4. Дипломдық жұмысты орындауға қатысты сұрақтар тізімі


Көп сайыстағы жаттықтыру әдістемесі. Жаттығу әдістері



бет34/38
Дата07.02.2022
өлшемі0,51 Mb.
#87344
түріДиплом
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Көп сайыстағы жаттықтыру әдістемесі. Жаттығу әдістері.
Жаттығулардың сабақтан тыс түрлері өзгермелі сипатта болады. Бұларды жекелеген оқушылар дене жаттығуларының дербес түрі ретінде, сондай-ақ түрлі мөлшердегі топтар үшін да пайдалануына болады.
Оқушылардың күшін жан-жақты дамыту үшін әр түрлі көлемді жұмыс істеу қажет. Бұл үшін әр бір топ бұлшық еттерді дамытатын жаттығуларды пайдалану, әр түрлі көлемдегі жұмыстарды істеуге үйрету, динамикалық күштерді дамыту (бірден пайда болатын күш, старттағы күш, орташа күш, тас көтерудегі күш т.б.) қажет. 10-13 жастарда дене жаттығулар әсерінде дененің әр түрлі бұлшық еттері жақсы дамиды. Сол үшін жұмыс көлемін жоғарылатып, ауыр заттарды жұптасып қарсылық көрсетіп орындайтын жаттығуларды орындаған жөн.
Дене жаттығулары айтарлықтай жеткілікті, олар өзінің бағыттылығы, міндеттері, мазмұны мен құрылымы жөнінен, оқушылардың құрамы, өту уақыты мен жағдайы жөнінен, сондай-ақ қайсыбіреудің басшылығымен немесе өз бетімен өткізілуіне байланысты ерекшеленеді.
Балалардың күшін дамыту үшін динамикалық әрекеттердегі жаттығуларды пайдалану қажет. Бұлар тартылу, өрмелеу, аяқтарды реттестіріп көтеру, қолдарды жерге таянып ию және көтеру, қолды тепе-тендікте гантел көтеру т.б. жатады. Оқушылардың күшін дамытудың негізгі әдістерінің бірден-бір күш мүмкіндігіне қарап жоғары салмақтағы жүктің мұғдары оқушылар бірнеше рет қайталап көтеретін мұғдарда болуы тиіс. Мысалы, қолдар, аяқтар, дене (арқа мен қарынның бұлшық еттері) үшін арнаулы жаттығулар орындалады.
Максимал күшті дамыту үшін ең жоғарғы жұмыс көлемі пайдаланылады. 10-11 жастағы балалар үшін денесінің 1 ауырлықтағы салмақты көтеру.
12-13 жастағылар үшін 1 салмақтағы жаттығуды орындау тапсырылады. Бұлар бұлшық етке күшті әсер етеді. Сондықтан мұндай жаттығулар жоғары деңгейдегі дене дайындығынан қолданылады. Жаттығуды қайталау аралығы (демалыс) 4-8 минут болуы тиіс. Бұл жаттығулар сабақтын негізгі бөлімінде орындалады.
Көбінесе олар салыстырмалы түрде алғанда шектеулі мазмұнымен және қарапайым құрылымымен сипатталады (мысалы, сауықтыратын жүгіріс, тазалық гимнастикасы, дене тәрбиесінің минуттары мен үзілістері), бірақ жеке бастаманың, дербестіліктің болуын талап етеді. Міндеттері, мазмұны, сонымен қоса, жаттығудың нақтылы түрінің таңдап алынуы айтарлықтай дәрежеде оқушылардың мүдделерімен және бейімділіктерімен айқындалады.
Сабақтан тыс жаттығулардың біразы белсенді демалыс, денсаулығын нығайту мен қалпына келтіру, жұмыс қабілетін сақтау, дене қабілетін дамыту, спорттық қозғалыстарын жетілдіру, т.б. мақсатта жүргізіледі. Сондай-ақ, сабақтан тыс жаттығулар мақсатты бағыты бойынша да өзгешеленеді (жалпыдайындық және арнаулы).
Оқушылардың күш жылдамдығын дамыту дене тәрбиесінде өте маңызды. Бұл үшін өз салмағының 20%-ға тең салмақтағы тасты көтеріп жаттығуды үлкен жылдамдықта орындаған жөн. Жаттығу 6-8 рет қайталанады. Қайталау аралығыңда дем алу уақыты қысқа болуы тиіс. Бұндай ретпен орындалған жаттығулар жүгіруде, секіруде, әсіресе лақтыруда керек болатын күш техника сапасын дамытады.
4-5 сыныптарда күш шыдамдығын дамытатын жаттығуларды беруге болады. Бұл гимнастикалық шынығыу, жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын үйретуге көмегін тигізеді. Көбінесе динамикалық әрекеттердегі жаттығулар пайдаланылады. Мысалы, отырып тұру, тартылу, жоғарыдан төменге секіру (жұмсақ жерге), өз салмағының 20-40% салмақтағы тасты көтеру т.б. Жаттығу 0,5-1,5 минуттан соң бірнеше рет қайталанады. Дене дайындығы жақсы оқушыларға жоғары көлемдегі жұмыс берілуі мүмкін. Максималь күшінің 50-60% жұмсайтын жаттығу 8-10 рет қайталанады және 1,5-3 минут дем алады.
Күш жұмсап орындалатын жаттығуларды бергенде ер балалар мен қыздардың ерекшеліктерін есепке алу қажет. Себебі ер балаларда 11-14 жаста, қыздарда 8-12 жасында дененің күшті дамуы байқалады. 10-11 жастан 14 жасқа дейін қыздарда салыстырмалы күш (дене салмағына % есебіне) ер балаларға қарағанда кеш дамиды. Сондықтан қыздар үшін жұмыстың көлемін кемітіп олардан күш мүмкіншілігіне қарай жаттығуларды талап еткен жөн. Әр тапсырманы берген де олардың жеке өзгешілігі есепке алынады.
Биіктікке секірудің ең маңызды әрекеттерінің бірі аяқты тіреп күш алу. Мұның техникасын үйрену 4-сыныптан басталады. 5-сыныпта бұл жаттығуға ерекше көңіл бөлінеді және төмендегі әр түрлі жаттығулар орындалады.
1.Бір орында тұрып және қадам аттап жүріп тіреп күш
алуға үйрену.
1 -2 қадам жүгіріп аяқты сермеп жоғары көтеріп секіру.
2. 1-3 қадам жүгіріп күш алатын аяқты өкшеден қойып кейін толық табанды қойып үйрену.
3. Жүгіріп келіп тартылған жіптен немесе арнайы
қойылған планкадан (биіктікке секіру үшін) секіріп өту.
Бұл жаттығуды орындағанда мұғалім оқушының соңғы екі адымында аяқты тізелеп тұруы тиіс. Күш алу кезіндегі қателер: тіреп күш алу кезінде кеуденің көп еңкеюуі аяқ және қолдарды жетерлі күшпен сермеуге аяқ пен қолдардың, бастың иілмеуі т.б.
Жүгіріп күш алып ұзындыққа секіру («аяқтарды иіп секіру» әдісімен). Ұзындыққа секіргенде күш алудың техникасын дұрыс үйрену үшін мына жаттығулар қолданылады.
1. 2-4 қадам жүгіріп күш алып ұзындыққа секіру.
2. Кіші аралықтан күш алып жүгіріп келіп секіріп жоғарыда ілініп
қойылған затқа аяқты сермеп тигізіп үйрену.
3. 3-6 қадамнан жүгіріп келіп секіру.
Бұл жаттығуды орындағанда күш алуды оң және сол аяқпен ауыстырып істеген жөн. Күш алу жаттығуының қателері: тепсінетін аяқтың толық түзетілмеуі, аяқ сермеуінің толық орындалмауы, кеуденің алға немесе кейінге көп еңкеюінің мүмкін болуы.
Бұл әдісте күш алып (мысалы, сол аяқпен) жоғарыға ұшып ең жоғары нүктеге жеткеннен кейін «аттау басталады». Жоғары сермелген аяқ (мысалы оң аяқ) төменге түскен кезде күш алған аяқ жоғары көтеріледі. Жоғары сермелген аяқ тез төмен түсуі керек. Себебі күш алған аяғын планкадан тез өткере алмайды. Соның себебінен биіктікке секіру орындалмай қалуы мүмкін. Алғашқы кезде (секірген кезде) дене вертикаль жағдайда болады. Планканың үстіне шамаласқан кезде дене аяққа қарай иіледі. Қолдар алға қарата төмен түсіріледі.
Планкадан өтуді үйренген кезде биіктігі төмен болуы қажет. Планканың орнына жіп немесе резина пайдалануға болады.
Бірнеше сабақтан кейін (2-3 сабақтан соң) планкадан секірсе болады. Биіктігі кем-кемнен жоғары көтеріледі.
Планкадан өту кезінде төмендегі қателер жіберілуі мүмкін: жоғары сермелген аяқ тез төмен түсірілмеуі, бөксенің тез планкадан аярылмауы, иықтың кейін шалқайып кетуі т.б.
Оқушылардың секіру үшін өз күштерін реттестіріп үйренуі белгілі аралықты секіру тапсырмасын орындауды үйретеді. Әдетте бұл кезде секірудің барлық басқыштарына назар аударылады (екпін алу, секіру, жерге түсу т.б.). берілетін тапсырма барлық оқушылардың мүмкіншілігіне сай болуы тиіс. Оқушылар секіру техникасын толық орындап болғаннан кейін секіруді жеке орындатып жетілдіруге болады.
30-40 см биіктіктегі тосқындықтан өтуді үйрету (бір немесе екі аяқтапен жерге түсуі мүмкін). Алғаш балалардың тосқындықтан өтуге және аяқтармен жаймен жерге түсуді үйрету керек.
Жерге түсуді үйренгеннен кейін вертикаль тосқындықты бір аяқпен басып өтіп жерге түсуді үйрету. Биік емес тосқындықтардан (40 см) кедіргі адымымен өтсе де болады. Кем-кемнен тосқындықтың биіктігі жоғарытылады. Мұғалім аяқтың сермеу жағдайын бақылап тұрады. Жаттығулар бір орында адым аттап және жүгіріп күш алумен орындалуы мүмкін.
Өте жоғары орнатылған тосықтардан туры жүгіріп екпін алып немесе бұ рыш жасап жүгіру, биіктікке секіру әдістерін қолданып пайдаланады. Бұл жерде оқушылардың тосықты өткеннен кейін тең салмақты сақтауына және әрекеттің жалғасуына көңіл бөлінеді.
Негізгі қателер: тепсініп екпін алу алдында жүгіру тездігінің төмендеуі және тосықты өткеннен кейін бірден тоқтап қалуы.
Кішкене допты 10-15 см ұзындықтан горизонталь нысанаға лақтыру. Алғаш әр түрлі жағдайда кішкене допты лақтыруды қайталайды (туры және жанымен). Кейін 1-3 қадамнан жүгіріп күш алып лақтыруды қайталауды үйретуге болады. Жүгіріп күш алу техникасын үйренуге төмендегі жаттығуды қайталау көмегін тигізеді.
1. Лақтыратын бағдарға жанымен тұрып оң аяқты сол аяқтың (үстінен аттау тәрізді етіп) қойып, сол аяқтың жанымен өтеді. Аяқтар иық кеңдігінде де, дене салмағының көпшілігі оң аяққа түседі. Сол аяқ алға койылып (жерге аяқтың ұшы жеңіл тиіп тұрады) кеуде оңға бұрылыңқырап және аяқты иіп қапталға ентеріліп қол доппен жанына созылады. Солай етіп дененің серппелі жағдайы пайда етіледі.
2. Осы жаттығу тек бұрылып іркілместен 35-40 градус жасап (сызықтан өтпей) лақтыру әрекеті орындалады.
3. Мұғалімнің командасы бойынша бір адым аттап лақтыру.
4. Алғашқы адым жай, кем-кемнен тездігін арттырып орындалады.
5. Бір адым аттап жүгіріп лақтыру.
Бұл жаттығулардан кейін 10-15 см ұзақтықтағы нысанаға 3 қадам аттап жүгіріп екпін алып лақтыру шынығулары орындалады. Бұл тапсырманы оқушылармен фронталь немесе топтарға бөліп әр топты кейбіреулерін реттестіріп орындатады. Лақтыру жаттығуларын орындағанда оның техникасының жетілдірілуі қадағаланып барылады. Жеңіл атлетикалық жаттығуларды көпшілік жағдайда әр түрлі тосықтан және эстафетаны пайдаланған дұрыс. Оқушылар үшін тосықтан төмендегіше жүгіру 10-15 метр аралықтағы горизонталь бойынша лақтыру, биіктігі 40м ұзынынан қойылған ағаш үстінде жүру, вертикаль тосықтан секіріп өту т.б.
Жеңіл атлетика сабағында орташа жұмысқа шыдамдылық, тездік, күш сапасы дамытылады. Бұл сапалар оқушылардың жан-жақты дамуында өте маңызды. Шыдамдылықты дамытуға ұзақ аралыққа 500, 1000, 1500 метр кроссқа жүгіру кіреді. Шыдамдылықты дамыту үшін әр түрлі әдістер қолданылады. Қысқа аралықка қайталап жүгіру (50, 100 метр), сондай-ақ өте ұзақ аралыққа өзгермелі жүгіру (арасында адымдап жүріп). Бір қалыпты жүгіруді кем-кемнен бір минуттан 5-6-7 метрге дейін жалғасуға болады.
Шыдамдылықты дамытуда скакалкамен секіру көмегін тигізеді. Секіруді бір минуттан кем-кемнен екі минутқа дейін жеткерсе болады. Тездікті дамыту үшін қайталап жүгіру пайдалы болады.
30-40 метрге 1 сағатта 3-5 рет қайталау арқылы аралығында 40 секундқа дейін алады. 60 метрге қайталап жүгіру 1 сағатта 2 рет орындалады, қайталау аралығында 1-2 минут дем алады. Әр түрлі тездікте 20-30 метрге жүгіру қалаған Сүреден жүгіру мүмкін. Бұлардың барлығы оқушыларға бағдарламадағы талапты орындауда көмегін тигізеді.
Шыдамдылық пен тездікті дамыту үшін қолданатын әдістердің бірі – бұл жүгіруді, секіруді қолданып айналатын әрекетті ойындар. Сондай-ақ әртүрлі эстафеталар қолданылады. Тездік күш сақтаса әр түрлі секіру жаттығуларын орындау арқылы дамытылады.
Жеңіл атлетикада бағдарланған әрекет сапаларын дамыту үшін жаттығулар әртүрлі әдістерде орындалады. Жаттығулардың қайталануы оқушылардың мүмкіншіліктеріне сай сабақта өсіп баруы тиіс.
Ескерту: Жеңіл атлетика жаттығулары түрлерін үйрету тәртібі кейбір әдістер 4, 5, 6-сыныптар үшін беріледі. Кейінгі сыныптарда бұл әдістер бағдарламаға негізделіп мұғалім керек деп тапқан өзгерістермен терең жетілдіріп барылуы мүмкін. Үйрету және жетілдіру оқушылардың дене дайындығына, жас ерекшеліктеріне, жеке ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
6-сыныпта оқушылар жүгіру техникасын биіктікке секіру және жүгіріп екпін алып ұзындыққа секіру және кішкене допты 4-6 қадам аттап жүгіріп ұзақтыққа жүгіріп өту. Бір қолды таянып стартта екпін алып жүгіру және аралық жүгіруге өту. Бір қолды таянып стартта тұру жоғары Сүренің бір түрі. Бір қолмен жерге таянады, екінші қол кейінге жіберіледі.
Мұндай жағдай алғашқы тездікті тез күшейтуге көмегін тигізеді. Сүренің бұл түрі эстафетада жүгіргенде және төменгі стартты үйрену үшін көмекші жаттығу сипатында қолданылады. Бұл жаттығуларды орындағанда мынадай қателер кездесуі мүмкін: аяқтар мен қолдардың иілуі мен бөксе төмен түсіңкіреуі, кеуденің көп ентерілуі.
Жүгіруші сүреден бастап жүгірумен бірінші адымды аяқты жоғары жібереді (бұл сан, бұлшық еттері көмегімен болады). Бұл кезде табан жермен параллель қозғалуы тиіс. Бірінші адым күшті және тез орындалуы қажет. Жерге түсу аяқтың ұшынан бастап орындалады.
Кем-кемнен адым кеңейе бастайды. Адымдардың максималь қайталану шегіне жеткеннен кейін тездіктің өсуі және тұрақтылығы қадам арасына үлкеюі есебінен болады. Осыдан кейін аралық бойынша жүгіруге өтеді. Сүреден шығып күш алу кезінде кеуде алға ентерілген жағдай да болады. Мұның техникасы кем-кемнен жетілдіріледі.
Сүреден шығып күш алуға және аралық бойынша жүгіруді үйрету кезінде мына жаттығулар орынлады.
1. 30/50 метрге тездікпен жүгіру.
2. Бірден ең жоғары тездікте 20-30 метрге жүгіру.
3. 50 метр аралыққа ең жоғары тездікпен жүгіруді қайталау
(2-4 рет 1-2 минут демалады).
4.Жүгірудің тездігін арттыратын бұрынғы көмекші
жаттығулар орынлады.
Жүгіру жаттығуларын орындаған кезде дене жағдайының дем алу, (осанка) қол әрекетінің дұрыстығына және дұрыс дем алуына ерекше көңіл бөлінеді.
Сүреден күш алып шығуды үйренген оқушылар төмендегі қателерді жіберулері мүмкін: уақытынан бұрын денені тіктеп жіберуі, бірінші адымды кеңінен аттауы, аяқты кеңінен алғанда іркіліңкіреп қалуы.
Бұл қателерді түзету үшін төмендегі жаттығуларды қолданады:
1.Сүреден шығатын адамнаң беліне скакалканы байлап
артына ұстап тұрып қарсылық көрсетеді.
2.Сүреден шығатын адам тұрып (екінші адам) иығына
қолдарын тіреп тұрады. Бұл жағдайда сүреден шығатын
адам бірден тіктеле алмайды және күшпен күш алу
мүмкіншілігі артады. Сондай-ақ қадам кеңдігі алдын-ала
белгіленіп қойылған кеңдік бойынша жүгіру аралығы
түзетіледі.
Жүгіріп келіп лақтырудың техникасын үйретуді алғаш 2 қадам аттап лақтырудан басталған дұрыс болады. Әрекет 2 санақпен (1/2 орындалады). Бір дегенде адым оң аяқтан басталады (өкшеден). Допты ұстаған қол иықты бұрыңқырап (жоғарыға) кейінге жіберіледі. Бұл кезде қолдың дұрыс кейінге көтерілуі тексеріледі. Екі дегенде сол аяқ қолға қойылады (өкшеден). Лақтырушы қолмен бір уақытта иық алға қарап әрекет етеді.
Сол аяқты қоюмен бірге көкірекпен жоғары алға жылдам әрекет істеледі және оң жанымен алға әрекет орындалады. Кейін лақтыру 3 қадамнан үйреніледі. Бұдан кейін қысқа аралықтан жүгіріп күш алып лақтыру үйретіледі (4-6 қадам). Алғаш жүгіріп күш алып сана бойынша үйретіледі, кейін адымның тездігі арттырылады.
Кішкене допты 10-12 метрден нысанаға лақтыру. Алғашқы жағдайы төменге карап жатады. Доп оң қолға алынады. Жерге таянып қолды көкірекке тартады. Қолды таянып оң аяқты кейінге ысырып сол тізеде тұрады және бір уақытта доп ұстаған қолды кейінге қарап сермейді. Оң аяқпен күш алып көкірекпен нысанаға қарай бұрылып алға еңтеріледі және допты лақтырады.
Кедергіден аса жүгіру.
VІ-сыныпта мыналар орындалады: көкіректе жатқан жағдайда сүреден шығады. 1,5 метрге жүгіріп биіктікке 1,5 метр болған дуалдан асырылып өтеді (қалаған әдіспен). Биіктігі 50 см болған үсті бастырылған жолмен жатып жүреді (пластунски). Қыздар үшін дуалдан асырылып өту жаттығуы берілмейді.
Жүгіру техникасын оқытуда жаттығу аз уақытты алуы мүмкін (15-20 секунд). Мысалы, 150 метрге жүгіру. Максималь тездік бірден 20 метрге жүгіру нәтижесі бойынша анықталады. Бұл нәтиже денесі жақсы дамыған ұл балаларда 5,8 – 6,7 м/с, ал қыздарда 5,7 – 6,1 м/с құрайды.
Сүреден 30 метрге жүгіргенде бұл тездік төмен болады. Себебі сүреден шығу кезінде тездікті жоғарылата алмайды. Ал 60-100 метрге жүгіргенде тездік жоғары болады. Себебі жүгіру жылдамдығы жоғарылап тездік артады (30 метрге салыстырғанда). Бірақ бұл 20 метрге жүгірген тездіктен кем болады. 80-120 метрге жүгіргенде тездік максималь тездіктің 90%- құрайды. Аз уақыт ішінде интенсивтілігі жоғары жұмысқа бейімделуі үлкен адамдарға қарағанда басқаша болады.
Егер үлкеңдерге жақын аралық қашықтыққа жүгіргенде жүректің минуттық соғуы 30-40 қа көбейеді. Ал балаларда бұл жоғары. Мысалы, стартта жүректің соғуы минутына 100-105 болса, бірінші 2 секундта ол 20-ға жоғарылайды, екінші 2 секундта тағы 10-ға көбейеді (көтеріледі). Жүгіруден соң жүректің соғуы 4-6 секундқа дейін жоғарылайды және 1 минутта 160-170 рет соғады. Кейін дене тез өзіне келе бастайды. Бірінші 10 секундта 10-15 ке төмендейді. Дененің өзіне келу тездігі жас және жыныс ерекшелігі мен жас балалардың жұмыс көлеміне бейімделуіне байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет