2. Қателермен заңсыз әрекеттер 240 «Алаяқтық және қателер» ХС-нда «Аудитор жалпы қаржылық есеп беру үшін маңызды болуы мүмкін алаяқтық пен қателер фактілері туралы жеткілікті дәлелдеме алуға ұмтылады. Егер олар орын алса, алаяқтық салдарлары қаржылық есеп беруде дұрыс көрсетілуі, ол қате түзетілуі керек. Әдетте қатені түзету ықтималдылығы алаяқтың фактісін анықтау ықтималдығына қарағанда жоғары болады. Себебі алақтың оны жасыруға арнайы бағыттаған әрекеттермен қатар жүреді» деп атап өтілген.
Алаяқтық - басшылық құрамының бір немес бірнеше адамдары, қызметкерлер немесе үшінші жақтардың есеп және қаржылық есеп беру мәліметтерін әдейі дұрыс емес көрсетуі және ұсынуы. Оған алғашқы құжаттар, тізімдер мен есеп беру жалғандығы, есепке алу жазуларындағы алдау, шаруашылық операциялар мәнін бұрмалау және заңды, ұйымның есеп саясатын бұзатын есептегі жазбаларды әдейі бұзу енеді. Бухгалтерлік құжаттар мен жазулар жалғандығы бухгалтерлік есептің дұрыс емес немесе жалған екендігі алдын-ала белгілі құжаттарын (авизо, шоттарды, вексельдерді және т.б.) және бухгалтерлік есеп шоттарына шындықты бұрмалайтын жазуларды толтыру.
Есепке алу жазбаларындағы алдаушылық - есеп пен есеп беру мәліметтерін бұрмалау мақсатымен нақты емес бухгалтерлік жазбаларын немесе сторналық жазуларды әдейі пайдалану.
Шаруашылық операциялар нәтижелерін жою - мазмұны мен сомасы бойынша негізгі бухгалтерлік жазбаларға ұқсас сторналық жазулар.
Ерекше операциялар - бір реттік мәліметтер мен ерекше шаруашылық операциялар бойынша сомаларды арттыру немесе төмендету.
Қате - есеп жазулары мен топтауларындағы арифметикалық немесе логикалық қателіктер, есеп толықтығында байқалмай қалу және қаржы шаруашылық қызметі фактілерінің, мүліктік есептесуі болуы және оның жағдайын дұрыс түсінбеу нәтижесінде қаржылық есептемені әдейі емес бұрмалау.
Қателердің негізгі түрлеріне жатады: Кездейсоқ қателер. Қаржы-шаруашылық қызметтің қандай да бір фактісін есепке алудың дұрыс әдісін қолдана отырып бухгалтер ешқандай негізсіз немесе кездейсоқ «Стандартты емес» жазбаны жасаған жағдайда туындайтын кездейсоқ дұрыс емес жазбалар.
Бухгалтерлік есеп стандарттарын білмеуге байланысты қателер. Мұндай қателерге салып алынатын құндылықтардың типтік жоспарда көрсетілген шоттарға сай емес кірістеуді жатқызуға болады.
Салық заңы мәселелерін білмеуіне байланысты қателер. Бұл жерде салықтар мен міндетті төлемдердің дұрыс есептелмеуін атап өтуге болды.
Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылаудың балама жүйелердің тұрақты әрекет ету арқылы алаяқтық пен қателер фактілерін болдырмау және анықтау жауапкершілігі субъект басшылығына жүктеледі. Көрсетілген жүйелер алаяқтық пен қателер фактілерін жоя алмайды, тек төмендетіп қана қояды.
Аудитор алаяқтық пен қателер фактілерін болдырмауға жауапты болмайды. Аудиттің жыл сайын жүргізілуі тежеуші фактор ретінде жүреді.