435 имплицитно: ат басындай алтын



Pdf көрінісі
бет48/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

«тіл фактісін түгел 
қамтып, індете зерттеу»
принципінің алғы шартының орындалуы болса, енді 
осы атауларды жүйе-жүйесі бойынша мазмұнын, салттық мәнін ашып, мағына-
сын түсіндіру «таза» тіл мамандарының емес, ұлттық салт-дәстүрден хабардар, 
тіл фактілерін толық игерген этнолингвистердің міндеті деп айтуға болады.
Осылайша әрбір зат пен құбылысты жетер жеріне жеткізе, «індете зерттеп», 
оларды жіктеп-жіліктеп қарастыратын болсақ, біздің жалпы дүниетанымымыз 
артып, этнос ретінде өзіміз туралы білгеніміз көп болар еді.
Бір ғажабы: біз ұсынып отырған 
«індете зерттеу»
тәсілін лексикалық бай-
лығымыздың белгілі бір саласында, не тарау-тармағында, тақырыптық тобында 
ғана емес, кез келген мағыналық бірліктің тамырын қуалай таратып, танып-білу 
үшін де пайдалануға болатындығы.
4. Тіл байлығы
 сөз санымен ғана емес, оның сапасымен

мағына те-
реңдігімен, ауқымдылығымен де өлшенеді
. Олай дейтін себебіміз: тілдің лек-
сикалық байлығын екі түрлі «өлшеммен» анықтауға болады. Оның бірі – көне 
заманнан бері қалыптасып келе жатқан бір буынды және екі буынды (бұл сирек-
теу) түбір сөздер мен солардың негізінде пайда болған мыңдаған туынды түбір-
лердің жалпы саны да, екіншісі – солардың беретін мағына саны мен мағына 
ауқымы. Бұл лексиканың сандық мөлшерінен 2-3 есе артық сапалық мөлшері. 
Тілімізде ғасырлар бойы бірде-бір 
«су жаңа сөздің»
(бұған ауыс-түйістер жат-
пайды) өздігінен пайда болмағанын ескерсек, жалпы тіл лексикасының дамуын 
ең алдымен ұғым-түсініктер мен мағынаның (семантикалық) дамуы деуге қақы-
мыз бар. Тілімізде бұрыннан келе жатқан және сырттан қабылданған сөздер не-
гізінде толассыз туындап жатқан «жаңа» сөздердің тіркес түріндегі атаулардың 
бәрі, сайып келгенде, сол жаңа ұғым-түсініктер мен мағыналарды сипаттау үшін 
барлығы келіп жатқан дүниелер.
Мұның сыртында 
негізгі атаулар
білдіретін заттар заттар мен құбылыстар-
дың іштей жіктелуі, бөлінуі, даралануы нәтижесінде пайда болған сан алуан түр-
лерін білдіретін (мыс., 
жел: аңызақ жел, жайдақ жел, баяу жел, саумал жел, 
жатаған жел, қарсы жел, қума жел, қарыма жел
т.т. – 50-ден астам) туынды 
мағыналық бірліктер тағы бар. Бұлар этностың дүниетанымына, өмірлік тәжіри-
бесіне қатысты фактордың тілдегі аса қажет бір көрінісі. Бұл құбылысты этно-
21 
Бабалықов Ж
.
 
Малдың бас атаулары // «Білім және еңбек», №10, 1985, 38-40 бб.


497
лингвистер кез келген «тірек» сөздер мен нақтылы ұғым-түсініктің төңірегінен 
өрбітіп, көрсете алады. Мәселен, олар қазақ тілі қорында: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет