5. 1-тақырып. Бастауыш мектепте құндылықтарды іске асыру үшін Action research, Lesson study, Learning study зерттеу



бет4/11
Дата02.07.2024
өлшемі68,12 Kb.
#203519
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Action research, Lesson study, Learning study зерттеу

Lesson Study - 19-шы ғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда құрылған педагогикалық тәсіл, Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен шамамен 70 жылға ерте пайда болды. Сабақ зерттеу/Lesson Study (жапон тілінде Jugyou Kenkyuu) ұғымы мен тәжірибесі Жапонияда бастау алады және бүкіл әлемде кеңінен танылған.
Сабақты зерттеуге/Lesson Study деген қызығушылық ағылшын тілді білім беру кеңістігінде Стиглер мен Хиберттің (Stigler & Hiebert) АҚШ, Германия және Жапониядағы математика сабақтары салыстырылған «Оқытудағы олқылықтар: әлемдік мұғалімдердің сыныпта білім беруді жақсарту жөніндегі ең үздік идеялары» мақаласы жариялағаннан кейін 1999 жылы пайда болды. Содан бері сабақ Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Таяу Шығыс және Африка елдерін қамтып, бүкіл әлемге тарады. Нәтижесінде, 2005 жылы Гонконг Білім беру Институтында (www.walsnet.org) офисі бар Дүниежүзілік Сабақ Зерттеу Қауымдастығы (WALS) құрылды.
Әдебиетте пайда болған сабақты зерттеу/Lesson Study негізгі түсініктемелерінің бірі бұл жоспарлау, бақылау және талдау саласындағы бірлескен педагогикалық практиканың рефлексивті циклі болып табылады, бір циклдің нәтижесі келесі сабақты рефлексивті талқылау және одан әрі жоспарлау үшін негіз болады (Lewis, 2002; Takahashi & Yoshido 2004; Nakano 2011).
Бүгінде Lesson-Study технологиясы Жапония мен Ұлыбританиядан басқа Сингапур, Гонконг, Қытай, Қазақстан, АҚШ, Швеция, Канада, Австралия және т.б. елдерде де қолданылады.
Learning Study, зерттеудің жеке түрі және білім берудегі тәсіл ретінде 20 ғасырдың 90-шы жылдарының соңында пайда болды, зерттеушілер мұғалімдердің пәндік білімді меңгеру динамикасына тікелей әсер еткен оқытуда проблемалар бар екеніне назар аудара бастады. Бұл Lesson Study зерттеу процесінде бақылау жүргізу барысында анықталды.
Зерттеудің осы түрінің бастамашысы Жапония мен Қытайдың зерттеуші ғалымдары болды, зерттеудің осы түрі Гонконгта, Швецияда және Брунейде ерекше таралған. Зерттеудің бұл түрі әзірге Lesson Study және Action Research сияқты әлемде кеңінен қолданыла қойған жоқ.
Ло Мун Линь және Ференс Мартон сияқты гонконгтық зерттеушілердің пікірінше, Learning Study-нің Lesson Study-ден басты айырмашылығы оқыту мен оқытудағы проблемаларды зерттеуге бағытталған. Ғалымдар «сабақ жағдайында мұғалім әрқашан арнайы оқыту объектілерін басшылыққа алуға міндетті болғанымен, нені оқыту керектігін айтпай тұрып, оқыту туралы айтуға болмайды деп есептейді. Eric C.K. Cheng, Lo Mun Ling (2016).
Learning Study зерттеудің ерекше объектілеріне пән бойынша бағдарламаның мазмұн (контент) және мұғалімдердің өздерінің пәндік білімді меңгеру деңгейі жатады.
Кейде зерттеушілер Learning Study-ді жапон зерттеуі Lesson Study-дің гибридті түрі және оқыту теориясы мен вариация теориясына негізделген эксперименттік дизайн деп атайды. Вариация теориясы феноменография негізінде пайда болды, ол оқушының көзқарасы тұрғысынан оқуды зерттеуге бағытталған және зерттеуге феноменологиялық тәсілге негізделген (феномен ретінде тәжірибе). Бұл теорияның ең маңызды идеясы - оқытуды тану функциясы болып табылады, ал ол өз кезегінде вариация функциясы болып табылады (мүмкіндік; нұсқа)
Бір нәрсені жеке қабылдау таңдалған перспективаға немесе бағытқа, мысалы, қолға байланысты. Қол таңбалары сәйкестендіру (идентификация) құралы болуы мүмкін; егер қолмен және саусақпен жасалатын кеңістікке назар аударылса, онда бұл өнер объектісі; егер қолдың (буынның) құрылымына және қолдың қандай да бір нәрсені көтеру үшін қалай пайдаланылуына назар аударылса, онда қолдар тиімді машинаға айналады. Осылайша, заттың әртүрлі белгілеріне назар аудару таңдалған объектінің әртүрлі мәндерін білуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, фокус немесе тану тәсілі өзгерген кезде таңдалған пәннің мағынасы да өзгереді, бұл объектіні көрудің жаңа перспективаларын береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет