435 имплицитно: ат басындай алтын



Pdf көрінісі
бет32/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

мақсат мүддесі мен 
зерттеу объектісі, әдіс-тәсілдері айқын, төрт аяғынан тік тұрған ғылым»
деп 
айтуға әлі ерте. Мұны біз жоғарыда аталған проф. М.М.Копыленконың еңбегінен 
де көріп отырмыз.
Осы орайда, этнолингвистиканың барлық тілдерге қатысты әмбебап ғылым 
ретінде толық қалыптасып, дами түсуіне кейінгі кездерде түркі тілдері негізінде 
етек ала бастаған ізденістер мен зерттеулердің, соның ішінде қазақ тілінің де қо-
сып отырған үлесін ескерген жөн. 
Бүгінгі таңда 
қазақ этнолингвистикасы 
ғылыми негізі қалыптаса 
бастаған, жан-жақты ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқында-
лып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылып отыр. 
Мұны белгілі ғалым проф. М.М.Копыленко өзінің 
«Этнолингвистиканың не-
гіздері»
7
деп аталатын еңбегінде айқын көрсетіп отыр. Қазақ этнолингвистика-
сына қатысты мәселелермен шұғылданушылар үшін бұл еңбектің берері мол. 
Онда, мәселен, қазақ топырағында дүниеге келген этнолингвистика ғылымының 
төңірегінде ғылыми мектеп қалыптасқандығы және бұл салада көп жылдар 
бойы үздіксіз жүргізіліп келе жатқан ізденістердің нәтижесінде айқындала 
түскен оның бағыт-бағдары, өзіндік үрдісі, зерттеу объектілері мен әдіс-тәсілдері 
кеңінен сөз болады. Мәселен, оның бұл кітапта жалпы проблема мен қазақ 
этнолингвистикасының нақтылы мәселелеріне қатысты 1044 еңбектің тізімін 
(библиографиясын) беруі зерттеудің құндылығын арттырумен қатар, қазақ 
этнолингвистикасымен
 
шұғылданам деген жас талапкерлер үшін жасалған үлкен 
қамқорлық.
Айта кету керек: осы еңбектің дүниеге келуі этнолингвистика тарихына, 
оның қалыптасу дәуірлеріне, жеке-дара пікірлерге шолу жасау міндетінен бізді 
босатып отыр.
Енді қазақ этнолингвистикасының
 
қадау-қадау мәселелеріне ой жүгіртіп, өз 
пікір-пайымдауларымызды ортаға салып көрейік.
Жоғарыда этнолингвистика о бастан-ақ екі ұдай объектінің – этнос және 
оның тілінің – ортасынан туындаған ғылым саласы дедік. Демек, бұл этнос пен 
оның тілі арасындағы табиғи тұтастықты саналы түрде сарапқа салып мойын-
дау, «
Этнос жоқ жерде тіл болмайды, тілсіз этнос болмайды»
деген қағиданы 

Жанпейісов Е.
Этнолингвистика // Ана тілі, 1994, 20 қаңтар

Копыленко М.М. 
Основы этнолингвистики. Отв. редактор академик А.Т.Қайдаров. 
Алматы, Евразия, 1995, с.178.


483
нақтылы зерттеуге өзек ету деген сөз.
Әдетте, осы екі объектіні – «
этнос» 
пен «
тілді» –
біз тым еркін, кең мағы-
нада да, тар мағынада да, қолдана береміз. Осыған байланысты біз өз тарапымы-
здан ұсынып отырған концепциямызда «
этностың» 
орнына «
этнос болмысы
», 
«
тілдің» 
орнына 
«тіл әлемі» 
деген термин-ұғымдарды қолдануды жөн көрдік. 
Оның екі-үш түрлі себебі бар: біріншісі – «
этнос» 
деген ұғымның ауқымы тым 
кең және барша жұртқа бірдей түсінікті еместігі; екіншісі –
 
«этносты»
тар 
мағынаға сиғызып, жоғарыда көрсетілгендей, «
мәдениет», «этнография», «ми-
фология» 
т.б. осы сияқты ұғымдардың баламасына айналдыруға келмейтіндігі; 
үшіншісі –
 
этнолингвистиканың 
этностың
шығу тегін, қауым ретінде қалып-
тасу процесін ғана емес, сонымен қатар оның тілінде қалыптасқан деректер 
арқылы болмысын (яғни, рухани, мәдени өмірін, салт-дәстүр, тірлік-тіршілік 
көздерін, ұлттық дүниетаным мен менталитетін т.т.) паш етуге мүдделі екендігі.
Сонда, «
этнос» 
және «
этнос болмысы»
деген ұғымдарды этнолингвистика 
тұрғысынан қалай түсінуіміз керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет