12. Көп таңбалы сандарды оқу және жазу. Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер
1.Есепті шығар және салыстыр. Әр есепке кері есеп құрастыр және шығар. а) Әжесі 64 жаста, ал немересі әжесінен 55 жас кіші. Немересі неше жаста?
ә) Әжесі 64 жаста. Ол немересінен 55 жас үлкен. Немересі неше жаста?
а) Баласы 8 жаста, ал әкесі одан 38 жас үлкен. Әкесі неше жаста?
ә) Баласы 8 жаста. Ол әкесінен 38 жас кіші. Әкесі неше жаста?
3. Тік төртбұрыш сыз да оны әріптермен белгіле. Белгіленуі бойынша тік төртбұрыштың атауын жаз. Кесінді арқылы тік төртбұрыштың екі бұрашқа бөл. Белгіленуі бойынша үшбұрыштарды, бұрыштарды, кесінділерді жазып көрсет.
8, 9, 0 цифрларын пайдаланып, үш таңбалы неше сан жазып көрсетуге болады. Барлық мүмкін тәсілдерді іздестір. Сол сандарды кему ретімен жазып шық.
№13. Сандарды және шамаларды салыстыру
1.Есепті шығар және салыстыр. Әр есепке кері есеп құрастыр және оларды шығар. а) Мектепте 50 мұғалім, 650 оқушы бар. Оқушылардың мұғалімдерден нешеуі артық?
ә) Мектепте 50 мұғалім, 650 оқушы бар. Оқушылар мұғалімдерден неше есе артық?
а) Сенбілікке 300 ұл және 600 қыз бала қатысты. Ұл балалардың қыз балалардан нешеуі кем?
ә) Сенбілікке 300 ұл және 600 қыз бала қатысты. Ұл балалар қыз балалардан неше есе кем?
а) 9, 8, 7 және 0 цифрларын пайдаланып, төрт таңбалы неше сан жазып көрсетуге болады? Барлық мүмкін тәсілдерді іздестір. ә) Сол сандарды өсу ретімен жаз.
№14. Ұзындық өлшеуіштері
1.Шағала 3000 м, ал сұңқар 200 м артық биіктікке көтеріле алады. Тырна сұңқар мен мен шағала екеуінің көтерліген биіктігінен 1000 м кем биіктікке көтеріле алады. Тырнаның ұшу биіктігін тап және оны километр мен метр арқылы өрнекте.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Үнді пілінің бойының биіктігі 2 м 80 см, ал Африка пілінің биіктігі одан 1 м 40 см артық. Үнді және Африка пілдерінің екеуінің биіктігін бірге алғанда қанша болса, бегемоттың биіктігі одан 5 м 10 см кем. Бегемоттың биіктігін тап және оны сантиметрмен өрнекте.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3.а) Кестедегі мәліметтерді километр мен метр арқылы өрнекте:
Ұшақтың түрлері
|
АН – 24
|
Ту – 154
|
Ил – 86
|
Ең жоғары ұшу биіктігі
|
8900 м
|
12300 м
|
12000 м
|
ә) Жер шарындағы мұхиттардың ең терең жері 11022 м. Мұны километр мен метр арқылы өрнекте:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
б) Каспий теңізі мұхит деңгейінен 28 м төмен. Оны дециметрмен өрнекте:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
в) Іле Алатауының ең биік нүктесі 4973 м. Оны километр мен метр арқылы өрнекте:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
г) Арал теңізінің ең терең жері 67 м. Оны дециметрмен өрнекте: ____________________________________________________________________________________________________________________________________
66 санын ешбір амал қолданбай оны жартысына арттыр.
Достарыңызбен бөлісу: |