5. 1-тақырып. Бастауыш мектепте құндылықтарды іске асыру үшін Action research, Lesson study, Learning study зерттеу



бет3/11
Дата02.07.2024
өлшемі68,12 Kb.
#203519
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Action research, Lesson study, Learning study зерттеу

Сабақтың сценарийі
С1 кезеңі. Біріктіру
«Идеялар қоржыны» тәсілі
Слайдта сабақтың тақырыбы ұсынылған. Тыңдаушыларға зерттеу түрлері туралы білгілері келетін сұрақтарды стикерлерге жазу ұсынылады. Стикерлерді себетке бекіту ұсынылады. Айта кету керек, сабақ соңында біз жазба мәселелеріне қайта ораламыз.
"Не? Қайда? Қашан? "
Слайдта сабақтың тақырыбы ұсынылған.
- Бейтаныс сөз тіркестерін таңдаңыз.
- Сіз осы ұғымдармен кездестіңіз бе? Қайда?
- Ол нені білдіреді?
Жеке өзіндік жұмысты ұйымдастыру.
- Сіздер өздеріңізді Action research, Lesson study, Learning study зерттеулері туралы мақала жазу тапсырылған журналист ретінде елестетіңіз, ал сіз оның не екенін түсінбейсіз. Түрлі ресурстарды: досыңыздың, әріптесіңіздің, оқытушының пікірін, интернетті, әдебиетті және т.б. пайдалана отырып, осы зерттеулер бойынша топта ең құзыретті болу үшін максималды ақпаратты жинаңыз.
- Мына сұрақтарға жауап бере отырып, деректерді стикерлерге жазыңыз: Не? Кім? Қайда? Қашан? Қалай? Неге? Мысалы, бұл не? Кім қатысады? Қалай өткізіледі? және т.б.
С2 кезеңі. Теория
Интерактивті дәріс.
Дәріс тезистері
Action Research (әрекеттегі зерттеу, әрекет арқылы зерттеу) - бұл педагогтар практикалық зерттеушілер ретінде пайдаланатын әдіс. Әдістің мәні дәл осы: зерттеуге қатысушылардың өздері зерттеушілер болып табылады.
Action Research «қосарланған міндеттеме» деп аталатын нәрсе бар: проблемалық жағдаятты жүйе ретінде зерттеу және олар бірлесіп қалаулы бағыт ретінде қарастыратын нәрселерді өзгерту үшін осы жүйенің қатысушыларымен ынтымақтасу. Осы мақсатқа қол жеткiзу зерттеушiлер мен зерттелушiлердiң белсендi ынтымақтастығын талап етедi.
Проблеманы шешу үшін іс-қимылдың орындалуына қарай болып жатқан зерттеу процесін атау үшін «әрекеттегі зерттеу» терминін бірінші болып ұсынған Курт Левин (1944) болды. Қазіргі уақытта «әрекеттегі зерттеу» термині практиканы жақсарту үшін жүргізілетін рефлексивті зерттеу процесі үшін пайдаланылады. Мұғалімнің оқу ортасы туралы кеңейтілген білімдерін анықтау үшін «іс-әрекет» сөзін және мұғалімнің өзгертуге тырысатын «зерттеу» сөзін пайдалануға болады. Осыған байланысты, Action Research-ті өзгерту мақсатында іс-әрекетке араласу ретінде анықтауға болады.
Сондай-ақ Action Research-ті проблеманы анықтайтын, оны шешу бойынша іс-шаралар өткізетін, өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін рефлексиялайтын және теріс нәтиже болған жағдайда, проблеманы шешу үшін басқа әрекет жасайтын адамдар тобы ретінде қарауға болады.
Күнделікті проблемаларды шешуден Action Research-тің айырмашылықтары (О.В.Безрукова):

  1. Action Research процесінде зерттеу практикаларына баса назар аударылады: проблеманы зерттеуде зерттеуші өзінің теориялық пікірлері туралы зерттеуге қатысушыларды хабардар ете отырып, жүйелі араласуды қамтамасыз етеді.

  2. Action Research процесінде оның қатысушыларының зерттеуге қосылуға бағытталуы ең бірінші орында болады.

  3. Зерттеу нақты жағдайларда жүргізіледі және ол нақты проблемаларды шешуге бағытталған.

  4. Зерттеуші объективті болуға тырыспайды. Ол өзінің басқа қатысушыларға деген бейтараптығын ашық мойындайды.

Сондай-ақ Уолтерс-Адамс (2006) Action Research:
− өз тәжірибесін түсінуге және жетілдіруге ниет білдірген мұғалімдер жүзеге асырады, бұл зерттеуге тұлғалық сипат береді және білім беру тәжірибесі іске асырылатын жағдайларды мойындауға немесе сынауға ықпал етеді;
− жоспарлау, іске асыру және аяқталғаннан кейін рефлексия кезеңдерінің бірізділігін болжайды, бұл оны «әрекет-рефлексия» циклі ретінде қабылдауға мүмкіндік береді;
− жоспарланған және іске асырылатын тәжірибедегі өзгерістердің нәтижелілігін көруге тырысатын мұғалімдерге тән.
Action Research типтері:

  1. Мұғалімнің іс-қимылындағы жеке зерттеу, оның шеңберінде нақты сыныптың жағдайына қатысты бір проблема зерделенеді. Мұғалім қойылған мәселелерге оқытудың стратегиясы, сыныпты басқару, ресурстарды пайдалану немесе оқушыларды оқыту мәселелері тұрғысынан жауап іздей алады.

  2. Бірлескен зерттеу екі және одан да көп мұғалімдердің және сыныптың өзекті мәселелерін шешуге мүдделі басқа да адамдардың, әдістемелік бірлестік мүшелерінің және т.б. қатысуын көздейді. Қойылған проблема тек бір сыныпқа ғана өзекті болуы немесе көптеген сыныптарға тән болуы мүмкін. Осы зерттеуді жүзеге асыратын мұғалімдерге жоғары оқу орындарының өкілдері және басқа да әріптестер арқылы сыртқы қолдау көрсетілуі мүмкін.

  3. Кеңейтілген мектептік іс-әрекеттегі зерттеу жалпыға ортақ проблемаларға шоғырланады, атап айтқанда:

- мектеп қызметіне ата-аналардың қатысу проблемасы және осыған байланысты ата-аналардың неғұрлым көп санын принципті маңызды сәттерді қарауға тарту тәсілдерін анықтау;
- мектептiң ұйымдық-басқару құрылымын әзiрлеу проблемасы және т.б.
Мектеп қызметкерлерінің тобы проблеманы зерттеу, деректерді жинау және талдау жоспарын әзірлеу және бекітілген іс-қимыл жоспарына сәйкес шешім қабылдау үшін бірлесіп жұмыс істейді.

  1. Іс-әрекеттегі кеңейтілген өңірлік зерттеу. Осындай зерттеудің мәні ұйымдастырушылық және қоғамдық процестер, оқушылардың үлгерімі немесе жүргізілген реформалардың салдары болуы мүмкін. Бірқатар мектептерге тән жалпы проблеманы шешуге бағытталуы немесе ұйымдастырушылық сипаттағы проблемалардың біріне арналуы мүмкін.

Action Research зерттеуі көбінесе циклдық процесс ретінде қарастырылады. Курт Левин әзірлеген Action Research моделі фактілерді анықтау, жоспарлау, әрекет ету және әрекет нәтижелерін бағалау циклдік процесіне негізделген.
Стандартты модель алты кезеңнен тұрады:

  1. Зерттеу тақырыбы мен проблемасын анықтау.

  2. Деректерді жинау.

  3. Жеке талдау немесе ұжымдық талқылау.

  4. Іс-қимыл жоспарын таңдау және іске асыру.

  5. Нәтижелерді бағалау. Бұл кезеңде рефлексия жүргізіледі: проблема шешілді ме, жоқ па. Егер жауап теріс болса, жаңа гипотезамен жаңа цикл басталады.

  6. Зерттеу нәтижелерін қорыту, алмасу және енгізу.

Action Research кезеңдері (Уолтерс-Адамс, 2006).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет