435 имплицитно: ат басындай алтын


Этнолингвистика және мәдениеттану (культурология)



Pdf көрінісі
бет36/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

Этнолингвистика және мәдениеттану (культурология).
Этносты та-
нып-білуге тұс-тұсынан ат салысып, өзіндік үлесін қосушы қоғамдық ғылым са-
лаларының бірі –
 мәдениеттану
(культурология) десек, ол этнос болмысының 
ауқымды да маңызды саласымен шұғылданады. «Мәдениет» жеке адамның ба-
сына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалып-
тасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың 
бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым.
Этнос мәдениеті
ғылыми тұрғыдан былай анықталып жүр: «Этнические 
культуры – эти особые исторически выработанные способы деятельности, бла-
годаря которым обеспечивалась и обеспечивается адаптация народов к услови-
ям окружающей их природной и социально-культурной среды»
9
. Бұл – мәдениет 
– әрбір этносқа тән белгілі бір табиғи-әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасатын 
құбылыс деген сөз. Өмір-тіршілік салты да, ортақ тіл, ортақ дүниетаным, ортақ 
психология т.т. – осының бәрін біз этнос мәдениетінен таба аламыз. Ал, соның 
бәрін танып-білудің ең басты құралы – тіл екендігін мәдениеттанушы ғалымдар-
дың
10
бәрі мойындайды. «В языке народ выражает себя полнее и многосторон-
нее, чем в чем-либо другом – не только в последнем своем положении, но и исто-
рически. Все, что есть у народа в его быте и понятиях, и все, что народ хочет 
сохранить в своей памяти выражается и сохраняется языком»
11
.
Бұл пікірден біз этнолингвистика мен мәдениеттің тіл әлемінде тоқайласа-
тынын айқын көреміз. Алайда, осыған қарап олардың зерттеу объектісін бірік-
тіріп жіберіп, бір ғылым деп қарауға да, өзіндік ерекшеліктері бар этнолингви-
змдер мен мәдени лексиканың арасына тепе-теңдік белгісін қоя салуға да бол-
майды. Оның басты себептері: 
біріншіден
, этнолингвистика этнос болмысына 
қатысты 
«тіл әлемін
» түгел қамтуға тырысса, мәдениеттану пәні өз міндетін 
«мәдениет» ұғымымен ғана шектеуге тиіс; демек, ол, қанша күрделі, ауқымды 
болса да, «бүтіннің бөлшегі іспетті дүние»; 
екіншіден
, мәдениеттану мәдениет 
түрлерінің (әдебиет, жазу-сызу, қолөнер, ән-күй өнері т.б.) пайда болуын, қалып-
тасуын, дамуын, өзіндік ерекшеліктерін талдап, таратып айтуды негізгі міндетім 
деп санаса, этнолингвистика барша мәдени лексиканы іштей сала-салаға жіктеп, 
жүйелеп, мүмкін болғанынша толық жинап алып, тілдегі өзінің нақыш-өрне-

Беляев А.И. 
Культурологические гипотезы... //Этнолингвистические проблемы 
семантики. М., 1978, с. 48.
10 
Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. 
Язык и культура... М., 1983, с.3. и др.
11 
Толстой Н.И.
И.И.Срезневский – диалектолог // Учен. зап. Тартуск. гос.унив. 1981., 
с. 573.


487
гімен сөйлете білу, сан алуан ұғым-түсініктердің мән-мағынасын ашып, номи-
нация, дифиниция түрінде сипаттап, этностық таным-талғам тұрғысынан түсін-
діруді мақсат етеді. Демек, бұл ортақ бір объектіні мәдениеттану мен этнолингви-
стика әр түрлі бағытта, деңгейде және мүдде-мақсатпен қарастырады деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет