435 имплицитно: ат басындай алтын


Этнолингвистика және этнография



Pdf көрінісі
бет37/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

Этнолингвистика және этнография. 
Бұл екеуінің тоқайласар тұсы этнос 
болмысының сүбелі саласы – заттық бағалылықты (материальные ценности) зер-
делеуге байланысты. Бұл екеуіне де ортақ объект – «тіл әлеміне» тән көл-көсір 
мол дүние. Алайда, осыған қарап, этнолингвистика мен этнографияны да бір-
бірімен алмастыруға болмайтын сияқты. Олардың өзара сыбайластығымен қатар 
«ортақ» терінің пұшпағындай өз тәсілімен илейтін еншісі де жоқ емес. Бұл әсіре-
се тіл фактілерін пайдаланудан айқын көрінеді.
Зерттеушілердің көбі-ақ этнолингвистика мен этнографияны «мақсат-мүд-
десі ортақ, бақыт-бағдары бір, бір таяқтың екі басындай егіз ғылым» деп қарай-
ды. Бұл пікірді кезінде өзіміз де
12
қолдаған едік. Алайда «тіл әлемін» тәптіштеп 
зерттеу барысында бұл пікірге де сын көзбен қарау керектігіне көзіміз жеткен 
сияқты. Оның басты себебі: екеуіне ортақ объект – этнос тілі болғанымен, оны 
екеуінің зерттеу тәсілі мен тереңдік деңгейі бірдей емес. Мәселен, 
«Киіз үй»
де-
ген объектіні алсақ, этнографтар да, этнолингвистер де оның құрамын (
сүйегін, 
киізін, бау-шуын), 
бөлшек-бөліктерін
 (шаңырақ, уық, кереге, есік, туырлық, үзік, 
түндік, басқұр, белдеу, желбеу т.б
.), сондай-ақ оларды жасау технологиясын 
сөз етуге міндетті. Алайда киіз үйге қатысты тіліміздегі бұлардан басқа жүзде-
ген атаулар мен мыңдаған қосымша ұғым-түсініктерді тәптіштей жинап, этнос 
тұрғысынан талдап, тарату этнолингвистердің ғана міндеті болса керек. Мұны 
нақтылы мысалдармен дәлелдеп жатуға мақаланың мүмкіндігі көтермейді.
Қорыта келгенде: этнос болмысына қатысты тіл фактілерін этнографияға 
қарағанда этнолингвистика әлдеқайда ауқымды да кең пайдаланып, олардың тіл-
дік мән-мағынасын жан-жақты да терең түсіндіруге тырысады.
Қоғамдық пәндермен этнолингвистиканың ара қатынасы осылай болса, 
лингвистикалық пәндермен болатын бұл қатынас сәл басқашалау. Олардың бір-е-
кеуін қарастырып көрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет