48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары


Смағұлова А.С., Тастемірова Б.И



Pdf көрінісі
бет257/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   295
Байланысты:
3-книга

 
Смағұлова А.С., Тастемірова Б.И. 
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ БАРЫСЫНДА ЖОБАЛАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ СТУДЕНТ 
ПЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ
 
Аңдатпа. Жобалау жұмыстары студенттердің біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны 
өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман 
сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлға болуының бірден-бір жолы.
Түйін сөздер: жобалау жұмыстары, біліктілік, ауыз-екі тілді жаттықтыру. 
 
Қазіргі заман талабына сай кез-келген маман иесі үш тілді меңгеруі қажет. Үштілділік туралы 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің 
III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. 
Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 
атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде 
46
67
75
84
87
2013 г.
2014 г.
2015 г.
2016 г.
2017 г.


304
танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-
жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. 
Ендігі біздің міндетіміз сабақ беру барысында студенттердің ағылшын тілін білу деңгейлерін 
жетілдіру бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру, әдіс-тәсілдер қолдану, сапалы білім беру. Соның 
бірі – жобалау жұмыстарын беру арқылы студенттің сөйлеу тілін жетілдіру [1]. 
Студенттің жобалау жұмысы сапалы мамандар дайындаудың мыңызды құралының бірегейі.
Жобалау жұмыстарының негізгі міндеттері студенттердің қалыптасуы мен шығармашылық 
қабілеттерін арттыру, дамыту және жоғарғы білімді деңгейі жоғары маман даярлау нысанын жетілдіру. 
Студенттерге жоба жұмыстарын орындау барысында профессорлар мен жоғары оқу орнының 
оқытушылары алғашқы бағыт-бағдарын береді.
Жобалау жұмыстары студенттердің біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз 
тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына 
сай ізденімпаз, шығармашыл тұлға болуының бірден-бір жолы.
Оқу материалдарын берудің негізгі тәсілі ақпараттандыру болған және солай қала береді. Оқытушы 
дәріс беру, әңгімелесуі және басқа да әдеттегі әдістері арқылы студенттердің білім алуына ықпал етеді
ал студенттер оларды ұғып алады. Мұндай тәсілдер өткен ғасыр басында ең оңтайлы болған ал қазіргі 
таңда, яғни ғылым тез дамып жатқан шақта мұндай тәсілмен білім алу аздық етіп, өз өзектілігін 
жоғалтады. Сондықтан қазір оқытушылар студенттерді өз дәрістерін есте сақтауға мәжбүрлеп, 
практикалық сабақтар мен емтихандарда өзіне қайта айтқызу емес, оларды өмір ағымымен өздерінің 
жеке білім қорларын жаңартып отыруға үйрету міндеттері екенін түсінген [2]. 
Жобалау жұмыстары арқылы студент тақырыпты, ақпарат көздерін таңдауда, оны баяндау және 
көпшілікке көрсетуде дербестігін көрсете алады. Студент өзі үшін өзі шешеді, ағылшын тілінің 
кітаптарымен ғана шектеле ме алде басқа әдебиеттер мен ақпарат көздерін қарастыра ма өз еркінде. 
Дегенмен, студенттердің көпшілігі қосымша ақпарат көздеріне жүгініп, талдама жасап, салыстырып, 
ең маңыздысын алады.
Көптеген студенттер бірқатар себептермен оқу процесіне шығармашылықпен келе алмайды немесе 
кейбір студенттер қосымша әдебиеттер оқып, құжаттармен жұмыс істеуі мүмкін, ал негізгі көпшілігі 
ескі тәсілмен оқуды жалғастыра береді. Негізгі көңіл бөлсек белсенді студенттердің өздері өз 
ізденістерін тоқтатып, көпшілікке қосылады. Бұл күрделі мәселерді оңай шешуде оқытушының рөлі 
жоғары. Оқытушы екі міндетті шешеді: ол дарынды студенттердің өздерін көрсетуіне мүмкіндік 
береді және зерттеу тақырыбын таңдау барысында шектеу қоймайды.Ұдайы қадағалау арқылы 
студенттің үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді. Оқытушы тарапынан болған үлкен тәжірибе мен 
ықыластың арқасында студент өз ізденісін жалғастырып, жұмысының нақтылығына сенімі арта 
бастайды.
Әрбір студенттің қызығушылығына, оның бейімділігіне және мүмкіндігіне оқытушының көңіл 
бөлуі маңызды. Оқытушының тағы бір міндеті English club-та ағылшын тілін қызықты және пайдалы 
ұйымдастыру [3]. 
English club-та жоба қорғау арқылы студенттер ағылшын тілдерін жетілдіреді, бұл сабақта алған 
білімдерін одан әрі арттыруға арналған шағын тренинг тәрізді, сөздерді дәл, дұрыс айтуға (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет