489
да туындап, қазақ этносын оның тілі арқылы танып-білу мақсатымен бұдан 15-
20 жыл бұрын (1985 жылдарда) басталған ізденіс барысында іргетасы қаланып,
өзінің бағыт-бағдарын, мақсат-мүддесін айқындай түскен, зерттеу объектілерін
саралап, тәсіл-әдістерін күн санап ширата түскен ғылым саласына жатады.
Алайда, бұл айтқанымыздан қазақ этнолингвистикасы өзінің шарықтау шегіне
жетті деген ұғым тумаса керек. Бірақ ол – ғалымдар тарапынан қолдау тауып
жатса, өзінің даму барысында әлі де шыңдала түсері кәміл өміршең ғылым.
Қалай болған жағдайда да: қазақ этнолингвистикасының бүгінде өзінше
түйген ой-тұжырымы, өзінше бағамдап, бағдарлауы, өзіне тән деп айта алатын
ерекшеліктері жоқ емес. Солардың біразын санамалап өтейік.
1. Қазақ этнолингвистикасының өзі үшін (басқалар үшін де!) бір- жолата
басын ашып, айқындап алған мәселесі –
Достарыңызбен бөлісу: