіндерін, қан мен оның компоненттерін осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген кедендік рәсімдерге орналастыру үшін мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.

8. Мүше мемлекеттің кеден органына лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсыну адамның органдары мен тіндерін, қан мен оның компоненттерін:

а) кедендік транзиттің және жоюдың кедендік рәсімдеріне;

б) бұрын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылғандарға немесе бұрын тиісінше экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес әкетілгендерге қатысты – кері экспорттың немесе кері импорттың кедендік рәсімдеріне орналастыру жағдайларында талап етілмейді.

9. Адамның органдары мен тіндерін, қан мен оның компоненттерін кедендік қойманың, уақытша әкелудің (рұқсат берудің), уақытша әкетудің, мемлекет пайдасы үшін бас тартудың, еркін кеден аймағының, еркін қойманың және бажсыз сауданың кедендік рәсімдеріне орналастыруға жол берілмейді.


ІІІ. Лицензия беру
10. Лицензияны ресімдеу үшін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) аумағында өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру Қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық туралы шартқа № 7 қосымша) (бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.

11. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылуға тиіс.

12. Егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензия беру туралы шешімді осы мүше мемлекеттің басқа мемлекеттік билік органымен (бұдан әрі – келісуші орган) келісу бойынша уәкілетті орган қабылдайтын жағдайда, онда мұндай келісу осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Өтініш беруші, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, келісуші органға осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Келісу қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

13. Уәкілетті орган адам органдарының экспортына және (немесе) импортына арналған лицензияларды – өтініш беруші құжаттарды берген күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде, адам тіндерінің, қан мен оның компоненттерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензияларды өтініш беруші құжаттарды берген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде береді.

14. Қағидалардың 14-тармағының 1 – 4) тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде, сондай-ақ Қағидалардың 14-тармағының 6-тармақшасына сәйкес – келісуші орган лицензия беруге арналған өтінішті келісуден бас тартқан жағдайда, лицензия беруден бас тартылады.
IV. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру
15. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік билік органы (бұдан әрі – мүше мемлекеттің қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруге уәкілеттік берілген орган) осы мемлекеттің заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

16. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) мүше мемлекеттің қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруге уәкілеттік берілген органына мынадай құжаттар мен мәліметтерді:

а) өтініш беруші:

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне берілетін қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқамаларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;

Қағидалардың 10-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді;

шарттың (келісімшарттың) көшірмесін, ал шарт (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың көшірмесін;

зерттеулер сапасына сыртқы бақылау жүргізу үшін, оның ішінде референс-зерттеулер жүргізу үшін осындай үлгілерді алып өту жағдайларын қоспағанда, адамның биологиялық материалдарының үлгілерін алып өтуге пациенттің немесе оның заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімін;

мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттарды;

б) жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде адамның биологиялық материалдарының үлгілерін алып өту кезінде жеке тұлға:

осы тармақтың «а» тармақшасының екінші абзацында көрсетілген әдістемелік нұсқамаларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;

егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін немесе жеке басын куәландыратын құжаттардан мәліметтерді (сериясы, нөмірі, қашан және кім берді, жеке нөмірі (ол болған кезде), тұрғылықты жерінің мекенжайы);

адамның биологиялық материалдарының үлгілерін алып өтуге пациенттің немесе оның заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімін ұсынған кезде беріледі.

17. Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруден мынадай негіздер болған кезде:

а) осы Ереженің 16-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаса;

б) қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін ұсынылған құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер болса;

в) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де негіздер болған кезде бас тартылады.

18. Бірыңғай тізбенің 2.21-бөліміне енгізілген туыстас емес транспланттау жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін және донорлық лифоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды әкелуге және (немесе) әкетуге берілетін қорытынды (рұқсат беру құжаты) Одақтың кедендік шекарасы арқылы алып өтілетін санына қарамастан, 1 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

19. Өтініш берушілер мүше мемлекеттің қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруге уәкілеттік берілген органын бірыңғай тізбенің 2.21-бөліміне енгізілген туыстас емес транспланттау жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін және донорлық лифоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды әкелудің және (немесе) әкетудің жүзеге асырылғаны туралы алып өту жүзеге асырылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

20. Диагностикалық және ғылыми мақсаттар үшін адамның биологиялық материалдарының үлгілерін алып өтуге берілетін қорытынды (рұқсат беру құжаты) Одақтың кедендік шекарасы арқылы алып өтілетін санына қарамастан, 1 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Еуразиялық Экономикалық комиссия

Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі

№ 30 шешіміне


№ 4 ҚОСЫМША

Минералдық шикізатты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы

ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада көзделген (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық туралы шартқа № 7 қосымша) Үшінші елдермен жасалатын саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесінің 2.11-бөліміне енгізілген минералдық шикізатты (бұдан әрі – минералдық шикізат) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі тиісінше –Одақ, әкету) тәртібін айқындайды.

Минералдық шикізатқа Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесінің 2.4-бөліміне енгізілген минералогия бойынша коллекциялар мен коллекциялау заттары жатпайды.

2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық туралы шартқа № 7 қосымша) және Одақтың құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.

3. Минералдық шикізатты әкету осы Ереженің 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша жасалған қорытынды (рұқсат беру құжаты) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.

4. Жеке тұлғалардың минералдық шикізатты жеке пайдалануға арналған тауар ретінде әкетуіне тыйым салынады.
ІІ. Кедендік рәсімдерге орналастыру
5. Минералдық шикізатты экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) кеден органына лицензия ұсынған кезде жүзеге асырылады.

6. Минералдық шикізатты кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

7. Минералдық шикізатты ішкі кеден органынан Одақтың кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін кедендік транзиттің және кері экспорттың кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсынбай жүзеге асырылады.

8. Минералдық шикізатты уақытша әкетудің және бажсыз сауданың кедендік рәсімдеріне орналастыруға жол берілмейді.


ІІІ. Лицензия беру
9. Лицензияны ресімдеу үшін дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) аумағында өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру Қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық туралы шартқа № 7 қосымша) (бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ Қағидалардың 10-тармағының 6-тармақшасына сәйкес мынадай құжаттарды:

минералдық шикізатты өндіру заңдылығын куәландыратын, мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген құжаттардың көшірмелерін;

минералдық шикізатты иелену заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

Үшінші елдерден әкелінген минералдық шикізатты экспорттау кезінде өтініш беруші минералдық шикізатты айналысқа шығару жүзеге асырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесін немесе мүше мемлекет сотының Одақтың кедендік аумағында осы минералдық шикізаттың болу заңдылығын растайтын шешімін минералдық шикізатты өндіру және минералдық шикізатты иелену заңдылығын куәландыратын құжаттар ретінде ұсынады.

Минералдық шикізатты аумағында осы минералдық шикізат өндірілген мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан экспорттау кезінде өтініш беруші мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес аумағында осы минералдық шикізат өндірілген мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік билік органы (бұдан әрі – мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органы) берген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) минералдық шикізатты өндіру заңдылығын куәландыратын құжаттар ретінде ұсынады.

10. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылуға тиіс.

11. Егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензия беру туралы шешімді осы мүше мемлекеттің басқа мемлекеттік билік органымен (бұдан әрі – келісуші орган) келісу бойынша уәкілетті орган қабылдайтын жағдайда, онда мұндай келісу осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Өтініш беруші, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, келісуші органға осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте уәкілетті органға осы Ереженің 9-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар (осы Ереженің 9-тармағының төртінші және бесінші абзацтары ескеріле отырып) ұсынылмайды.

Келісу қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

12. Қағидалардың 14-тармағының 1 – 4-тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде, сондай-ақ Қағидалардың 14-тармағының 6-тармақшасына сәйкес – келісуші орган лицензия беруге арналған өтінішті келісуден бас тартқан жағдайда, лицензия беруден бас тартылады.


IV. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру
13. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органы осы мемлекеттің заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

14. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) өтініш беруші мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органына мынадай құжаттарды:

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне берілетін қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;

шарттың (келісімшарттың) көшірмесін, ал шарт (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың көшірмесін;

минералдық шикізатты өндіру заңдылығын куәландыратын, мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген құжаттардың көшірмелерін;

минералдық шикізатты иелену заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде беріледі.

Минералдық шикізатты аумағында осы минералдық шикізат өндірілген мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде өтініш беруші аумағында осы минералдық шикізат өндірілген мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органы берген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) минералдық шикізатты өндіру заңдылығын куәландыратын құжаттар ретінде ұсынады.

15. Осы Ереженің 9-тармағының бесінші абзацында көзделген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін өтініш беруші аумағында минералдық шикізат өндірілген мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органына мынадай құжаттарды:

а) осы Ереженің 14-тармағының екінші абзацында көзделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;

б) аумағында осы минералдық шикізат өндірілген сол мүше мемлекеттің сыртқы сауда қызметіне қатысушы тараптардың бірі болып табылатын сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында минералдық шикізатты сатып алу-сату шартының (келісімшарттың) көшірмесін ұсынады.

16. Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруден мынадай негіздер болған кезде:

а) өтініш беруші тиісінше осы Ереженің 14 және 15-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынбаса;

б) қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтер болса;

в) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де негіздер болған кезде бас тартылады.


Еуразиялық Экономикалық комиссия

Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі

№ 30 шешіміне
№ 5 ҚОСЫМША

Жабайы тірі жануарларды, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктерді және жабайы өсетін дәрілік шикізатты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы

ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада көзделген (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық туралы шартқа № 7 қосымша) Үшінші елдермен жасалатын саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесінің 2.6-бөліміне түрлері енгізілген тірі жануарларды, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктерді және жабайы өсетін дәрілік шикізатты (бұдан әрі – жабайы тірі жануарлар және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктер) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі тиісінше – Одақ, әкету) тәртібін айқындайды.

Егер бірыңғай тізбеде көрсетілген 2.6-бөлімге енгізілген жабайы тірі жануарлардың және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктердің түрі осы бірыңғай тізбенің 2.7-бөліміне де енгізілген жағдайда, тиісті жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді әкету 1973 жылғы 3 наурыздағы Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияда көзделген тәртіпке сәйкес лицензия ресімделмей жүзеге асырылады.

2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық туралы шартқа № 7 қосымша) және Одақтың құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.

3. Жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді әкету осы Ереженің 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша жасалған қорытынды (рұқсат беру құжаты) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.

Ғылыми мекемелердің жабайы тірі жануарлардың және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктердің үлгілерін ғылыми зерттеулер үшін әкетуі, сондай-ақ хайуанаттар бақтарының, питомниктердің және ботаникалық саябақтардың жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді айырбастау, сыйға тарту және гендік қорды толықтыру мақсатында әкетуі осы Ереженің 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.

4. Жеке тұлғалардың жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкетуі қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалардың бір түрі 3 данадан аспайтын жабайы тірі жануарлардың және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктердің жеке-дара үлгілерін, сондай-ақ салмағы 1 кг-дан аспайтын қабықтағы самырсын жаңғақтарын, салмағы 0,5 кг-дан аспайтын қабықсыз самырсын жаңғақтарын жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкетуі кезінде қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу талап етілмейді.

Жеке тұлғалардың бұрын Одақтың кедендік аумағына әкелінген жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкетуі Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) кеден органына Одақтың кедендік аумағына жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді әкелу кезінде ресімделген, олардың сәйкестендіру белгілерін (атауын, түрін, сондай-ақ жынысы мен жасын – жануарларға қатысты (осындай мәліметтер болған кезде) қамтитын кедендік жолаушы декларациясын ұсынған кезде жүзеге асырылады.

Көрсетілген кедендік жолаушы декларациясы болмаған жағдайда жеке тұлғалардың жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкетуі мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік билік органы (бұдан әрі – мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органы) берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) не осы органның тиісті жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) талап етілмейтіні туралы жазбаша хабарламасы болған кезде жүзеге асырылады.

ІІ. Кедендік рәсімдерге орналастыру


5. Жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензия ұсынған кезде, ал осы Ереженің 3-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларда – мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

6. Жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді уақытша әкетудің және кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

7. Жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді кері экспорттың және кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсынбай жүзеге асырылады.

8. Жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастыруға жол берілмейді.


ІІІ. Лицензия беру
9. Лицензияны ресімдеу үшін дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) аумағында өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру Қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық туралы шартқа № 7 қосымша) (бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.

Қағидалардың 10-тармағының 6) тармақшасына сәйкес өтініш беруші жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын құжаттарды да ұсынады.

Жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді аумағында осы жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде өтініш беруші аумағында осы жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органы берген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын құжаттар ретінде ұсынады.

Үшінші елдерден әкелінген жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді экспорттау кезінде жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді айналысқа шығару жүзеге асырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі немесе мүше мемлекет сотының осы жабайы тірі жануарлардың және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктердің Одақтың кедендік аумағында болу заңдылығын растайтын шешімі жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын құжаттар ретінде ұсынылады.

10. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылуға тиіс.

11. Егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензия беру туралы шешімді басқа мемлекеттік билік органымен (бұдан әрі – келісуші орган) келісу бойынша уәкілетті орган қабылдайтын жағдайда, онда мұндай келісу осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Өтініш беруші, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, келісуші органға осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте уәкілетті органға осы Ереженің 9-тармағының екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

Келісу қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

12. Қағидалардың 14-тармағының 1 – 4-тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде, сондай-ақ Қағидалардың 14-тармағының 6-тармақшасына сәйкес – келісуші орган лицензия беруге арналған өтінішті келісуден бас тартқан жағдайда, лицензия беруден бас тартылады.
IV. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру
13. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органы осы мемлекеттің заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

14. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органына мынадай құжаттар мен мәліметтерді:

а) өтініш беруші:

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне берілетін қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;

шарттың (келісімшарттың) көшірмесін, ал шарт (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың көшірмесін;

салық органында есепке қою туралы құжаттың көшірмесін;

жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын, осы Ереженің 10-тармағына сәйкес расталған құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде беріледі. Жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді аумағында осы жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде өтініш беруші аумағында жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органы берген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын құжаттар ретінде ұсынады.

Үшінші елдерден әкелінген жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді әкету кезінде жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді айналысқа шығару жүзеге асырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі немесе мүше мемлекет сотының осы жабайы тірі жануарлардың және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктердің Одақтың кедендік аумағында болу заңдылығын растайтын шешімі жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын құжаттар ретінде ұсынылады;

мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де құжаттарды;

б) жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкету кезінде жеке тұлға:

осы тармақтың «а» тармақшасының екінші абзацында көрсетілген әдістемелік нұсқамаларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;

егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін немесе жеке басын куәландыратын құжаттардан мәліметтерді (сериясы, нөмірі, кашан және кім берді, жеке нөмірі (ол болған кезде), тұрғылықты жерінің мекенжайы);

жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын, осы Ереженің 10-тармағына сәйкес расталған құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде беріледі. Жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді аумағында осы жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған, мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде жеке тұлға аумағында осы жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органы берген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын құжаттар ретінде ұсынады;

мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де құжаттарды ұсынған кезде беріледі.

15. Осы Ереженің 9-тармағының үшінші абзацында көзделген қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін аумағында жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органына мынадай құжаттар:

а) осы Ереженің 14-тармағы «а» тармақшасының екінші абзацында көрсетілген әдістемелік нұсқамаларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасы;

б) аумағында осы жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған сол мүше мемлекеттің сыртқы сауда қызметіне қатысушы тараптардың бірі болып табылатын сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді сатып алу-сату шартының (келісімшарттың) көшірмесі ұсынылады.

16. Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруден мынадай негіздер болған кезде:

а) тиісінше осы Ереженің 14 және 15-тармақтарында көзделген құжаттар ұсынылмаса;

б) қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін ұсынылған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтер болса;

в) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де негіздер болған кезде бас тартылады.

Еуразиялық Экономикалық комиссия

Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі

№ 30 шешіміне


№ 6 ҚОСЫМША

Каталог: docs -> kk-kz
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
kk-kz -> Еуразиялық экономикалық комиссия кеңес шешім
kk-kz -> Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Ө к І м 2015 жылғы «06» қазан №109
kk-kz -> Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Өкім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет