435 имплицитно: ат басындай алтын



Pdf көрінісі
бет33/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

«Этнос» 
– ғылым жүзінде: «Өткен бір дәуірлерде дүниеге келіп, белгілі бір 
географиялық ортада қалыптасқан, шұғылданған тіршілік-тірлігі бірыңғай, мі-
нез-құлқы ұқсас, діні де, тілі де бір, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы ортақ, өзінің 
ортақ тегін, туыстығын, тұтастығын сезіне білетін, сатылап даму барысында 
аналық, аталық, рулық, тайпалық, ұлыстық және халықтық дәуірлерді басынан 
кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы» болып танылады.
Мұндай этностар жер жүзінде өте көп және олар сан жағынан да, даму 
сатысы бойынша да әр түрлі: көбісі халық, ұлт дәрежесіне көтерілсе, ру-тай-
па деңгейінде қалып қойғандары да аз емес. Қазақ
 
этносы болса, бүгінде өзінің 
шарықтау шегі – ұлт дәрежесіне көтеріліп отыр. Зерттеу мақсатына байланысты 
қазақты «
этнос» 
деп қараудағы мақсат – оны төмендету емес, қайта оның басып 
өткен ұзақ та сатылы даму жолын (ретроспективті бағытта) саралай түсудің, та-
рихи этнотұлға ретінде танудың бірден-бір дұрыс жолы, кепілдігі деген сөз.
Енді осы «этнос» деген тарихи күрделі ұғымды сол қалпында ала салмай, 
этнолингвистика мақсатына орай 
«этнос болмысы»
деген ұғыммен алмасты-
руымыздың себебіне келсек, ол да ойға қонарлық уәж сияқты. 
Біріншіден, 
біз этностың жеке мәселелерін емес, оның тұтас бейнесін, барша болмысын 
анықтағымыз келеді; 
екіншіден, 
этнос туралы толық мағлұмат тек оның тіл қа-
зынасында ғана сақталады. Этностың шынайы болмысы басқа (мәс., этнология, 
антропология, археология, этнография т.б.) ғылымдар дәл этнолингвистикадай 
айқындай алмайды.
Сонда, «
этнос болмысы
» деп нені түсінеміз? Біздің пайымдауымыз- ша 
«этнос болмысы»
– этностың ұлттық бейнесі, тарихи тұлғасы және ол туралы 
реальды шындық (реальная действительность). Басқаша айтқанда: «этнос 
болмысы» дегеніміз этностың сонау балаң кезінен бүгінгі есейген шағына 


484
дейінгі кешірген өмір-тіршілігінің айнасы, оның тілі арқылы қалыптасып, 
жадында сақталып, ұрпақтан нәсілге мирас болып ауысып келе жатқан бай 
рухани-мәдени қазынасы».
Этнос туралы кейбір деректер бүгінгі ұрпаққа археологиялық қазба-
лар мен сәулет кесенелері, тас мүсіндер мен қашалып жазылған тас ескерт-
кіштер арқылы да жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі – этнос басып өткен 
өмірдің мың да бір елесі ғана. Этностың шынайы бейнесі, болмысы оның 
тілінде ғана, тілі арқылы ұрпақ жадында ғана сақталады екен. Этнос тілін-
де тек оның өзі туралы ғана емес, өзі жасап келе жатқан табиғи ортасы 
мен қоғамдағы қарым-қатынастары туралы да, жан дүниесі, жүрек сыры, 
қуануы мен сүйінуі, ренжуі мен күлуі, түс көруі, ұққаны мен түйгені, танымы 
мен талғамы, барлық құбылысты өзінше бағалап-бағамдауы – бәрі-бәрі, біле 
білсек, өз тілінде өрнегін тауып, өзіне-өзі көрсететін айна іспеттес.
Этнос туралы осыншама мол деректер мен мағлұматтарды тек тіл ғана өз 
бойына сиғызып, сары майдай сақтап, шашпай-төкпей ұрпағына жалғастыра 
алады. Осы қасиетіне байланысты тіл феноменін – 
«тіл әлемін»
этностың 
өзін танып-білудің қайнар көзі, біліктіліктің кәусар бұлағы десек, артық 
айтқандық емес. Бұл ұғымның ауқымына тілдің барлық қасиеті түгел сыйып 
тұрғандай: этностың дүниеге келуіне ұйытқы болған да – тіл, рухани-мәдени 
өмірінің өзегі де, өзін-өзі танып-білудің өлшемі де – сол тіл т.т. Осының бәрі 
«тіл әлемінен» табылады.
«Адамтану», «Қоғамтану»,
«
Табиғаттану
» деп 
аталатын ғылым салаларының қалыптасуына негіз болатын да, біле білсек, 
осы «тіл әлемі». 
Сонымен, 
«тіл әлемі
» дегеніміз – этнос болмысына қатысты мыңдаған, 
тіпті миллиондаған мағыналық бірліктердің жиынтығы, синтезі.
Міне, осынау бай тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толық 
меңгеру, оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына-мазмұнына 
бойлап еніп, оны игеріп, танып-білу, жүйелей түсіп, жан-жақты зерттеу 
этнолингвистиканың ең басты міндет-мақсаты болмақшы.
Тілді кейде көп бұлақтан бастау алып, арнасына симай, асып-тасып 
жатқан шалқар дарияға теңейтініміз, шынында да, оның мәңгілікті қалайтын, 
жасай бергісі келетін, жасаған сайын жасара беретін (Ғ.Мүсірепов) ғажай-
ып құбылыс екеніне байланысты болса, этнолингвистиканың дүниеге келіп, 
өзін болашағы зор ғылым саласы екенін көрсете бастауы, оның ана тіліміздің 
міне, осы бір қасиеті мен құдіретіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет