С3 кезеңі. Нақты тәжірибе Тыңдаушылар Action research, Lesson study, Learning study туралы білімді бекітумен байланысты практикалық тапсырмаларды орындайды.
Тыңдаушылар зерттеудің үш түрін талдай отырып, кезекпен үш әдіспен жұмыс істейді. Осылайша, барлық тыңдаушылар зерттеудің барлық үш тақырыбын талдауға мүмкіндік алады.
1-тапсырма. «Ойлан, жұптас, ой бөліс» әдісі Жұптық жұмыс
Action research кезеңдерін талдау
Әрбір тыңдаушы зерттеу жүргізу схемасының негізінде сұраққа жауап жазады: «Схеманы қалай түсінемін?». Бұл болжамды өзара жұптасып талдайды, туындаған сұрақтарға жауап береді.
«Деректер топтамасы» тәсілі. Топтық жұмыс. Тыңдаушылар алдымен Action research кезеңдерінің сызбасын жеке, жұптасып талдайды, содан кейін топтарға біріктіріледі. Әрекеттегі зерттеу кезеңдерінің бөлшектерін көрсетеді. Ұжымдық талқылаудан кейін суретті Action research кезеңдері бойынша ортақ пайдалануды ұсынады.
Қалыптастырушы бағалау. «Жүгіру жылдамдығы»
Тыңдаушылар схемаларды талқылайды және өзара бағалайды.
2-тапсырма. «Ойлан, жұптас, ой бөліс» әдісі Жұптық жұмыс
Lesson study кезеңдері
Әрбір тыңдаушы сабақты өткізу кезеңдері негізінде сұраққа жауап жазады: «Мен Lesson study зерттеуін қалай түсінемін?». Бұл болжамды өзара жұптасып талдайды, туындаған сұрақтарға жауап береді.
«Деректер топтамасы» тәсілі. Топтық жұмыс. Тыңдаушылар алдымен Lesson study зерттеуінің кезеңдерін жеке, жұптасып талдайды, содан кейін топтарға біріктіріледі. Сабақты зерттеу кезеңдерінің егжей-тегжейін көрсетеді. Ұжымдық талқылаудан кейін Lesson study зерттеуінің кезеңдері бойынша ортақ көріністі ұсынады.
Қалыптастырушы бағалау. «Жүгіру жылдамдығы»
3-тапсырма. «Ойлан, жұптас, ой бөліс» әдісі Жұптық жұмыс
Learning study әдісі
Әрбір тыңдаушы оқытуда және оқытудағы зерттеу жүргізу процесінің негізінде сұраққа жауап жазады: «Мен Learning study зерттеуін қалай түсінемін?». Бұл болжамды өзара жұптасып талдайды, туындаған сұрақтарға жауап береді.