С3 кезеңі. Нақты тәжірибе Тыңдаушылар Action Research, Lesson study, Learning study туралы білімді бекітумен байланысты практикалық тапсырмаларды орындайды.
Оқу белсенділігі
Атауы
Сипаттамасы
Уақыт
«Постер» тәсілі
Топтық жұмыс. Тыңдаушылар зерттеу түрлері бойынша топтарға бөлінеді, топта теориялық материалды қорытындылайды және қорытындылау нәтижесі бойынша постер жасайды.
1-топ. Action Research
2-топ. Lesson study
3-топ. Learning study
25 мин.
Өзара бағалау.
«Жүгіру жылдамдығы» тәсілі
Тыңдаушылар постерлерді талқылайды және өзара бағалайды.
10 мин.
«Сұхбат» тәжірибесі
Жұмыс сол топта жалғасуда. Әрбір топқа тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беретін спикерді таңдау ұсынылады. Тыңдаушылар қажетті ақпарат бойынша сұрақтарды тұжырымдайды және спикерлерге қояды.
25 мин
«Даңқ тақтасы» өзара бағалау
Тыңдаушылар сұхбатқа қатысқан спикерлерге алғысын жазады және тақтаға бекітеді.
5 мин
С4 кезеңі. Қорытынды Қалыптастырушы бағалау. Оқу қызметінің мазмұнын рефлексиялау.
Оқу белсенділігі
Атауы
Сипаттамасы
Уақыт
«Микрофон» әдісі
Тыңдаушылар Padlet тақтасындағы сұрақтарға жауап бере отырып, оқу қызметінің мазмұнын рефлексиялайды. Үлгі сұрақтар:
1. Зерттеулер туралы өз тәжірибеңізге не үйрендіңіз?
2. Жаңа ақпарат алдыңыз ба?
3. Сіздің пікіріңіз қандай?
10 мин.
«Идеялар қоржыны»
Тыңдаушыларға «идеялар қоржынына» оралу және сабақтың басында жазылған зерттеу түрлері туралы өз сұрақтарын талдау ұсынылады.