21-слайд Бағдарламаны жою мысалы
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Қорытынды:___________________________________________________________
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Жүйелік, қолданбалы және кіріктірмелі бағдарламалардың айырмашылығы қандай?
2. Есеп модельдерді ата және мысал келтір.
3. Cloud computing есеп моделі адамның жеке өміріне байланысты қандай жағымсыз мәселелер тудыруы мүмкін.
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Cloud computing және ubuquitous computing басты айырмашылығы қандай?
2. Заманауи смартфондарда қандай операциялық жүйелер қолданады?
3. Смартфондарда қолданылатын жүйелерге қандай талаптар қойылады? Смарфтонның компьютерге қарағанда қандай шектеулері бар екені тұралы ойла.
ІІІ деңгей тапсырмалары
1. Cloud computing үлкен сала. Бұл түсінікке SAAS, PAAS, және IAAS деген заттар кіреді.
SAAS - Software As A Service, яғни сервис ретінде берілген бағдарлама.
PAAS - Platform As A Service, платформа ретінде берілген қызмет.
IAAS - Infrastructure As A Service, инфраструктура ретінде берілген қызмет.
Осы үш қызмет түрін зерттеп түсіндір және де мысал келтір. Қазір қандай қызметтер кең дамыған? Қандай қызметтер келешекте кең тарауы мүмкін?
Топтық жұмыс.
Мемлекет тарапынан электрондық оқушы күнделігін жасау бұйрығы түсті. Барлық мектептердің оқушылары және олардын ата-аналары бағаларды Интернет арқылы көру мүмкіндігіне ие болады. Барлық мектептердің күнделіктері дизайн және функционал жағынан бірыңғай болуы қажет. Осыған арнап мемлекет cloud computing технологиясын пайдаланып mektep.kz деген сайт ашыпты. Осы сайтта әрбір мектептің оқушысы өз логин және паролін енгізіп жеке кабинетіне кіреді. Оқытушылар да кабинетке кіріп баға қоя алады.
Бұл жүйенің кемшіліктерін және артықшылықтарын талқыла. Әсіресе, қауіпсіздік, адамның құпия ақпараты сияқты мәселелерге назар аудар.
_________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |