5 – сынып материалдары Лексика Сөз бен мағына Лексика



бет5/7
Дата03.05.2020
өлшемі146,5 Kb.
#65608
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Аныктагыш 5 сынып Word

Ұяң дауыссыздарсалдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстар. Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, з, ж, һ.

  • Үнді дыбыстар – үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар. Үнді дауыссыздар: р, л, й, у (тау), м, н, ң.

  • Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың бір өзі буын бола алады, дауыссыз дыбыстар өздігінен буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

  • Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар: 1) ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.

  • Ашық буын – жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын. Мыс: а-ға, ба-ла. Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.

  • Тұйық буындауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буын: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант. Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і = өр-ті, оқ+ы = оғы.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет