5 группа 6В01701 Шет тілі : екі шет тілі Қалмағанбет Шұғыла Нұрғалиқызы


Пифагор және оның жолын қуушылардың пікірінше



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі27,59 Kb.
#89070
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ежелгі антика философиясы.Грек философиясы

Пифагор және оның жолын қуушылардың пікірінше:
1) дүниенің мәні сандар арқылы берілген (бүкіл дүниені, ондағы құбылыстардың құпиясын сандар арқылы өлшеп, тануға болады деп есептеді);
2) дүниені тану, түсіну үшін сандарды тануға шақырды (сан арқылы тану сезімдік және идеалистік сана аралығынан өтетін таным жолы деп санады);
3) «бір» санын дүниенің ең ұқсақ бөлшегі деп түсінді;
4) дүниенің диалектикалық бірлігін бейнелейтін «протокатегорияларды» табуға, көрсетуге тырысты «жұп-тақ, жарық-қараңғы, түзу-қисық, оң-сол, ер-әйел, т.б.).
Элеаттықтар - қазіргі Италияның жерінде орналасқан ежелгі грек полисі Элейдегі философиялық мектептің (б.д.д. VI-Vғ.ғ.) - өкілдері: Парменид, Элейлік Зенон, Самостық Мелисс.Элеаттықтар:
1) таным мәселесін зерттеді
2) сезімдік таным (пікір «докса») мен жоғары рухани идеалистік танымды қатаң жіктеді, ажыратты;
3) монизмді жақтады - көптүрлі құбылыстардың бір ғана бастапқы негізден тарайтынын тұжырымдайды; 
4) дүниетанымдары идеалистік сипатта болды: дүние, тіршілік - идеяның материалды бейнесі деп санады;
5) «апорияларды» - парадокстарды негіздеді.
Атомистер (б.д.д. V ғ.) материалистік сипаттағы мектеп өкілдері Демокрит, Левкипп: әлемнің бөлінбейтін ұсақ кірпіштерден - «атомдардан» («атомос»-«неделимое»: «том» - «бөліну», «а»-«қарсы») құралатындығын айтты. Атомистер – материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп. Негізі өкілдерінің бірі: Демокрит. Оның пікірінше, барлық материалдық дүние атомдардан тұрады. Атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең. Демокрит философиядағы материалистік бағыттың негізін қалаушы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет