Фосфордың оттекті қосылыстары. Фосфордың үш оксиді бар: Р2О3, Р2О4, Р2О5.
Н3РО2 – фосфорлылау қышқыл –қатты кристалдық, суда жақсы еритін зат. Бұл қышқылдың тұздары гипофосфиттер деп аталады. Бұл қышқылдың құрамындағы фосфор +1 тотығу дәрежеде болады. Гипофосфиттер – күшті тотықсыздандырғыштар.
Р2О3– фосфор баяу тотыққанда, немесе оттек жеткіліксіз болғанда түзілетін, ақ түсті кристалдық зат. Төмен температурада полимерленіп Р2О6 түзеді. Суық сумен қосылып фосфорлы қышқыл Н3РО3 түзеді, жылы сумен реакцияласқанда, фосфорлы қышқылдың термиялық айрылуында түзілетін заттар шығады. Бұл қышқылдың құрамындағы фосфор +3 тотығу дәрежеде болады. Фосфорлы қышқылдың тұздары фосфиттер деп аталады. Фосфорлы қышқыл және оның тұздары фосфиттер күшті тотықсыздандырғыштар.
Р2О4 – түссіз, жылтыр кристалдық зат. Бұл оксидті, N2O4 сияқты, аралас ангидрид деп қарауға болады, өйткені сумен реакцияласқанда фофсфор және фосфорлы қышқылдар түзеді.
Р2О5фосфор ауада, не оттек ішінде жанғанда ақ қар сияқты көп көлем алатын масса болып түзіледі. Фосфор (V) оксиді бу күйінің өзінде де Р4О10 молекулаларынан тұрады. Р2О5 – сумен өте шабыт қосылады, суды тіпті басқа заттан тартып алып та қосылады. Температураға байланысты судың бір, екі немесе үш молекуласын қосып алып сәйкес үш түрлі қышқылдар түзеді: метафосфор қышқыл (НРО3), пирофосфор (Н4Р2О7), ортофосфор (Н3РО4). Бұл қышқылдардың ішіндегі ең маңыздысы ортофосфор немесе фосфор қышқылы. Фосфор қышқылы түссіз қатты зат, суда жақсы ериді, тұрақты қышқыл. Азот қышқылы сияқты фосфор қышқылының тотықтырғыштық қасиеттері болмайды. Күштілігі жөнінен орташа қышқылдардың қатарына жатады. Үш негізді қышқыл болғандықтан судағы ерітіндісінде үш сатыда иондарға ыдырайды. Фосфор қышқылы басқа қышқылдар сияқты негіздермен, негіздік оксидтермен, тұздармен және металдармен әрекеттеседі.
Фосфор қышқылын зертханада қызыл фосфорды азот қышқылымен қосып қыздыру арқылы алады. Өнеркәсіпте фосфор қышқылын термиялық және экстракциялық әдістермен алады. Ортофосфор қышқылы үш негізді болғандықтан үш қатар тұздар түзеді: дигидрофосфаттар, гидрофосфаттар, фосфаттар.