485
Бір жағынан бұл заңды да құбылыс. Өйткені қай ғылым саласы болмасын,
өзінің қалыптасу дәуірінде ең алдымен бағыт-бағдарын, өз концепциясы мен
принциптерін, зерттеудің тәсіл-әдістерін анықтап алуға тырысады. Сондықтан
да, этнолингвистиканың объектілері мен мақсат-мүддесін айқындаудағы бұл
тәрізді әр түрлі көзқарастарды сол ізденістердің жолдары деп қараған жөн.
Осы орайда,
қазақ этнолингвистикасының да қалыптасу барысында
айқындала бастаған өзіндік дәстүрі мен үрдісі,
зерттеу объектісі мен әдіс-
тәсілдері, ұстанған принциптері жоқ емес
8
.
Енді соларға тоқталып өтейік.
Этнолингвистиканың зерттеу объектісі
–
барлық жағдайда да этнос
тілі екендігі айтылды. Алайда, ғылым-білім саласында тілге тікелей қатысты,
оны әр тұрғыдан зерттеуші, оған арқа сүйеуші пәндер көп-ақ. Олардың біразы
этнос тіліне байланысты этнолингвистикамен де сыбайлас, тілдік деректерді
өз мүддесіне
қарай зерттеп, білуге бағышталған ғылым, білім, мәдениет т.б.
салалар.
Бұл пәндерді өз ретінде: 1) этнос тіліне жалпы қатысы бар (мәселен,
мәдениеттану, этнография,
этнология, өлкетану, фольклористика,
мифология,
астрология, дінтану, педагогика, дидактика т.б. осы сияқты)
қоғамдық-
әлеуметтік пәндер
және 2) этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей
қатысты (мәселен, этимология,
диалектология, ономастика, фразеология,
паремиология, терминология, лексикография т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: