№30 Мәскеу қаласы Тарифтік емес реттеу шаралары туралы



бет42/45
Дата15.04.2018
өлшемі7,82 Mb.
#40166
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қызыл кітаптарына енгізілген жабайы тірі жануарлардың және жабайы өсетін өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін Еуразиялық экономикалық одақтың

кедендік аумағынан әкету туралы

ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада көзделген (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық туралы шартқа № 7 қосымша) Үшінші елдермен жасалатын саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесінің 2.8-бөліміне және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) қызыл кітаптарына енгізілген жабайы тірі жануарлардың және жабайы өсетін өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін (бұдан әрі – сирек кездесетін жабайы тірі жануарлар және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктер) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі тиісінше – Одақ, әкету) тәртібін айқындайды.

Егер бірыңғай тізбеде көрсетілген 2.8-бөлімге енгізілген сирек кездесетін жабайы тірі жануарлардың және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктердің түрі осы бірыңғай тізбенің 2.7-бөліміне де енгізілген жағдайда, тиісті сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді әкету 1973 жылғы 3 наурыздағы Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияда көзделген тәртіпке сәйкес лицензия ресімделмей жүзеге асырылады.

2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық туралы шартқа № 7 қосымша) және Одақтың құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.

3. Сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді әкету осы Ереженің 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша жасалған қорытынды (рұқсат беру құжаты) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.

4. Жеке тұлғалардың сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкетуі қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалардың бұрын Одақтың кедендік аумағына әкелінген, сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкетуі мүше мемлекеттің кеден органына Одақтың кедендік аумағына сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді әкелу кезінде ресімделген, олардың сәйкестендіру белгілерін (атауын, түрін, сондай-ақ жынысы мен жасын – жануарларға қатысты (осындай мәліметтер болған кезде) қамтитын кедендік жолаушы декларациясын ұсынған кезде жүзеге асырылады.

Көрсетілген кедендік жолаушы декларациясы болмаған жағдайда жеке тұлғалардың сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкетуі мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік билік органы (бұдан әрі – мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органы) берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) не осы органның тиісті сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) талап етілмейтіні туралы жазбаша хабарламасы болған кезде жүзеге асырылады.
ІІ. Кедендік рәсімдерге орналастыру
5. Сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензия ұсынған кезде жүзеге асырылады.

6. Сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді уақытша әкетудің және кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

7. Сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді кері экспорттың және кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсынбай жүзеге асырылады.

8. Сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастыруға жол берілмейді.


ІІІ. Лицензия беру
9. Лицензияны ресімдеу үшін дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) аумағында өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру Қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық туралы шартқа № 7 қосымша) (бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.

Қағидалардың 10-тармағының 6) тармақшасына сәйкес өтініш беруші сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын құжаттарды ұсынады.

Сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді аумағында осы сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған, мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде өтініш беруші аумағында осы сирек кездесетін жабайы тірі жануарлар және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктер дайындалған, жиналған, ауланған немесе ұстап алынған мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органы берген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын құжаттар ретінде ұсынады.

Үшінші елдерден әкелінген сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді экспорттау кезінде сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді айналысқа шығару жүзеге асырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі немесе мүше мемлекет сотының осы сирек кездесетін жабайы тірі жануарлардың және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктердің Одақтың кедендік аумағында болу заңдылығын растайтын шешімі сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын құжаттар ретінде ұсынылады.

10. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылуға тиіс.

11. Егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензия беру туралы шешімді осы мүше мемлекеттің басқа мемлекеттік билік органымен (бұдан әрі – келісуші орган) келісу бойынша уәкілетті орган қабылдайтын жағдайда, онда мұндай келісу осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Өтініш беруші, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, келісуші органға осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте уәкілетті органға осы Ереженің 9-тармағының екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

Келісу қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

12. Қағидалардың 14-тармағының 1 – 4-тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде, сондай-ақ Қағидалардың 14-тармағының 6) тармақшасына сәйкес – келісуші орган лицензия беруге арналған өтінішті келісуден бас тартқан жағдайда, лицензия беруден бас тартылады.
IV. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру
13. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органы осы мемлекеттің заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

14. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органына мынадай құжаттар мен мәліметтерді:

а) өтініш беруші:

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне берілетін қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;

шарттың (келісімшарттың) көшірмесін, ал шарт (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың көшірмесін;

салық органында есепке қою туралы құжаттың көшірмесін;

сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын, осы Ереженің 10-тармағына сәйкес расталған құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде беріледі. Сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді аумағында осы сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған, мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде өтініш беруші аумағында осы сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органы берген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын құжаттар ретінде ұсынады.

Үшінші елдерден әкелінген сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді әкету кезінде сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді айналысқа шығару жүзеге асырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі немесе мүше мемлекет сотының осы сирек кездесетін жабайы тірі жануарлардың және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктердің Одақтың кедендік аумағында болу заңдылығын растайтын шешімі сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын құжаттар ретінде ұсынылады;

мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де құжаттарды;

б) сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкету кезінде жеке тұлға:

осы тармақтың «а» тармақшасының екінші абзацында көрсетілген әдістемелік нұсқамаларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;

егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін немесе жеке басын куәландыратын құжаттардан мәліметтерді (сериясы, нөмірі, кашан және кім берді, жеке нөмірі (ол болған кезде), тұрғылықты жерінің мекенжайы);

сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын, осы Ереженің 10-тармағына сәйкес расталған құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде беріледі. Сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді аумағында осы сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған, мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде жеке тұлға аумағында көрсетілген сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органы берген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау және (немесе) иелену заңдылығын куәландыратын құжаттар ретінде ұсынады;

мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де құжаттарды ұсынған кезде беріледі.

15. Осы Ереженің 9-тармағының үшінші абзацында көзделген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін аумағында сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органына мынадай құжаттар мен мәліметтер:

а) осы Ереженің 14-тармағы «а» тармақшасының екінші абзацында көрсетілген әдістемелік нұсқауларға сәйкес толтырылған және ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасы;

б) аумағында осы сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, аулау немесе ұстау жүзеге асырылған сол мүше мемлекеттің сыртқы сауда қызметіне қатысушы тараптардың бірі болып табылатын сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді сатып алу-сату шартының (келісімшарттың) көшірмесі ұсынылады.

16. Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруден мынадай негіздер болған кезде:

а) тиісінше осы Ереженің 14 және 15-тармақтарында көзделген құжаттар ұсынылмаса;

б) қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін ұсынылған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтер болса;

в) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де негіздер болған кезде бас тартылады.

Еуразиялық экономикалық

комиссия Алқасының

2015 жылғы 21 сәуірдегі

№ 30 шешіміне
№ 7 ҚОСЫМША


Қауіпті қалдықтарды Еуразиялық экономикалық одақтың
кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағынан әкету туралы


Е Р Е Ж Е

І. Жалпы ережелер





  1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 7 қосымша) көзделген, үшінші елдермен жасалатын саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің (бұдан әрі - бірыңғай тізбе) 2.3-бөліміне енгізілген қауіпті қалдықтарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (бұдан әрі тиісінше – Одақ, әкелу) және бірыңғай тізбенің 1.2 және 2.3-бөлімдеріне енгізілген қауіпті қалдықтарды Одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі тиісінше – қауіпті қалдықтар, әкету) тәртібін айқындайды.

  2. Осы Ереженің мақсаттары үшін 1989 жылғы 22 наурыздағы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына (бұдан әрі - Базель конвенциясы) сәйкес Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) қауіпті қалдықтарды әкелу, әкету және олардың транзиті туралы хабарламаны, сондай-ақ осындай әкелумен, әкетумен және олардың транзитіне байланысты кез келген ақпаратты жіберуге және алуға жауапты мемлекеттік органы құзыретті орган деп түсініледі.

Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Базель конвенциясында, Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 7 қосымша) және Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.

  1. Мыналарды:

а) жеке тұлғалардың қауіпті қалдықтарды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелуді және (немесе әкетуді);

б) бірыңғай тізбенің 1.2-бөліміне енгізілген қауіпті қалдықтарды әкелуді;

в) мүше мемлекет пен Базель конвенциясының тарапы болып табылмайтын мемлекет қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы халықаралық шарт жасасқан жағдайды қоспағанда (Базель конвенциясының тарапы болып табылатын мемлекеттер туралы, сондай-ақ жасалған халықаралық шарттар туралы ақпарат «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі http://www.basel.int сілтемесі бойынша
Базель конвенциясының ресми сайтында орналастырылған), бірыңғай тізбенің 1.2 және 2.3-бөлімдеріне енгізілген қауіпті қалдықтарды Базель конвенциясының тарапы болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкелуді, сондай-ақ бірыңғай тізбенің 2.3-бөліміне енгізілген қауіпті қалдықтарды Базель конвенциясының тарапы болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан әкетуді жүзеге асыруға тыйым салынады. Мұндай жағдайда қауіпті қалдықтарды өткізу осы Ережеге және Базель конвенциясына сәйкес жүзеге асырылады;

г) бірыңғай тізбенің 2.3-бөліміне енгізілген қауіпті қалдықтарды көму және зарарсыздандыру мақсатында әкелуді жүзеге асыруға тыйым салынады.

4. Қауіпті қалдықтарды әкелу және (немесе) әкету осы Ереженің
3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензия (бұдан әрі - лицензия) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша толтырылған қорытынды (рұқсат беру құжаты) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты)) болған кезде жүзеге асырылады.

Лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжаты) қауіпті қалдықтар Одақтың кедендік аумағына жеткізілген кезде мүше мемлекеттердің кеден органдарына ұсынылады.


ІІ. Кедендік рәсімдерге орналастыру
5. Қауіпті қалдықтарды ішкі тұтыну мен экспорт үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензияны ұсынған кезде жүзеге асырылады.

6. Қауіпті қалдықтарды ішкі тұтыну, кедендік аумақта өңдеу, кедендік аумақтан тысқары жерде өңдеу, кері импорт, кері экспорт үшін өңдеудің кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

7. Қауіпті қалдықтарды кедендік қойманың, Одақтың кедендік аумағына жеткізілу жеріндегі кеден органынан ішкі кеден органына дейін тасымалдауға, сондай-ақ ішкі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан әкетілу жеріндегі кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастыру қауіпті қалдықтарды өзге де кедендік рәсімдерге орналастыру үшін ұсынылған лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.

8. Қауіпті қалдықтарды Одақтың кедендік аумағына жеткізілу жеріндегі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан әкетілу жеріндегі кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына осындай қауіпті қалдықтарды тасымалдау өз аумақтары арқылы жүзеге асырылатын барлық мүше мемлекеттердің осы мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілетті мемлекеттік билік органдары (бұдан әрі – мүше мемлекеттердің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілетті органдары) берген қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) ұсынылған кезде жүзеге асырылады.

9. Қауіпті қалдықтарды уақытша әкелудің (енгізудің), уақытша әкетудің, бажсыз сауданың, жоюдың, мемлекет пайдасына бас тартудың, еркін кедендік аймақтың, еркін қойманың кедендік рәсімдеріне орналастыруға жол берілмейді.
ІІІ. Лицензия беру
10. Лицензияны ресімдеу үшін жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) аумағында өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензиялар мен рұқсаттар беру Қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 7 қосымшаға қосымша)
(бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ Қағидалардың 10-тармағының
6-тармақшасына сәйкес мынадай құжаттар мен мәліметтерді:

а) Базель конвенциясына сәйкес аумағына қауіпті қалдықтар әкелінетін және (немесе) аумағы арқылы қауіпті қалдықтар өткізілетін мемлекеттің құзыретті органының келісімін (жазбаша нысанда) (қауіпті қалдықтар әкетілген жағдайда);

б) қауіпті қалдықтарды экспорттаушы мен өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттың (келісімшарттың) көшірмесін (егер өтініш беруші делдал ретінде болса);

в) қауіпті қалдықтарды тасымалдауға шарттың (шарттардың) (келісімшарттың (келісімшарттардың)) көшірмелерін;

г) экспорттаушы (импорттаушы) мен қауіпті қалдықтарды аулаққа шығаруға жауап беретін тұлға арасындағы шарттың (келісімшарттың) көшірмесін ұсынады, онда осы қауіпті қалдықтарды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз пайдалану ескертіледі;

д) Базель конвенциясына сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарламаны (3 данада);

е) Базель конвенциясына сәйкес қалдықтарды тасымалдау туралы құжатты (3 данада);

ж) қауіпті қалдықтарды пайдалану үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктердің болуы туралы ақпаратты (қауіпті қалдықтарды шикізат ретінде пайдалану мүмкіндігін растайтын технологиялық регламенттен үзінді көшірмені немесе оларды өзге де қауіпті қалдықтардың немесе олардың қалдықтарының түзілуіне жол бермейтін пайдалануға қатыстыру мүмкіндігін растайтын өзге де құжатты) (қауіпті қалдықтар әкелінген жағдайда);

з) қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде сақтандыруды, кепілге қоюды немесе өзге де кепілдікті растайтын құжаттың көшірмесін (егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);

и) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің аумағында қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесін (егер осы қызмет түрін лицензиялау бұл мемлекеттің заңнамасында көзделген болса) ұсынады.

11. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен расталуға тиіс.

12. Егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензия беру туралы шешімді уәкілетті орган осы мүше мемлекеттің басқа да мемлекеттік билік органымен (бұдан әрі – келісуші орган) келісу бойынша қабылдайтын болса, онда мұндай келісу осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, өтініш беруші келісуші органға осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте уәкілетті органға осы Ереженің
10-тармағының «а» – «и» тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

Келісу қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

13. Қағидалардың 14-тармағының 1 – 4-тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде, сондай-ақ келісуші орган лицензия беруге арналған өтінішке келісім беруден бас тартқан жағдайда – Қағидалардың
14-тармағының 6-тармақшасына сәйкес лицензия беруден бас тартылады.
IV. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру
14. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілетті органы осы мемлекеттің заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

15. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілетті органына өтініш беруші мынадай құжаттар мен мәліметтерді:

а) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы
16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;

б) шарттың (келісімшарттың) көшірмесін, ал шарт (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесін;

в) Базель конвенциясына сәйкес аумағына қауіпті қалдықтар әкелінетін және (немесе) аумағы арқылы қауіпті қалдықтар өткізілетін мемлекеттің құзыретті органының келісімін (жазбаша нысанда) (қауіпті қалдықтар әкетілген жағдайда);

г) қауіпті қалдықтарды экспорттаушы мен өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттың (келісімшарттың) көшірмесін (егер өтініш беруші делдал ретінде болса);

д) қауіпті қалдықтарды тасымалдауға шарттың (шарттардың) (келісімшарттың (келісімшарттардың)) көшірмелерін;

е) экспорттаушы (импорттаушы) мен қауіпті қалдықтарды аулаққа шығаруға жауап беретін тұлға арасындағы шарттың (келісімшарттың) көшірмесін ұсынған кезде беріледі, онда осы қауіпті қалдықтарды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз пайдалану ескертіледі;

ж) Базель конвенциясына сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарламаны (3 данада);

з) Базель конвенциясына сәйкес қалдықтарды тасымалдау туралы құжатты (3 данада);

и) қауіпті қалдықтарды пайдалану үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктердің болуы туралы ақпаратты (қауіпті қалдықтарды шикізат ретінде пайдалану мүмкіндігін растайтын технологиялық регламенттен үзінді көшірмені немесе оларды өзге де қауіпті қалдықтардың немесе олардың қалдықтарының түзілуіне жол бермейтін пайдалануға қатыстыру мүмкіндігін растайтын өзге де құжатты) (қауіпті қалдықтар әкелінген жағдайда);

к) қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде сақтандыруды, кепілге қоюды немесе өзге де кепілдікті растайтын құжаттың көшірмесін (егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);

л) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің аумағында қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесін (егер осы қызмет түрін лицензиялау бұл мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);

м) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге құжаттарды ұсынған кезде беріледі.

16. Мынадай негіздер болған кезде:

а) осы Ереженің 15-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған;

б) қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтер болған кезде;

в) мүше мемлекеттің заңнамасында және Базель конвенциясында көзделген өзге де негіздер болған кезде қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруден бас тартылады.

17. Базель конвенциясының 6-бабына сәйкес қауіпті қалдықтарды әкелу және (немесе) әкету туралы есептілікті өтініш берушілер өз мемлекетінің құзыретті органына осы мемлекеттің заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.

Еуразиялық экономикалық

комиссия Алқасының

2015 жылғы 21 сәуірдегі

№ 30 шешіміне
№ 8 ҚОСЫМША


Каталог: docs -> kk-kz
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
kk-kz -> Еуразиялық экономикалық комиссия кеңес шешім
kk-kz -> Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Ө к І м 2015 жылғы «06» қазан №109
kk-kz -> Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Өкім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет