483
нақтылы зерттеуге өзек ету деген сөз.
Әдетте, осы екі объектіні – «
этнос»
пен «
тілді» –
біз тым еркін, кең мағы-
нада да, тар мағынада да, қолдана береміз. Осыған байланысты біз өз тарапымы-
здан ұсынып отырған концепциямызда «
этностың»
орнына «
этнос болмысы
»,
«
тілдің»
орнына
«тіл әлемі»
деген термин-ұғымдарды қолдануды жөн көрдік.
Оның екі-үш түрлі себебі бар: біріншісі – «
этнос»
деген ұғымның ауқымы тым
кең және барша жұртқа бірдей түсінікті еместігі; екіншісі –
«этносты»
тар
мағынаға сиғызып, жоғарыда көрсетілгендей, «
мәдениет», «этнография», «ми-
фология»
т.б. осы сияқты ұғымдардың баламасына айналдыруға келмейтіндігі;
үшіншісі –
этнолингвистиканың
этностың
шығу тегін, қауым ретінде қалып-
тасу процесін ғана емес, сонымен қатар оның тілінде қалыптасқан деректер
арқылы болмысын (яғни, рухани, мәдени өмірін, салт-дәстүр, тірлік-тіршілік
көздерін, ұлттық дүниетаным мен менталитетін т.т.) паш етуге мүдделі екендігі.
Сонда, «
этнос»
және «
этнос болмысы»
деген ұғымдарды этнолингвистика
тұрғысынан қалай түсінуіміз керек?
Достарыңызбен бөлісу: