495
деген сөз. Сонда ғана этнос табиғатын толық танып-білуге қажетті тілдік фак-
тілерді,
сол фактілердің қабатында,
астарында,
қайнар көзінде жатқан небір
ғажайып этнолингвистикалық
деректерді тауып, сөйлетуге болады.
Олардың
«ірілерін»
ғана емес, «майда-шүйделеріне» дейін түгел қамту ләзім.
«Індете
зерттеуге
» әрбір зат пен құбылыстың, ұғым мен түсініктің жеке бастарын ғана
емес, олардан туындап, өркендеп, бұтақтап, балалап, тарап жатқан туындыға да
қатысты дүниенің бәрін (олардың атауы арқылы) түгел қамту міндеті де жатады.
Бір-екі мысал келтіре кетейік.
Мәселен, қазақ тілінде адамның дене мүшелері
мен ішкі ағзаларына
байланысты 500 ден астам атау бар екен. Ал, сол атаулардың бірі – «көз» десек,
сол «көздің» өзінен туындаған ұғымдардың өзі – тілімізде бірнеше жүз. Біз
жинақтаған материалымызда
«көздің
» түрін ғана (түр-түсін, бітім-болмысын, әр
алуан қасиетін, өзіндік ерекшеліктерін т.б.) сипаттайтын 100-ден астам тіркес-
атау қамтылыпты;
бота көз, қарақат көз, құралай көз, қой көз, сиыр көз, тана
көз, жапалақ көз, тышқан көз, жылан көз, қара көз, көк көз, қызыл көз, айран көз,
бітік көз, былшық көз, бит көз, жұмық көз, ақ көз
т.т. Бұл арада мәселе, тек көз
түрлерінің есебін алып, түгендеу де емес, солардың әрқайсысына тән қасиеттерді
этностық таным тұрғысынан сипаттап беруде. Осы орайда: «Ақылсыз басқа
Достарыңызбен бөлісу: