5 І – бөлім. Физикалық география


§ 15 ҚАЗАҚСТАНННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ



бет4/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,25 Mb.
#34981
1   2   3   4   5   6   7   8
§ 15 ҚАЗАҚСТАНННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ,

ГЕОХРОНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Жер шамамен 4,5 - 4,6 млрд жыл бұрын ғана дамыған. Ал литосфераның қалыптасуына шамамамен 3 – 3,5 млрд жыл кеткен.

Қазақстан территориясының геологиялық дамуына қысқаша сипаттама:

І – Кембрийге дейінгі қатпарлы аймақтарға – Шығыс Еуропа платформасы ( Каспий маңы ойпаты, Орал алды, Үстірт) кіреді де ол Байкал қатпарлығы деп аталды.

ІІ –Палеозойдың 1- жартысында Тянь – Шаньның солтүстігі, Сарыарқаның солт. батысы көтерілген. Бұлар бір ғана атпен

Каледон қатпарлығы деп аталды.

Палеозойдың 2- жартысында Тянь – Шаньның батысы, Сарыарқа мен Мұғалжардың шығысы, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Торғай қолаты, Тұран ойпаты – көтеріліп Бұлар Герцин қатпарлығы деп аталды.

ІІІ - Мезозойда Қазақстан территориясында ешқандай тау түзілісі болмады, қайта тегістелулер жүрді. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы , Тянь– Шань қазіргі Сарыарқадағыдай аласа таулар болып жатты.

Сонда да әлемде басқа жерлерде тау түзілуі жүріп жатқан соң бұл тау түзілісі Мезозойлық деп аталды.

ІV – Кайнезойда Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь – Шань 2- рет көтеріліп қатпарлы – жақпарлы құрылым түзді



Геологиялық жер жылнамасы

Эралар

Ұзақтығы

(млн жыл)

Дәуірлер

Ұзақтығы

(млн жыл)

Қатпарлықтар

Қандай таулар түзілді

Кайнезой

(КZ )


67

Төрттік (Q)

(антропоген)



1,8

Альпі

Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь – Шань 2- рет көтеріліп – Қатпарлы – жақпарлы құрылым түзді.


Неоген N

23,2

Палеоген (P)

42

Мезозой (MZ)

165

Бор (K)

70

Мезозой

Қазақстан территориясында ешқандай тау түзілісі болмады, қайта тегістелулер жүрді. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы , Т – Шань қазіргі сарыарқадағыдай аласа таулар болып жатты. Сонда да әлемде басқа жерлерде тау түзілуі жүріп жатқан соң бұл тау түзілісі

Юра (J)

55 -58

Триас (T)

40 - 45



Палеозой (PZ)

330

Пермь (P)

45

Герцин

Т – Шаньның батысы, Сарыарқа мен Мұғалжардың шығысы, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Торғай қолаты, Тұран ойпаты – көтеріліп

Карбон (C)

65 – 70

Девон (D)

55 - 60

Силур (S)

35

Ордовик (O)

60 – 70

Кембрин

70 – 80

Протрезой (PR)




210

Каледон

Тянь – Шаньның солтүстігі, Сарыарқаның солт. батысы көтерілген.

Архей (AR)




1000

Байкал





§ 16 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР БЕДЕРІ

Қазақстанның - Ең биік нүктесі - Тянь - Шань тауларындағы Хан – Тәңірі (6995м) шыңы . Ең төмен жатқан нүктесі – Қарақия ойысы (-132м)

Каспий маңы ойпаты – Теңіз деңгейінен (-28м) төмен жатыр.

Жер бедерінің ерекшеліктері.


  1. Қазақстан жер бедері – батысында, солтүстігінде, орталығында ойпаттар мен жазықтар және аласа таулар басым.

  2. Биік таулар республиканың шығыс және оңт. Шығ. Жағын қамтиды

  3. Еліміздің жер беті шығыстан батысқа, оңтүстіктен солтүстікке қарай аласара береді

  4. Биік таулар мен тау аралық аңғарлар және жазықтар алмасып отырады.

Қазақстан жер бедерінің 10 % ғана ТАУЛЫ. Қалғаны- ойпат, жазық, үстірт,қыратты жерлер.

Жер бедерінің негізгі сипаты.

  • Салыстырмалы биіктігі бірдей және геологиялық құрылымы біртектес жер пішіні – Жазықтар д.а Олар абсолюттік биіктігіне қарай :

    1. Ойыс – (теңіз деңгейінен төмен) 2- Ойпат – (абс. Биіктігі 200м дейін)

3 -Қырат - (абс. Биіктігі 500м дейін) 4-Үстірт - (абс. Биіктігі 500м жоғары

Қазақстан жеріні 9 табиғи аймаққа бөлуге болады.1. Шығыс Еуропа жазығы, 2. Тұран жазығы, 3. Солт.Қазакқ жазығы, 4. Сарыарқа, 5. Орал, 6. Алтай, 7. Сауыр – Тарбағатай, 8. Жоңғар Алатауы, 9. Тянь – Шань



Тапсырма - физикалық карта бойынша осы табиғи аймақтарды тауып, жер бедерінің аса ірі құрылымдарына назар аудару, қандай ТЗ жататынын, климатының қандай болатынын, ішкі өзендеріне назар аудару, пайдалы қазбаларын жаттау.

Қазақстан жазықтары: - Шығыс Еуропа , Батыс Сібір жазығы ,

Балқаш маңы жазығы

Батыс Сібір жазығы – Қазақстанның солтүстік және солт шығысына дейін созылып жатыр. Ол Ертіс маңы және Есіл – Тобыл деп екіге бөлінеді.

Ойпаттар: Тұран ойпаты – Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі ғана кіреді, Каспий маңы ойпаты мұхит деңгейінен 27 м төменде жатыр, күмбез тәрізді қыраттар биіктігі 10 – 45 м ұзындығы 25 км ені 200 -300 м ара қашықтықтағы 1-2 км шамасындағы бэр төбешіктері кеңіне таралған.

Үстірттер мен Қыраттар ; Үстірт – ең биік тұсы - Мұзбел жоны, биіктігі - 340 м, Торғай үстірті абсолюттік орташа биіктігі - 200-300м , Орал алды, Жалпы Сырт, Жем, Бетпақдала, Балқаш маңы жазығы үстірті.
§ 17 ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫ

Қазақстанның аласа таулы өлкелеріне Сарыарқа ( немесе Қазақтың ұсақ шоқысы деп те атайды), Мұғалжар (Ресейдегі Орал тауының жалғасы), Маңғыстау




Аласа тау аты

Оның ең биік жері

Жоталары

Тау жыныстары

Пайдалы қазбалары

Сарыарқа

Ақ

сораң (1565 м)



Ұлытау, Шыңғыстау, Көкшетау таулары, Баянауыл, Қарқаралы

Гранит, порферит, тақтатас, кварцит, құмтас


Көмір, мыс, темір, марганец, Жәйремде сирек кездесетін металл

Мұғалжар

Үлкен Боқты-бай

Батыс Мұғалжар, Шығыс Мұғалжар, Шошқакөл тауы

Магмалық, шөгінді тау жыныстары

Никель, кобальт, хро хромит, мыс, сир әктас, цемент

Маңғыстау

Ең биік бөлігі Қаратау жотасындағы Бес-шоқы (556 м) Қара-қия ойысы

(-132м)


Оңтүстік және солтүстік

Ақтау тау

тізбектері кіреді


Құм, кристалды тақтатас, қара әктас,

ақ әк тас



Мұнай, газ,

ас тұзы, бор, құрылыс заттары



Қазақстанның биік таулары




Шы

ңы


Жота

лары


Тау жыныс-тары

Пайдалы қазбасы

Биіктік белдеуліктері

Алтай

Мұз

тау (4506м)



Оңт. Алтай,

Батыс немесе Кенді Алтай, Қалба жотасы



Метаморфтық саз балшықтан, кремнилі тақтатастан, гранит, жанартаулық эффузиядан түзілген

Поли-металл,

мырыш, қалайы, қор-ғасын, воль-фрам,

күміс, сынап, алтын, сирек кездесе-тін метал-дар


300- 800м – шөл

800м - шөлейт

1300м - дала

1800м – орманды

2300м – шалғынды

2800м – альпілік

3300м – қарлы - мұзды


Сауыр- Тарбағатай

Мұз

тау (3816м)



Сауыр-Тарбағатай Барқыт-бел, Тастау.

Палео

зойлық жыныс-

тар тақтатас құмтас, әктас, саздан тұрады


Жан-

ғыш тақта-

тас,

әктас


700 м биіктікте шөлейт зона

Жоңғар Алатауы

Бесбақан (4622м)

Орқа-шар, Жайыр

Кем-брийге дейінгі гранит-тер мен кристалды тақ-тастар-дан тұрады

Тақтатасқұмтас, әктас

300м ге дейін – шөлді

300 – 800 м - шөлейтті

800 – 1800м – далалы

1800 – 2300м - орманды

2300 – 3300м- шалғынды

3300 – 4300м – қарлы

4300 – 4800м - мұзды


Тянь – Шань

Хан тәңірі(6995м)

Іле Ала-тауы,

Кетпен,


Күнгей Ала-тауы,

Шу – Іле Ала-

тауы, Қырғыз жотасы,

Талас Ала-тауы



Палезойға дейінгі жыныс-тар: тақтатасгнейс,әктас, құмтас, сазды тақтатас

Фос-форит, қор-ғасын – мырыш, гипс

300м ге дейін – шөлді

800 – 1300 м - шөлейтті 1300м – 2300м - далалы

2300 - 2900м - орманды

2900 – 3800м- шалғынды

3800 – 4300м – қарлы

4300 – 4800м - мұзды


Тянь – Шань деген сөз қазақша «Тәңір шыңы, Аспан тау» дегенді білдіреді


§ 18 ҚАЗАҚСТАН КЛИМАТЫ, ТАБИҒАТЫ

Табиғат

зонасы


Климаты

Топырағы

Өсімдіктері

Жануарлары

Орманды дала

0,4 %


Жазда +180- +200 С

Қыста -170-190

Макс. -500

Жауын – шашын

370 – 430 мм


қаратопырақ

9 % - дық шірінді оңт –кке қарай бірте – бірте

6 %ға дейін азаяды


Бетеге, боз, бидайық, арпабас, қайың, итқонақ, құлпынай, қарағай қияқ, жоңышқа , қоян шөп

Саршұнақ, сұртышқан, егеуқұйрық, қосаяқ, түлкі, елік, қасқыр, сусар, бұлан, тоқылдақ, көкек, күйкентай, қарақұйрық

Дала

29 %


Жазда +180 ден + 230 С – қа дейін жетеді

Қыста -160 - 180

Макс. -400

Жауын – шашын

300мм


Қара және қызыл қоңыр,

6 % - дық шірінді,оңт -ке. қарай азайып қыз-ғылт күрең топыраққа айналады



Боз, бетеге, атқонақ, едбелек, еркек шөп, жайшөп, жусан, итмұрын, меңдуана,бидайық, қияқ, құрақ, дәрілік валериан

Саршұнақ, сұртышқан, қосаяқ, түлкі, борсық, қасқыр,

Ақбөкен, безгелдек, тырна, шағала, үйрек, сарыала қаз




Шөлейт

14 %


Жазда +220 , + 240

Қыста -150 - 170

Макс. -500

Жауын – шашын

180 – 300мм


Ашық қара – қоңыр, шірінді 2-3% ғана

Саз топырақты сортаң



Бетеге, жусан, түймедақ, боздан, изен, ебелек, теріскен, көкпек, ши қамыс, құрақтал, итмұрын




Шөл

44 %


Жазда

Солт. +240 ,

+ 26 0

Оңт. +280 + 300

Макс. -700

Жауын – шашын




Қоңыр топырақ, оңт –ке қарай сұр қоңыр, сор, тақыр

Селеу, өлеңшөп, боз, жусан, бетеге, еркекшөп, қоңырбас, дермене

Дерменеден сантанин дәрісі жасалады.

Сазды шөлдерде ерте көктемде тез өсіп, тез қурап қалатын эфемерлер өседі.


Тасбақа, кірпі, кесіртке, оқжылан, улы өрмекші, бүйі, сарышаян, бүйі , қарақұрт, ақбөкен, қарақұйрық өседі


Топырақтың анасы – тау. Топырақтану ғылымының атасы – В.В Докучаев.

Топырақты құрайтын факторлар

Тірі ағзалар

Су




Ауа

Жылу

Қазақстан климаты – шұғыл континентті. Бұл климаттық температурадағы үлкен ауытқушылық, жауын - шашынның әркелкі түсумен ерекшеленеді.

Қазақстан климатын қалыптастырушы факторлар;

1 – Күн радиациясы, 2- атмосфераның алмасуы, 3- жердің төсеніш беті ( Олар; жер бедері, қар, су, топырақ, өсімдік)

Қаңтардағы орташа температура солтүстікте - 190С ,

оңт үстікте -1,50С

Қазақстанның ең суық жері – Атбасар (-570С ) өңірі .

Ең жылы айы – шілде. Шілденің орташа температурасы солтүстікте +190С , оңт – те +28 0 -300С.

Жауын – шашынның ең аз түсетін жері Арал теңізінің солтүстік шығысы мен Балқаш көлінің батысына небары жауын–шашын жылына 100мм ғана түседі.Ал жауын- шашынның ең көп түсетін жері – Батыс Алтайдағы Кіші Үлбі өзенінің жоғары ағысында жылына 1600мм ылғал түседі.

Жылдық жауын – шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын ылғалдану коэффициенті деп атайды.

§ 19 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ СУЛАРЫ

Ірілі –ұсақты 85 мың өзен бар, оның жетеуінің ұзындығы 1000 км –ден асады Олар Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу.Республиканың барлық өзендері 2 алапқа жатады. Солт. Мұзды мұхитының алабы, және ішкі алап (Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі)



Каспий теңізі алабының өзендері Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен өзен, Кіші өзен.

Арал теңізі алабының басты өзендеріне Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас. Арал теңізінде 1100 аралдар тобы болған

Балқаш –Алакөл алабына – Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан.

Каспий теңізі көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша 1- орында . Ол солтүстіктен – оңтүстікке қарай 1200 км – ге созылып жатыр. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Жағалауының 29% Қазақстанға тиесілі.

Ал Арал теңізі Қазақстанда 2 орын, дүние жүзі бойынша 4 – орында.(Каспий, С.Амер – ғы Жоғарғы көл, Афри –ғы Виктория көлінен кейін)

Қазақстанда 48000 нан астам көл, 3000 ға жуық бөген бар.

Көлдер пайда болуы жағынан: Реликті (қалдық), тектоникалық, мұздық, кар, суффузилық, ескі арна көлдері болып алты типке бөлінеді.

Қазақстан мұздықтары. Қазақстанда 2724 мұздық бар. Біздің ең үлкен мұздық Корженевский мұздығы деп аталады. Мұздықтардың 3 типі бар


  1. Тегістелген төбе мұздықтары,

  2. Тау беткейлерінің мұздықтары

  3. Аңғарлық мұздықтар

Сарамандық жұмыс №1

1 тапсырма. Карта бойынша осы аталған өзендерді контурға түсіру.

2 тапсырма.Олардың қоректену режимін анықтау.

З тапсырма. Өзен торы жиілігінің себебі мен су мөлшерінің климатқа тәуелділігін дәлелдеу.



Жел. Қазақстан жерін шығыстан батысқа қарай шамамен 500 с.е бойымен жоғары қысым ( Воеков белдеуі) кесіп өтеді. Жел жылдамдығы м/сек – пен өлшенеді. Тауларда тау аңғарлық жел соғады. Жоңғар қақпасы арқылы сайқан және ебі желдері , Іле аңғарымен шілік желі, Қаратауда - Арыстанды – Қарабас желі, Жамбылдағы – Қордай желі, Мұғалжар тауындағы – Мұғалжар желі соғады.

Ебі желі Ж. Алатауынан оңт –шығысқа Алакөл көліне соғатын – жылы жел.

Сайқан – Ебіге қарама – қарсы Солт – батыстан оңт. - шығысқа қарай соғатын салқын жел.

ІV БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК ГЕОГРАФИЯСЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет