498
көріңіздер:
жерден жеті қоян тапқандай
(қуану),
екі иығына екі кісі мін-
гендей
(дәу, үлкен),
екі бетіне пышақ жанығандай
(арық),
құлаққа ұрған
танадай
(мәңгіру),
иттің құртындай
(құжынаған көп) т.б.
3)
Фразеологизмдер
. Тақырып, мағына, тұлға жағынан әр түрлі болып ке-
летін тұрақты тіркестердің үлкен бір саласы тілімізде (15 мыңнан астам) –
фра-
зеологизмдер
десек, олар да қандай ұғым-түсінікке қатысты болмасын, сайып
келгенде, адамның іс-әрекетін, сын-сипатын, қалып-күйін, дүниетанымын өзін-
дік бояу-нақышымен бейнелейтін танымдық мәні зор көркем сөз бұлақтарына
жатады. Оны мына мысалдардан да:
шошқа тағалау, бастан құлақ садаға, ит
терісін басына қаптау, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ, түйе үстінен сирақ үйіту,
шөп басын сындыру т.б.
айқын көре аламыз. Бұлардың жасалуына ұйытқы бо-
лып тұрған «құлақ» (мал құлағы), «ит терісі», «қағанақ, сағанақ», «сирақ үйіту»,
«шөп» тәрізді
«тірек»
компоненттердің
,
көріп отырғанымыздай, адамға тікелей
қатысы жоқ. Сондықтан да, этнолингвистика үшін ең қиын мәселе осы сияқты
фразеологизмдердің ауыс мағынада қолданылу мотивтерін түсіндіру. Басқаша
айтқанда: мысалы, «
түйе үстінен сирақ үйіту
» мен
«өз ісіне немқұрайлы қа-
рау, жүрдім-бардым істеу
» арасындағы мағыналық сыбайластық пен астарла-
стықты сөзбен де, жазып та дәлелдей білу. Ол үшін фразеологиялық мағынаның
қалыптасуындағы екі деңгейін этнолингвистикалық
тұрғыдан сабақтас- тыра
білу қажет.
4)
Достарыңызбен бөлісу: