4. Маңыздылықтың рұқсат берілген деңгейін анықтау
Аудиттің халықаралық тәжірибесінде (АҚШ, Ұлыбритания және басқаларда) аудиторлық органдар маңыздылық деңгейін анықтайтын әдістемені реттеуші фирмаішілік стандартты (субъект қызметінің ерекшелігін ескере отырып) дайындайды. Бұл санадартты аудиторлық фирма басшылығы бекіте алады. Сондықтан, бұл - коммерциялық құпия.
Қазір аудиттің қазақстандық практикасында маңыздылық деңгейін анықтау әдістемесі жоқ. Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі практикасы бар аудиторларға маңыздылықтың нақты критерийін ұсынуға дайын емес. «Елеулікке қатысты басшылық аудит стандартына енгізілген жалғыз ел Австралия болып табылады».
Австралия елінің стандарттары келесідей нұсқауларды ұсынады:
5%-ға дейінгі ауытқулар - маңызды (елеулі) қателер болып саналмайды,
10%-дан жоғары ауытқулар - маңызды (елеулі) қателер болып саналады,
ал 5-10 % аралығында болса, шешім қабылдау құқығы аудиторға беріледі.
Ресейде «Маңыздылық және аудиторлық тәуекел» ережесі (стандарты) қабылданған. Оған сай аудиторлық ұйымдар маңыздылық деңгейін анықтау тәртібін реттеуші фирмаішілік стандартты жасауы қажет. Ереже (стандарт) базалық көрсеткіштер жүйесімен маңыздылықтың бірегей деңгейін есептеу тәртібін ұсынады. Бұл көрсеткішті былай есептеу ұсынылады:
баланстық пайданың 5 %-ы;
сатудың жалпы көлемінің 2%-ы;
баланс валютасының 2%-ы;
меншік капиталының 10%-ы;
ұйымның жалпы шығынының 2%-ы.
Ірі қазақстандық аудиторлық фирма маңыздылық деңгейін анықтаудың фирмаішілік стандартына ие деп болжайық. Мысалы, «Батыс» фирмасы қолданатын критерийлер кестеде көрсетілген.
Көрсеткіштер
|
Маңыздылық туралы алдын ала пікір
|
минимум
|
максимум
|
%
|
теңге
|
%
|
теңге
|
Салық салынғанға дейінгі табыс
|
3
|
10000
|
5
|
15000
|
Айналым қаражаттары
|
2
|
100000
|
5
|
250000
|
Ағымдық міндеттемелер
|
1
|
40000
|
3
|
120000
|
Салық салынғанға дейіңгі табыс бойынша жиынтық қателік 10000 теңгеге дейін болса, есеп беру дұрыс құрылған деп есептеуге болады. Егер 15000 теңгеден артық болса, есеп беру объективті құрылмаған деп есептеуге болады. Егер жиынтық қателіктер 10000 теңгемен 15000 теңге аралығында болса, онда барлық факторларды қосымша дәлелдеме жинау арқылы мұқият зерттеу қажет болады. Бұл жағдайда аудитор қалған екі критерийге қатысты да сол әдісті қолданады. Жасалған тұжырымдамадан кейін маңыздылықты бағалауға елеулі әсер етуі мүмкін сапалық факторларды анықтау қажет. Есепті жүргізу тәртібі мен қаржылық есеп беру құралдың сәйкес нормативті актілер талаптарынан ауытқуы маңыздылық деңгейіне елеулі әсер етеді. Оларға мыналар жатады:
ішкі бақылаудың тиімді жүйесінің болмауы;
елде әрекет етуші нормативті актілердің бұзылуы.
Ішкі бақылаудың тиімді жүйесінің болмау белгілері:
Лауазымды адамдардың адал емес болуы; ұрлық, ысырап, заңсыз төлемдер; бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операциялардың дұрыс емес көрінісі және басқалар.
Қызметтің қандай да бір түрлерінің лицензиясыз іске асырылуына ірі айып шаралары қоланылады немесе банкротқа немесе субъектінің барлық қызметінен тоқтатуға әкелуі мүмкін қызметтің заңға қарсы түрлерін тоқтату туралы мәселе қойылады. Кәсіпорынның қылмыстық сипаттағы тәртіп бұзушылығы маңыздылық деңгейінің өсуіне әкеледі.
Маңыздылық туралы пікір аудиторлық тексеруді жоспарлау мен оның нәтижелерін бағалауға әсер етіп, қаржылық есеп беруді ұсынудың дұрыстығын анықтауда шешуші болып табылады. Аудиторлық тексеру нәтижесінде жасалған пікірге қаржылық есептер операция нәтижелерін дәл немесе толық бере алмайды деген мойындау енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |