48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары


Мадимарова Г.С., Сүлейменова Д.Н., Абдигалева М.К



Pdf көрінісі
бет107/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   295
Байланысты:
3-книга

 
Мадимарова Г.С., Сүлейменова Д.Н., Абдигалева М.К. 
ЛАЗЕРЛІК СКАНЕРДІ ПАЙДАЛАНЫП КАРЬЕРДЕ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ТҮСІРУЛЕР 
ЖҮРГІЗУ 
 
Аңдатпа: Бұл мақалада лазерлік сканерді пайдаланып карьерде геодезялық түсірістер 
әдістемесі қарастырылған. Сонымен қатар техникалық жоба құру, пландық-биіктік негіздеу 
жұмысының жұмыстық жобасын құру, рекогносцировка және абристер құру, негізгі пландық-
биіктік негіздеме құру, нәтижелерді өңдеу, үш өлшемді модельдер құру және жұмысты тапсыру 
сканирлеужұмысы екендігі туралы баяндалады. 
Түйін сөздер:карьер, деформация,лазерлік сканер, пландық-биіктік, объект, карьер 
қиябеттері, опырыла құлау, жылжу, растрлық кескін. 
 
Тау кен жұмыстарын орындау барысында карьер қиябеттерінің опырыла құлауы мен жылжуын 
лазерлік сканермен жүзеге асырған өте қолайлы [1]. 
Лазерлік сканерлеудің мақсаты карьер қиябеттерінде пайда бола бастаған жылжымалар мен 
опырылуларды дер кезінде табу және күні бұрын ескерту, сонымен қатар адамдардың өміріне қауіпті 
және кәсіпорнына экономикалық зиян келтіретін деформацияларға қарсы шараларды жасауға 
мүмкіндік туғызу. 
Жер беті лазерлік сканерінің мәні жоғары жылдамдықпен лазерлік сәуленің таралуы, сканер мен 
объектідегі нүктелерге дейінгі арақашықтықты, вертикаль және горизонталь бұрыштарды өлшеуі 
болып табылады, жұмыстың нәтижесі ретінде үш өлшемді растрлық кескін яғни скан алынады, 
мұндағы нүктелер жинағын «нүктелер бұлты деп атап, ал осы скандарды біріктіру әдісін-тігу деп 
атайды. Тігуді дұрыс орындау үшін көршілес скандар жабынды аймақты құрулары тиіс және олардан 
бақылау нүктелері таңдалынады.
Сканирлеу жұмысы техникалық жоба құру, пландық-биіктік негіздеу жұмысының жұмыстық 
жобасын құру, рекогносцировка және абристер құру, негізгі пландық-биіктік негіздеме құру, 
сканирлеужұмысы, нәтижелерді өңдеу, үш өлшемді модельдер құру және жұмысты тапсыру ретімен 
жүргізіледі. Техникалық жоба құру кезінде қажетті дәлдік, формат, пайдаланылатын аспап, жұмысты 
жүргізу бағасы, мерзімдер көрсетіледі (1-сурет).
Пайдалы қазбаларды өндіру кезінде тау-кен жұмыстарын бақылау бекітілген жоба негізінде 
жүргізіледі. Мұндай бақылау жұмыстарына ай сайынғы тау-кен қазба жұмыстарының көлемін 
анықтау, қоймалар және бос жыныстар үйінділерін түсіру жатады. 
Сканирлеу алдында дайындық жұмыстары жүргізіледі [2]. Ол үшін карьердің периметрі бойынша, 
жағалауында және оның кертпештерінде карьер (толық көрінетін жерлерде) тұрақты нүктелер 
(пункттер) орнатылады және олардың координаталары анықталады (2-сурет). 
Карьер қиябеттерінің, кемер және үйінділердің, кеніштерде жерасты қазбаларының төбелерінің
табандарының, кентіректердің және техногендік барлық тау-кен құрылыстарының жай-күйін 
(деформациялануын) аспаптық бақылауда және нысандардың орнықтылығын қамтамасыз 
етуделазерлік сканер кеңінен қолданыс тапты.


130
1 сурет – Cканирлеу жұмысының орындалу реті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет