435 имплицитно: ат басындай алтын


 Қазақ этнолингвистикасының мықтап ұстанатын принциптерінің



Pdf көрінісі
бет41/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

5. Қазақ этнолингвистикасының мықтап ұстанатын принциптерінің 
тағы бірі – жүйелілік
. Мұны этнолингвистикалық зерттеулерде тұрақты да 
бірізділікпен қолдану әдіс-тәсілдерінің бірі және ең тиімді тетігі деп санаған 
жөн.
Этнос болмысындағы сан алуан заттар мен құбылыстар бір қарағанда бас-
аяғы араласып, қобырап жатқан дүние болып көрінуі мүмкін. Ал, шын мәнісінде 
олар табиғи болмысынан-ақ бірінен-бірі туындап, бірі мен бірі мағына-мазмұн 
жағынан, логикалық, тақырыптық қатыстылығына қарай жүйе-жүйесімен 
тұрған, объективті заңдылық бойынша реттелген дүние. Алайда, бұл заттар мен 
құбылыстардың табиғи реттілігі мен жүйелілігін тіліміздегі мыңдаған атаулар 
арқылы анықтау мүмкін емес. Оны алфавит тәртібімен де көрсете аламыз. 
Міне, осы орайда, этнолингвистикалық зерттеудің жүйелілікке байланысты 
тағы бір ерекшелігі ұстанатын принципі байқалады. 
Қазақ этнолингвистикасы зерттеу объектілерін өзара әрі
іштей топта-
стыра зерттеу (классификациялау) 
принципін қатал сақтауды талап етеді. Бұл 
жүйелілік принципі талабынан туындайтын әдіс-тәсілдердің біріне жатады. 
Жоғарыда көрсетілгендей, объективті болмыстағы заттар мен құбылыстар-
дың табиғатын, тылсым сырын танып-білудің екі түрлі жолы бар: оның бірі – 
тілдегі барша атауларды хатқа түсіріп, алфавит тәртібімен қарастыру да, екін-
шісі – олардың мән-мағынасына, қолданылатын тақырып сәйкестігіне, өзара 
байланыс-қатыстылығына қарай топтастыра зерттеу (классификациялау).
Тіл-тілдердің сөздік қорында ғасырлар бойы қордаланып, шоғырланып 
тұратын лексикалық байлықты жүйелеп, өзара топтастыра қарастыру 
этнолингвистиканың ғана талабы емес. Оны біз шығыс әлемінде, әсіресе түркі 
тілдерін зерттеулерге қатысты еңбегінде тым ертеден-ақ келе жатқан дәстүр 
екендігін көреміз. Мәселен, Шығыстың ғұлама ғалымы Махмұд Қашқари өзінің 
«Дивану лұғат ат-түрк
» (түркі тілдер сөздігі) атты (XI ғ.) әйгілі еңбегінде де, 
қыпшақ тайпалары тілінің сөздігі – 
«Кодекс куманикус
» (XIV ғ.) атты сөздікте 
де, тіпті Шығыстың ұлы шайыры Әлішер Науайдың 
«Екі тіл туралы ой-пікір
» 
атты (XV ғ.) поэтикалық трактатында да тіл материалын топтастырып қарау 
принципінің тамаша үлгісі көрсетіледі. Мысалы: М.Қашқари сол кездегі түркі 
тайпаларының лексикалық байлығын жинақтай келе, оны «
Түркілердің өмірі 
туралы
», «
Түркілердің материалдық-мәдени заттары туралы
», «
Ру-тайпа 
туралы», «Жер-су аттары туралы»...
деп басталып, «
Балалар ойындарымен»
аяқталатын 30 тақырыптық топқа жіктеп қарастырған екен
13



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет