435 имплицитно: ат басындай алтын


Қазақ этносының ұлттық бейнесін



Pdf көрінісі
бет40/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

Қазақ этносының ұлттық бейнесін, 
өзіндік болмысын толық та түбегейлі түрде тек оның тіл байлығы – «тіл 
әлемі» арқылы ғана жан-жақты танып-білуге болатындығы.
2. 
Қазақ этнолингвистикасы
алдына қойған мақсаттың мүддесінен шығу 
үшін
 этнос тіліне қатысты көптеген қоғамдық пәндермен де, лингвистика 
салаларымен де бірлесе отырып, өзара сыбайласа, іліктесе әрекет ететін, 
бірақ олардың бірде-біреуінің шылауында жүрмейтін, пәнаралық қызмет 
атқарып, «қолбала» да болмайтын, өзіндік үрдісі мен принципін сақтаушы 
әмбебап ғылым.
3. 
Қазақ этнолигвистикасы
қазақ тілінің
 лексикалық байлығын мүм-
кін болғанша
(жетер жеріне жеткізе)
түгел қамтып

індете зерттеуді мақсат 
етеді. Тіл әлеміндегі этнос бейнесін тек лексика қорының жиі қолданыла-
тын «үстіңгі қабатындағы» мағыналық бірліктер негізінде ғана емес, со-
нымен қатар оның төменгі қабаттарында, қойнау-қолаттарында тұнып 
жатқан (бүгінде сирек қолданылатын) сөз маржандары арқылы да жаңғы-
ртуға тырысады. Этнолингвистикалық зерттеулердің өзіндік бір ерекшелі-
гі – әдеттегі (түсіндірме, екі тілдік, терминдік, этнографиялық т.б.) сөздік-
терге ене бермейтін құнарлы да сапалы, бейнелі де көркем, көне де байы-
рғы сөз өрнектерін, тіпті айтуға тыйым салынған «ұят» сөз деректерді де, 
әзіл-қалжыңдарды да қамтуында. 
4. Қазақ этнолингвистикасының тағы бір принципі – 
лексикалық бай-
лықтың мазмұны мен мән-мағынасын этностық таным тұрғысынан то-
лық ашу, этнос болмысына қатысты бағалы мағлұматтар мен құнды де-
ректерді түгел сөйлету, тілдің өзіне тән бояу-нақышымен бейнелі де көркем 
түрде суреттеу.
Бұл принциптер мыңдаған (сөз, сөз тіркесі, тұрақты тіркесі түріндегі) бір-
лікті екі түрлі деңгейде – алғашқы (о бастағы, ең негізгі) номинативті мағына-
сы мен этностық танымынан туындаған 
«этнолингвис- тикалық мағынасы
» 
деңгейінде – түсіндіруді, анықтауды, топшылауды, сипаттауды талап етеді. 


490
Бірінші деңгейдегі түсініктеме, анықтамаларды біз әр түрлі лексикографиялық 
еңбектерден кездестірсек, екінші деңгейдегі терең де жан-жақты түсініктемелер 
тек этнолингвистикалық зерттеулерде ғана берілуге тиіс. Бұл туралы төменде 
жеке тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет