Өзіндік жұмыс №4. «Трансформер» жаттығуы.
Берілген жаттығуды тәжірибеде орындап көріңіз. Алдымен берілген жаттығуды өзіңізге орындап, орындаған жұмысыңызды курстағы басқа әріптесіңізбен бөлісіп, кері байланыс алыңыз, тапсырманы қайта толықтырыңыз.
«Трансформер» жаттығуы Мақсаты: балаға бекітілген міндеттерге жағымды қатынас қалыптастыру.
Баланың міндеттерінің тізімін құрастырыңыз және сол жақ қатарға жазыңыз;
Олар оның жасы мен оқыту дәрежесіне қаншалықты сәйкес келеді, анықтаңыз;
Оның жасы мен оқыту дәрежесіне сәйкес келмейтін міндеттерді сызып тастаңыз;
Баламен бірге оның міндеттерін тілегіне ауыстырыңыз, оң жақтағы бағанада бірнеше нұсқа болуы мүмкін;
Мысалы-«мен кітап оқуға міндеттімін»-«мен мектептегі пәндерден жақсы бағалар алу үшін, кітаптар оқығым келеді» деп ауыстыруға болады.
Осылайша тізімнің барлық тармақтарын пысықтау қажетті.