ердің
42 түрі, 40-тан
астам
қауынның
түрі, сырғаның 40-қа жуық түрі,
күлкінің
10,
күлудің
40-тай
түрі,
ақынның
150 түрі,
көздің
100-ден астам түрі,
«сөз»
сөзінің 300-дей түрі
т.т. бар деп көрсетіп те жүр. Бұл тәрізді туынды атаулардың жалпы саны тілдегі
негізгі атаулардан 2-3 есе артық.
Бұлар, әрине, қабаттасып жүрген басы артық сөздер емес, қайта ғасырлар
бойы этнос тәжірибесінен туындап, қалыптасып ой-өрісімізді кеңейте түсетін,
тілдің потенциялық мүмкіндігін еселеп, арттыра беретін, оны дәйім толықты-
рып отыратын бұлақтардың бірі. Бұларды түгел жинап, жүйелеп, мазмұн-мағы-
насын ашып беру де – этнолингвистиканың төл ісі.
Этнолингвистикалық арналар.
Тілдің лексика-семантикалық қорын да-
мытудың, байытудың көздері бұлармен ғана шектелмейді. «
Негізгі
және
туын-
ды мағыналық бірліктер
» деп аталған бұл екі топты сан жағынан ғана емес, сапа
жағынан да байытып, оны этнос туралы небір құнды дерек-мағлұматтармен
толықтырып, мазмұн, тақырып ауқымын кеңейтіп, мән-мағынасын тереңдете
түсетін тілдің басқа да көздері бар. Біз оларды
«этнолингвистикалық арна-
лар»
деп атадық. Олар сан алуан бұлақтан бастау алып, «тіл әлеміне» келіп құй-
ылып жатқан 6 арнадан тұрады.
Олар мыналар: баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал-
мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиеті үлгілері.
1)
Баламалар.
Бұларға тіліміздегі негізгі атауларды бейнелі түрде суреттеп
беруден туындаған (мыс.
көмір
–
«қара алтын»,
телевизор
–
«көгілдір
экран»
т.б.)
жасанды баламалар
(перифраздар) мен әр түрлі наным-сенімге,
әдет-ғұрыпқа (ат тергеу, көңіл айту, ұятты сөзден қашу, т.б.) байланысты
тыйым салынған «табу» сөздерді (
Достарыңызбен бөлісу: |