5 в 010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



бет18/54
Дата06.02.2022
өлшемі166,24 Kb.
#75724
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
Бақылау сұрақтары:
1.Оқудағы дауыстың маңызы неде?
2.Дауыстың өзіндік сапалары
Әдебиеттер:

  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991


17-18 дәрістер. Дикция
Жоспар:
1. Дыбыс тазалығы
2.Дауысты дыбыстардың айтылуы
Айтудың (дикция) ашықтығы мен тазалығы.
Мұғалім мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың сауатын ашып, оқу – жазуға үйретеді. Мұғалім балаға нені қалай үйретсе, солай қалыптастады. Сондықтан мұғалімнің өз сөзі анық, ашық айтылуы тиіс. Оның сөйлеу тілінде, сөзінде, дыбыстарында мүкіс болмауы керек, себебі шәкірт өз ұстазына еліктейді. Шәкірттер алдында сөйлеген әрбір сөзіне жауапкершілікпен қарап, асықпай сөйлеуге, әрбір тіл дыбыстарын анық, таза айтуға қалыптасуы міндетті. Егер әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады. Дыбыстың анық, ашық таза айтылуы буындардың анық, ашық айтылуына, буындардан тұратын сөздердің анық айтылуына, сөздер мен сөз тіркестерінен тұратын сөйлемдердің анық, таза естілуіне жағдай жасайды. Сол арқылы тұтас текстің мән-мағынасын түсініп оқуына жетелейді.
Тіл дыбыстарының артикуляциясын меңгеруді баланың сөйлеу тілі шыққаннан бастап, ата-анасы, балалар бақшасының тәрбиешілері үйретеді. Мектеп жасындағы баланың тіліндегі кемшілікті мұғалім тәрбиелейді.
Бала тіл дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін жас кезінен өлең айтып, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар шешіп, ертегілер айтып өссе, дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы қалыптасады.
Оқу, жазу-сызу дамымаған заманның өзінде халық өзінің бай ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы тіл дыбыстарын, сөзді анық айтуды, дұрыс сөйлеуді қазіргі педагогикалық білімі бар мамандардан артық болмаса кем үйретпеген.
Атақты әншілеріміз Бибігүл мен Розаларды, Ермек пен Әлібекті алайық. Кез келген әншінің ән тексіндегі сөздерін ұға бермейсің. Ал бұл әншілердің сөзі анық естіліп тұрады. Неге? Олар тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс айтады. Әрбір тіл дыбысы дыбыстау мүшелерінің қай жерінен қалай жасалатын болса, солай жасалады. Бала кездерінен дыбыстау мүшелерінің қозғалысы дұрыс қалыптасқан, өлең айту арқылы жаттыққан деп түсінуге болады. Өйткені, дыбыстау мүшелерінің қызметі бала кезде қалыптасатыны адам анатомиясынан белгілі. Сондықтан дыбыс артикуляциясын дұрыс меңгерген адамның дикциясы анық, ашық болады екен. Радио мен телевизордың дикторларын – «диктор» деп атауымыз да осы дикцияның анықтығына байланысты шыққан.
Тіл ғылымының бір тарауы фонетика адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалатын мән-мағынасы бар тіл дыбыстарын тексереді. Дауыс шымылдығының бірде керіліп, бірде жиырылып тұруынан дыбыстар дауысты, дауыссыз болып жіктеледі. Олар мұрын қуысы мен ауыз қуысына түсіп, тілдің, жақтың, еріннің, тістің, таңдайдың т.б. мүшелердің қатысуымен өңделеді, әрленеді, бір-бірінен жасалуы жағынан өзгешеліктерге ұшырайды.
Мысалы тілдің қызметін алайық. Тіл – ауыз қуысындағы жылжымалы мүше. Тілдің ілгері, күрек тістің түбіріне қарай жылжуынан жіңішке дауыстылар [ә,ө,і,ү,е] жасалады. Тілдің артқы, жұмсақ таңдайға қарай жылжуынан – жуан дауыстылар [а, о, ұ, ы]жасалады.
Ал тілдің ұшы жоғары көтеріліп, қатты таңдайға соғылуынан н, л, ч дауыссыздары, тілдің ұшының таңдайға тиюінен р, ж, ш. т.б. дауыссыздары, тілдің ортасы көтеріліп таңдайға жуықтаса к, г дауыссыздары жасалады.
Сондықтан қазақ тіліндегі 37 дыбыстың дыбыстау мүшелерінің қай жерінен жасалып тұрғанын, қалай жасалатынын жетік білмейінше текстегі сөйлемнің сөздерін анық, ашық дауыспен оқу дәрежесіне көтеріле алмаймыз. Мұғалімнің өзі тіл дыбыстарын жетік білмесе, шәкіртіне де дұрыс талап қоя алмайтыны белгілі.
Дауысты дыбыстардың айтылуы. Дауысты дыбыстар 12. Өкпеден қайтқан ауа дауыс шымылдығына соғылғанда, дауыс шымылдығы керіліп тұрады, діріл пайда болып үн шығады. Ол үн қуыс мүшелерінің кедергілеріне ұшырамай еркін шығады. Кедергісіз шыққандықтан созып айтуға келеді, буын құрайтыны да сондықтан. А-дам-дар, ба-ла-лар, ә-ке-ле-рі-міз.
Қуыс мүшесіндегі тіл, жақ, ерін дауысты дыбыстың еркін шығуына кедергі жасамайды, бірақ өңдеп, түрлендіріп әр түрлі етіп шығарады. Мысалға, жақ төмен түсіп, жоғары көтеріліп қозғалып тұратындықтан дауысты дыбыс ашық, қысаң болып естіледі. Себебі, жақ төмен түскенде, ауыз қуысы кеңейіп, дыбыс ашық, анық естілсе, жақ жоғары көтеріліп ауыз қуысы тарылатындықтан дыбыс қысаң (қысылып шығады деген) естіледі.
Еріннің алға қарап сүйірлене созылуынан еріндік дауыстылар жасалса, еріннің езуге қарай жайылуынан езулік дауыстылар жасалады.
Тілдің ілгері, тістің түбіне қарай жылжуынан жіңішке дауыстылар жасалса, тілдің артқы жылжуынан жуан дауыстылар жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет