5 в 010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



бет19/54
Дата06.02.2022
өлшемі166,24 Kb.
#75724
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
Бақылау сұрақтары:
1.Дикция деген не?
2.Дауысты дыбыстардың айтылуында қандай ерекшеліктер бар?


Әдебиеттер:

  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991


19-20 дәрістер. Дұрыс әдеби сөйлеу (орфоэпия)
Жоспар:
1.Орфоэпияның ерекшеліктері мен өзіндік сапалары
2.Дұрыс сөйлеу тәртібі

Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы.


Әдеби тіл – белгілі жүйеге түскен жазба тіл. Яғни, белгілі нормаға түсіп қалыптасқан, сан алуан стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі мол тіл.
Сөйлеу тілінде жазба бетіне түспеген, тіпті түспейтін, басқаларға түсініксіз сөздер жиі ұшырай береді. Ана тілінде дұрыс сөйлейтін адам, әсіресе бала тәрбиесімен айналысатын ұстаздар сөйлеу тілі мен әдеби тілдің ара жігін ажыратып, әдеби тілмен, соның ішінде әдеби тілінің орфоэпиясымен сөйлеуі керек.
Жазба тілінде көп ұшырамайтын жергілікті жерде сөйлеу тілінде қолданылып жүретін сөздерді сабақ үстінде сөзге араластырып сөйлей берсек, балалардың әдеби тілде сөйлеуін қалыптастыра алмаймыз.
Сондықтан болашақ ұстаз, мектеп мұғалімі ұлт тілінің әдеби тіл мен сөйлеу тілінен тұратынын, әдеби тілде қандай сөздердің қалыптасып, қандай сөздердің қалыптаспағанын, сөйленетін сөзді ойланып сөйлеудің, іріктеудің керек екенін түсінуі қажет. Сонымен бірге әдеби тілде сөйлеудің орфоэпиясын меңгеруі міндетті.
Тілдегі сөздер қалай жазылса, барлығы бірдей солай оқыла бермейді. Әрине, көпшілік сөз сол қалпында оқылады. Ал кейде түбір мен қосымшаның жігінде, біріккен сөздер аралығында, қосарланған сөздерде дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерінен, жазылуынан өзгеше оқылатын сөз, сөз тіркестері көп. Сондықтан әдеби сөйлеудің басты –басты ережелерін меңгерген дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет