435 имплицитно: ат басындай алтын


«мылтық » деген ұғымды  « белі бүкір, алысқа түкір » деп, « құлыпты



Pdf көрінісі
бет52/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

«мылтық
» деген ұғымды 
«
белі бүкір, алысқа түкір
» деп, «
құлыпты
» – «
Бір итім бар үрмейтін, өзімнен 
басқаны үйге кіргізбейтін
» деп, 
«түтінді
» – 
«ұзыннан ұзақ, көкке тұзақ
» деп 
«диірменді
» – 
«қараңғы үйде қабан күркірейді
» деп, түсіндіру жұмбақ мақсаты-
ның бір жағы болса, оның екінші жағы – оларды дұрыс байыптап, түсіне білу. 
Жұмбақталған объектіге (яғни сөзге, ұғымға) сәйкес сайланған баламаның мо-
тивін тек ұлттық менталитет, этностық таным негізінде ғана айқындап түсін-
діруге болады. Жұмбақты этнолингвистикалық арнада тоғысатын бұлақтардың 
бірі деп қарауымыздың басты себебі, міне, осы. Мәселен, «
Айдалада қу қазық, 
мергеншіге жол азық
» деген жұмбақтың шешімі «
қоян
» екенін тек қазақы 
түсінік негізінде ғана табуға болады.
6) 
Ауыз әдебиеті үлгілері
. Әр түрлі бұлақтардан бастау алып, тарамданып 
келіп,
 этнолингвистикалық кең арнаға
құятын салаларға ауыз әдебиеті үл-
гілері де жатады. Бұларға жанры мен тақырыбы, құрамы мен құрылымы, мазмұ-
ны мен мағынасы әр алуан болып келетін халық жадында сақталып, рухани 
мұра болып, ұласып, ауысып келе жатқан: 1) авторы белгілі ақыл-нақыл сөздер; 
2) салт-дәстүрге (әдет-ғұрып, наным-сенім, ырым-кәде, жөн-жоралғы т.б.) қаты-
сты деректер; 3) той-томалақ, мереке-мейрамдарға байланысты рәсім-салтанат 
үлгілері; 4) көріпкел, сәуегейлілікке қатысты әңгімелер; 5) әзіл-оспақ, артын-
да зіл жоқ бірқақпайлар мен күлдіргі сөздер т.б. осы тәрізді «тұрмыстық жеңіл 
жанр» үлгілері жатады.
Бұлардың бәрі – этнос өмірінде туындап, соның өзіне ғана тән рухани, мә-
дени танымды бояу-нақышымен тағы бір қырынан суреттеп, «тіл әлемінде», 
бейне бір зерде тас бөлшектеріндей жарқырап тұратын этнолингвиздер. Этно-
лингвистикалық зерттеулерде олар тұлға, құрылым жағынан әр алуан – бірде 
жай сөз тіркесі, тұрақты тіркес, енді бірде шағын мәтін (текст), қысқа баяндау, 


500
өлең-жыр бөлшегі т.т. – болып келсе де, «тірек» сөз арқылы негізгі және туын-
ды мағыналық бірліктерге (атауларға) қатысты әр түрлі тақырыптық топтарда 
сипатталуға тиісті. Бір-ақ мысал: негізгі атауды 
«сүмбіле»
десек, оған қатысты 
ел жадында сақталған 
«сүмбіле ұзын болса, көктем де ұзаққа созылады
» деген 
болжам мәлімет келтіріліп, неге олай деуіміздің мән-жайы түсіндірілуі тиіс.
Міне,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет