5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет42/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Суреттермен жұмыс
Оқулықта берілген суреттерге қарап, адамдар-
дың қоладан қандай заттар жасағанын болжайды. 
Оқушылар әр суретті мұқият зерделеуі тиіс. Оларға 
қолдау көрсету үшін бағыттаушы сұрақтарды қой-
ыңыз.
 
Жауаптары. 
Оқушылар суреттердегі заттарды тал-
дап: "Адамдар қоладан найза ұштарын, балта, сырға, 
алқа жасады", – деп жауап беруі мүмкін.
 
Кейін оқу-
лықтағы мәтінді оқып, өз жауаптарын толықтырады.
 
Салыстырыңдар 
Оқушыларға тастан және қоладан жасалған 
екі бұйымды салыстырып, артықшылықтары мен 
кемшіліктерін анықтауға тапсырма беріңіз. Оқушы-
лар тас дәуірі туралы алған білімдерін қолдануы тиіс. 
Жауаптары. 
Тастан жасалған еңбек құралдары 
мықты болғанымен, олар қолға ұстауға икемсіз. Тасты 
өңдеу көп уақытты алады. Оны қажет пішінге келтіру 
қиын, морт сынады. Кейбір жұмсақ заттарды кесуге 
қолайлы емес, тасты балқытып, қайта өңдеу мүмкін 
емес. Металдан жасалған еңбек құралдары өткір ке-
леді, кез келген пішінге балқыту, соғу арқылы өзгеріс 
енгізуге болады.
Бағалау мүмкіндіктері
Тас пен металдан жасалған бұйымдарды салыс- 
тыру арқылы оқушылардың өткен және жаңа тақы-
рып бойынша білімдерін бағалауға мүмкіндік бар. 
Оған қоса өз қорытындыларын негіздеу, мысал кел-
тіру, дәлелдеу дағдылары бағаланады.
Қосымша тапсырма
Кейбір оқушылар металды өндіру және өңдеу әдіс- 
тері туралы көбірек білгісі келеді. Осындай оқушы-
ларға келесі сабаққа ең алғашқы балқыту пештері 
және металды балқыту туралы фотосуреттер мен 
ақпараттар жинап келуге тапсырма беруге болады.


30
1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.5.
Қазақстан аумағында металлургияның пайда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет