Бала қызығушылығын дамытудағы логикалық ойындардың рөлі.
Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар.
Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының
ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Баланың бойындағы қабілетті ашушығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін
дамытудың өзіндік іс -әрекетін ұйымдастырудың мынандай заңдылықтар:
«Нені отырғызу керек?» «Нені орналастырсам екен?» «Сыңарын табыңдар?» «Әзілжұмбақтар» «Логикалық есептер» «Пішінді орналастыр» логикалық ойын түрлерін айтуға болады.
Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың білімділік дағдыларықалыптасып жақсы нәтиже береді. Балалардың логикалық ойлауларын дамытудыңнегізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты
–бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі-ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді.Ойында шындықтың көрінісі,оның бейнелі сәулесі қылаң береді.Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар,ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты.Балаларға ақыл-ой,адамгершілік,денешынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр.Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді,ізденімпаздық,тапқырлық әрекет байқатады.Сезіну, қабылдау, ойлау,қиялдау,зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.Балалармен ойналатын ойындардың түрлері өте көп,соның бірі баланың тікелей дамуына әсер ететін-логикалық ойындар.Логикалық ойындардағы негізгі міндет-балалардың білімін байыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру.Ойлау-шығармашылық әрекеттің негізі болып табылады.Логикалық ойлау адамның интеллектуалдық қабілеттерінің негізін құрайды.Ғұлама ғалым Әл-Фараби өзінің «Логикалық кіріспе» деп алатын трактатында логика өнері сананы әркез қастерлеуден сақтандыратынына, дұрыс ойлауға бастайтын заттардан тұратындығына тоқталып, олар саналы қорытынды жасауда адастырмайтындығын айтқан.Сондықтан логикалық ойлай алу қабілетіне балаларды үйрету өте қажет.Логикалық ойлауға,қызықты көп тапсырмалар балаларды талпындырады, мысалы:
1 Тышқанға ірімшікке дейін жетуге көмектес. Жасыл қарындашпен керек жолын көрсет.
2.Қолшатырларды сана.Оң жақтағы текшенің ішіне санын жаз.
3.Неше бас киім?Балалар нешеу?Артық бас киімдер бар ма? Неше бас киім артық?
4.Заңдылықты бұзбай,жетіспейтін үйді тап.
5.Әр жолақшадағы дөңгелек болатын бөліктерді белгіле.
6.Сол жақтағы сандармен оң жақтағы сандардың айырмашылығын айт.
7.Үстел үстінде 3 шанышқы, 3 пышақ және соншама қасық жатыр.Қанша адамға үстел әзірленген?Шанышқының , пышақтың, қасықтың барлық саны қанша?
8.Ойын «Көңілді санау»
9.Ойын»Сиқырлы сызғыш»
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал, баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады
1. Пішіндер әлемі
Ойын шарты:
Геометриялық фигуралар дайындағанда көлемдері бойынша әрқилы ғып дайындаймын және балаларда көлем, пішін, саны жайында түсінік қалыптасады.
Бала сипаттағанда:
«Үлкен – үлкенірек – ең үлкен»,
«кішкентай – кішірек – ең кішкентай»,
«биік – биігірек – ең биік»,
«ауыр – ауырырақ – ең ауыр»,
«жеңіл – жеңілірек – ең жеңіл»,
«терең – тереңірек – ең терең»,
«жарық – жарығырақ – ең жарық»,
«қараңғы – қараңғырақ – ең қараңғы»
және т. б. тиісті салыстырмалы және таңдаулы шырайдағы салыстырмалы сын есімдерді дұрыс өзіндік дербес қолдануға үйретемін.
Достарыңызбен бөлісу: |