«Кодекс
13
Кононов А.Н.
Махмуд Кашгарский и его «Дивану лугат ат-турк» // Cоветская туркология,
491
куманикусте»
болса, лексикалық байлық
40 түрлі
(мәс.,
«Құдайға және оның
атына байланысты сөздер», «Ауа райы мен аспан әлеміне... байланысты
сөздер», «Уақыт, мезгіл атауларына байланысты сөздер», «Бес сезім
мүшелерінің аттары» т.т.)
тақырыптық топқа жіктеліп беріледі
14
. Ал, Әлішер
Науаи болса, аталмыш еңбегінде түркі тілінің классикалық парсы тілінен артық
болмаса, бірде-бір кем емес екендігін мәселен, 100 етістіктің синонимінің
мүмкіндігін, сондай-ақ әр саладағы тақырыптық топтардың (
«аң-құстарға»,
«жылқының жасы мен түр-түсіне»
т.б. қатысты) байлығын келтіру арқылы
дәлелдейді
15
.
Міне, тіл байлығын жан-жақты паш етудің де, терең меңгерудің де тиімді
жолы ретінде тым ерте қалыптасқан осынау бір ұстаным бүгін этнолингвистика
ғылымында да өз жалғасын тауып, жаңа үрдіске ие болып отыр. Мұны біз орыс
тілінен де көріп отырмыз. Мысалы, академик Н.И.Толстойдың басшылығымен
шыға бастаған этнолингвистикалық сөздікте
16
жинақталған тіл материалы 24
тақырыптық топқа бөлініп қарастырылыпты
17
. Мысалы
«термины: ботаники,
географии
,
горного дела, демонологии, животноводчества, кулинарии, народной
астрономии, одежды, строительства, рыболовства, цветообозначения,
ткачества
и т.д.» сияқты).
Бұл дәстүрдің тікелей жалғасын қазақ этнолингвистикасынан да көріп
отырмыз. Бірақ ол ендігі жерде жай топтастыру ғана емес, қазақ этносының өз
болмысын, барлық объективті дүниені өзінше танып-білуі тұрғысынан жүйелік
заңдылығына сүйене отырып әр зерттеудің өз мақсатына орай өз дамуын тауып
отыр деп айта аламыз. Басқаша айтқанда: тіл байлығындағы заттар мен құбылы-
стардың атауларын үлкенді-кішілі (макро-микро) тақырыптық, мағыналық,
тұлғалық т.б. топтарға (салаларға, кластарға, тарау-тармақтарға т.б.) бөліп қарау
ғылыми тұжырымды (концепция) іске асырудың ұстанымы (принципі) ретінде
талап етілмекші.
Бұл принциптің теориялық, сондай-ақ танымдық, талғамдық мәні де, прак-
тикалық (материалды пайдалану, оны игеру, үйрену тұрғысынан) маңызы да аз
болмаса керек. Мәселен, этносқа қатысты білгің келген ұғым-түсінікті әдеттегі
алфавиттік сөздіктерден іздеп табу үшін ең алдымен сол сөздің өзін (жазылуын,
айтылуын) білуің керек. Олай болмаған жағдайда сөздікті бастан-аяқ тү-
1972, N1, c. 12 и др.
14 Бұл мысалдар аталмыш cөздіктің негізінде түзіліп, С.Құрышжанов, А.Қ.Жұбанов,
А.Б.Белботаевтар авторлығымен шыққан «Құманша-қазақша жиілілік сөздік” атты еңбектен
(Алм., 1978, 12-14 б.б.) алынды.
15
Насилов Д.Н
.
Лингвистические взгляды Алишера Навои // История лингвистических
учений. Средневековый Восток. Л., Наука, 1981, c. 151.
16 Этнолингвистический словарь славянских древностей. Под ред. акад. Н.И.Толстого.
М., Наука, 1966, Т. I.
17 Хроника Полесских экспедиций (Лингвистика. Археология, Топонимика). М.,
«Наука»,1968.
492
гел ақтарып, әрбір сөздің мағынасын оқып барып іздеген сөзіңді та-
буың мүмкін. Ал, этнолингвис- тикалық еңбектерде адам өзіне қажетті сөздерді
оның мағына, түсінігі арқылы іздеп, ол жататын тақырыптық топтардың жүй-
есінен тез тауып алуына болады. Тауып қана емес, сол сөзді қоршаған контекст
арқылы оған қатысты басқа да мағлұматтармен таныса алады.
Этнолингвистикалық материалды топтастырудың принциптері, әдетте,
зерттеу объектісі мен оны танып-білу мақсатына байланысты жүзеге асыры-
лады. Егер зерттеу объектісін
Достарыңызбен бөлісу: |