5-тақырып. Аудиторлық тәуекелдік Аудиторлық мәнділік (маңыздылық)



бет6/7
Дата31.01.2023
өлшемі77,12 Kb.
#167016
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
12 тақырып БЕА

Тест арқылы анықталады:
а) клиенттің бизнес талдуын
б) клиент есебінде
в) бух. операцияның нақты шотында

Тест арқылы анықталады:
а) бухгалтерлік есептің жүйесі
б) бақылау үзіндісі
в) бақылау үдерісі



Тиімділік көрсеткіші және аудиттің сапалы жұмысы, ол ажыратылмайтын тәуекелге кері пропорционал болады


1-сурет. Аудиторлық тәуекелдіктің компонентері


1. Ажыратылмайтын тәуекелдік - шоттар сальдосы немесе шаруашылық операциялардың кажетті ішкі бақылаудың болмауына жол берілген жағдайда, басқа шоттар сальдосы немесе шаруашылық операциялар бұрмалауларынан бөлек елеулі болуы мүмкін бұрмалауларға бейім болуы.
2. Бақылау тәуекелдігі. Клиент байқамаған қателердің бухгалтерлік есеп процесінде болуы ықтимал. Себебі бақылаудың ешбір құрылымы 100%-ға тиімді бола алмайды. Сондықтан, әдетте белгілі бір тәуекелді бақылаудың кез келген құрылымымен байланыстырады: тиімді құрылымдар салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы жоғары тәуекелге ие болады.
Бақылау құралдарының тәуекелдігі кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен ішкі бақылау жүйелерінің сенімділік дәрежесін сипаттайды.
Бақылау құралдарының сенімділігі мен бақылау құралдарының тәуекелдігі өзара толықтырушы категориялар болып табылады:

  • сенімділіктің жоғары дәрежесіне төмен тәуекелдік сәйкес болады;

  • сенімділіктің орта дәрежесіне орта тәуекелдік сәйкес болады;

  • сенімділіктің төмен дәрежесіне жоғары тәуекелдік сәйкес болады.

3. Таба алмау тәуекелдігі - бұл жиынтығында дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтердің елеулі көлемде жиналуы және оларды аудитор талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан-жақты тексеру кезінде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам.
Ажырамайтын немесе бақылау тәуекелдіктері таба алмау тәуекелдігінен аудитордың оларды тек бағалап, бірақ бақылай алмайтындығымен ерекшеленеді. Аудитордың ажырамайтын және бақылау тәуекелдіктерін бағалауы оларды жақсы түсінуге көмектеседі, бірақ оларды азайтпайды және өзгертпейді. Таба алмау тәуекелдігі аудитор мәні бойынша жекелеген тексерулердің сипатын, уақыты мен масштабын өзгерту арқылы бақылап алады.
Аудиторлық қызмет көрсету нарығында клиент конкурстық негізде аудиторлық фирманы таңдай алады. Егер оның көрсететін қызметінің жалпы құны басқа аудиторлық фирмаларға қарағанда едәуір жоғары болса, клиент өз ниетін өзгертіп, басқа фирманы таңдай алады.
Бәсеке, құқықтық міндеттемелер, басқа шаралар мен кәсіпқойлық бірдей жағдайларда аудиторлық тәуекелдікті бағалау айырмашылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Бірақ түрлі аудиторлар тең жағдайларда аудиторлық тәуекелдіктің абсолютті бірдей деңгейін орната алмайтындығын мойындау керек.
Аудиторлық тәуекелдік компоненттерін детальдандыру таба алмау тәуекелдігінің құрамдас бөлігін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
Мәні бойынша тексеру деңгейі - елеулі қателер тексеру рәсімін орындау процессінде елеулі қателер анықталмай қалу қаупі.
Талдау тәуекелдігі - талдау рәсімі елеулі бұрмалауларды анықтамайды деген қауіп;
Таңдау арқылы зерттеу тәуекелдігі - тексеруді жүргізу операцияларының іріктемесі елеулі қателерді көрсетпеуі мүмкін деген қауіп.
Кез келген аудиторлық тексерудің басты міндеті - аудитті аяқтаған кезде жиынтық аудиторлық тәуекелдік минималды төмен деңгейге жеткізілетіндей немесе керісінше, сенімділік деңгейі аудиторға қаржылық есептеме нақтылығы бойынша пікір білдіру үшін жоғары болатындай сенімділік деңгейіне дейін жететіндей етіп жекелеген шоттар немесе шаруашылық операциялар бойынша аудиторлық тәуекелдікті шектеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет