«Зерттеушілер» тәжірибесі Бірінші кезеңде тыңдаушылар бастауыш мектептің құндылықтарды іске асырудағы ықтимал проблемаларын талқылайды. Кейіннен «проблемалар жәрмеңкесіне» сүйене отырып, оның негізінде зерттеу тақырыбы тұжырымдалады. Зерттеуші бұл мәселенің зерттеуге лайықты екенін анықтау үшін келесі сұрақтарды қоюы тиіс.
◆ «Бұл мәселе неге маңызды?» Менің оқушыларым сынып алдында сөйлеген кезде кедергіні сезінеді
◆ «Менің зерттеуім бұл мәселе туралы білетінімізге не қосады?» Әдебиеттегі бос орынды толықтырады. Мұғалімге/оқушыға еш жерде жоқ практикалық нұсқау ұсынады
◆ «Бұл мәселе туралы білгенім кімге пайдалы?» Мектептер, мұғалімдер, әдіскерлер, кітап әзірлеушілер
Проблемалар каталогы
ПРОБЛЕМА
«Бұл мәселе неге маңызды?»
«Менің зерттеуім бұл мәселе туралы білетінімізге не қосады?»
«Бұл мәселе туралы білгенім кімге пайдалы?»
Жазылған жауаптар негізінде зерттеу тақырыбын анықтау ұсынылады.
С4 кезеңі. Қорытынды Оқу қызметінің мазмұнын рефлексиялау.
«Жұлдыз» тәсілі. Тыңдаушылар жұлдызды өнер көрсеткені үшін мақтауға болатын белсенді әріптестерін мақтай отырып, оқу қызметінің мазмұнын рефлексиялайды.