5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет242/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Қосымша тапсырмалар
Кейбір оқушылар скифтер мен парсылардың 
соғысын зерттеп дәлелдей алады.
Біраз оқушылар сарматтардың Риммен қарым-қа-
тынасын тереңірек зерттеп, қосымша мәліметтер 
ұсынады. 
Қалғандары сарматтардың тарихи сахнадан дер-
бес күш ретінде жойылуына әкелген себептерді 
маңыздылық деңгейіне қарай орналастырады. Яғни, 
ғұндардың жойқын талқандауы әсер еткенін дәлел-
дейді.


152
6-тарау.
 
Сарматтар
6.2.
Сарматтардың саяси тарихы (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте 
көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын 
анықтау.
Тірек сөздер
катафрактарий
Ресурстар
1. Әмірханов М.Б, Сандықбаева Ө.Д. Ежелгі 
және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. – Ал-
маты: Нұр-пресс, 2007.
2. Байпаков К.М., Баймагамбетов Ж.К. Қазақстан 
археологиясы. – Алматы, 2009.
3. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек-
көздердегі Ұлы Дала тарихы. 3-том. – Астана: Фо-
лиант, 2008.
4. Ежелгі дүние авторларының шығармаларын-
дағы Қазақстан тарихы. 2-том. – Алматы: Елшежіре, 
2011.
5. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. 1-том. – Ал-
маты: Қазақ энциклопедиясы, 2006.
6. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
7. Ұлы дала мемлекеттері. – Алматы: Аруна Ltd, 
2010.
Оқулық: Сарматтардың саяси тарихы, 
152-153-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
сарматтар қандай мемлекет-
термен қарым-қатынаста болды?
Сабаққа дайындық
Сабаққа сармат әскері, қару-жарағы, арғымақтары, 
катафрактарийі туралы қосымша суреттер, деректер 
немесе слайдты көрсетілім дайындауға болады. 
Сабақтың деректі материалдары
Сарматтардың әскери өнері бойынша антик автор-
лар көп мәлімет қалдырған. Олардың барлығы бір 
ауыздан сарматтардың салт атты әскери өнерін жоға-
ры бағалаған. Грек авторлары сарматтарды соғыс 
құдайы Арестің ұрпақтары деп санаған.
Сарматтардың негізгі қаруы ұзын семсер, найза 
мен садақ еді. Сарматтар малдың мүйізін кептіріп, 
ойып алып, сауыт жасаған. Бұл сауытты бұзу қиынға 
түсетін. Осылайша денесінің бойын сауытпен жапқан 
сармат жауынгерін жеңу оңай болмаған. Ауыр са-
уыт таққан және найзамен жауын түйреген сармат 
әскерін грек авторлары сармат катафрактарийі деп 
атаған. Сарматтарың ұзын семсері әскери салада 
жаңалық еді, кейін олар басқа да халықтар арасында 
таралып кетеді. 
Сарматтардың аласа бойлы, төзімді жылқылары 
көп еді. Жорыққа шыққан кезде әрбір сармат жауын-
гері осындай бірнеше жылқыны алып барған. Сар-
мат жылқысы ұзақ қашықтықты жүріп өтуге төзімді 
болған. Сөйтіп, олар үлкен қашықтыққа шапшаң, 
жылдам қозғалған. Жауларына кенеттен шабуыл жа-
сап отырған. 
Сармат жауынгерлері жастайынан әскери өнерді 
игеріп, көп шыныққан. Қабілеттерді жетілдіруде 
аңшылықтың маңызы зор болған.
Сарматтардың найзасы ұзын болатын. Ол жауды 
шайқаста түйреп алуға арналған еді. Сармат батыр-
лары жауға жақындаған кезде арқан салып, сүйреп 
әкететін. Шегінген кезде де сармат жауынгері қауіпті 
болған, себебі садақ тартып қуғыншыларын атқан.
Геродот: «Савромат әйелдері ежелден бері өзі-
не тән өмір салтына берік. Күйеулерімен бірге 
аңшылыққа шығады, соғысқа қатысып, ерлермен 
бірдей киім киеді... Савроматтар скифше сөйлей-
ді...", – деп жазады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет