5 группа 6В01701 Шет тілі : екі шет тілі Қалмағанбет Шұғыла Нұрғалиқызы


Демокрит ілімінің басты қағидалары



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі27,59 Kb.
#89070
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ежелгі антика философиясы.Грек философиясы

Демокрит ілімінің басты қағидалары:
1) дүние материалды;
2) материалды дүние атомдардан құралады;
3) атом-ең ұсақ бөлшек, дүниенің «алғашқы кірпіші»;
4) атом бөлінбейді;
5) атомдар түрлі көлемге (өте ұсақ немесе өте ірі, т.б) және түрлі формаға ие (дөңгелек, сопақша, қисық формада, т.б);
6) атомдар арасында бос кеңістік бар;
7) атомдар үздіксіз айналыс үстінде: заттар, тірі организмдер тіршілік етеді, ыдырайды, олардың атомдарынан келесі материалды дүние заттары мен жаңа тірі организмдер пайда болады, содан-соң қайтадан ыдырайды; осылай мәңгі айналыс жалғаса бермек;
8) атомдар үздіксіз, мәңгі қозғалыс үстінде;
9) атомдарды сезімдік таным арқылы көру мүмкін емес.
Софистер - б.д.д. V-ғ басы мен IV-ғасырдың бірінші жартысы аралығында өмір сүрген, төлемақы үшін дәріс беретін «даналық ұстаздарының» шартты атауы. Софистік мектеп өкілдері теоретик-философтар, скептиктер, субъективтер, рационалистер, сенсуалистер және анархистер ретінде ғана емес, полис азаматтарын арнайы төлемақы үшін шешендік өнерге, дау-таласта қарсыласты жеңе білуге және өз пікірін дәлелдеп шығуға баулитын педагогтар болды. Олар шындық, ақиқат шешімге ұмтылуды емес, жеңіске жетуді ғана мақсат тұтты, пікірсайыстарда «кімге болмасын, ненің болмасын дұрыстығын» дәлелдеу тәсілі ретінде арнайы оқытылды. Сондықтан «софист» сөзі жағымсыз мағынаға ие болды. Соған қарамастан софистер риторика (шешендік өнер) мен тіл ғылымдары (лингвистика) дамуында маңызды рөл атқарды: олар ашқан софизмдер (парадокстер) логиканың қалыптасуына түрткі болды. Софистерді мынадай топтарға жіктеу қабылданған:
1) Аға софистер (б.д.д.ғ.) - Протагор, Оргий, Антифонт, Критий, Гиппий, Продик.
2) Кіші софистер - Ликофрон, Алкидамант, Трассимах.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет