5 в 010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



бет4/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,34 Mb.
#481
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:

1. Орфоэпияның ерекшеліктері мен өзіндік сапалары

2.Дұрыс сөйлеу тәртібі

Әдебиеттер:


  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991

21-22 дәрістер. Екпін қоя білу

Жоспар:

1.Екпін ұғымы

2.Екпін қою ерекшеліктері

Күнделікті сөйлеу мен көркем шығарманы, кез келген текстілерді оқуда, сөйлеп айтуда сөздердің дұрыс айтылып оқылуы мен естілуі екпін қоя білуге де байланысты. Өйткені, сөйлеу барысында сөздерді айтудағы бөлшектеніп шығатын ауа толқыны бірқалыпты айтылмай, сөз ішіндегі бір буын өзгелерге қарағанда күштірек немесе көтеріңкі айтылады. Осы көтеріңкі айтылатын буынды екпін түскен буын немесе екпін деп атайды. Барлық тілдегі сөздерге екпін түседі. Түркі тілдердегі екпін дауыс құйылысының қарқынымен айтылуына байланысты дем екпіні болып бөлінеді. Қазақ тілінің екпіні де осыған жатады. Дем екпіні тұрақты, тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Тұрақты екпін қазақ тілі мен басқа тұқымдас тілдерде кездеседі.

Екпіннің тұрақты болуы сөз мағынасын өзгертпейді, бірақ сөздердің құбылып айтылуына, сөз ішіндегі дыбыстардың сапасына әсер етеді. Яғни, кейбір дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылу кезінде бір-біріне ықпал етуі, түсіп қалуы, сөзге қосылып айтылуы жатады. Одан сөз мағынасы өзгеріп кетпейді.

Қазақ тіліндегі екпін сөздің соңғы буынына түсіп отыратындықтан тұрақты екпінге жатады дедік. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына жататындықтан түбірге қосымша қосылған сайын соңғы қосымшаға ауысып отырады.

Мысалы: бала-балалар, балаларға.

Алайда қазақ тіліндегі барлық қосымшалар екпінді бірдей қабылдай бермейді. Екпін қабылдамайтын қосымшалар да бар. Оны, әсәресе айту мен оқу кезінде дұрыс ажырата білген дұрыс.

1. Екпін қабылдамайтын қосымшаларға жік жалғауы жатады: -мын, -мін, -сың, -сің:
ТӨСТЕГІ ЖАҢҒЫРЫҚТАР
(Жетібай жұмысшыларына)
Мен қара төспін, қайғыдан бақыт жасаған,

Шатырлап жатқан найзағайлы аспа – босағам.

Мен жарық Жермін жаңғырықтарға үн қосқан,

Төбемді көрсе түн қашқан.

Омырауымнан жарқылдап ағып жатады

Құйрықты жұлдыз тынбастан.

Тартып ап таңнан шуақты,

Жер төсін жылытам жұмысшы табы сияқты!

Түрендер болып көтерген тоңып тыңдардың.

Мен сірі Төспін – сызылып аққан сымдармын.

(Т. Айбергенов)
Жік жалғауы көбіне зат есімге жалғанады. Зат есімнің үлгісімен есімдер тобындағы сөздерге де жалғасады. Алайда жік жалғауы кез келген есім сөздерге жалғана бермей, тек адамды білдіретін, адамды теңеуге, теңестіруге болатын сөздерге жалғанады. Поэтикалық тілде көркемдік тәсіл ретінде қолданылады. Жоғарыдағы өлеңдегі төспін, жермін, сымдармындеген зат есімдер көркемдегіш тәсіл ретінде қолданылып, екпін жік жалғауының алдындағы қосымшаға түсіп тұр.

– Иәі сен қай баласың?

– Асқардың баласымын, Маратпын.

Етістіктер шаққа, райға, жаққа қарай жіктеледі. Жік жалғауының екпін қабылдамайтынын, одан сөз мағынасының өзгермей, сөйлем мағынасына нұқсан келмейтіні етістіктің жік жалғауынан анығырақ байқалады. Әсіресе сөйлеу тілі мен поэтикалық шығармаларда екпін түспейтін жік жалғауы қысқартылып айтылады, бұл орфоэпиялық заңдылыққа жатады.


Мысалы өлең текстерінде:



Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың көгіне

Күн болмағанда кім болам?

(С. Торайғыров)

Ақ шашты атадан қорқам,

Өзім де солай болам-ау деп,

Мүрделі жотадан қорқам,

Мен де сонда қалам-ау деп,

Кім есіркер қартайсақ

«балам-ау» деп

(Т. Молдағалиев)




***
Адамның бүкіл айыбын

Арқалап алып,

Азабын өзім көрер ем,

Жамандық басқан денемен,

Жандырып жатқан,

Тоңдырып жатқан тамұққа

Жамандығыммен төнер ем.

Бүкіл дүние жамандықтарын

Артыңдар маған көтерем!
(М. Мақатаев)
Күнделікті сөйлеу тілінде:

– Алма, мына кытабыңды бере тұршы?

– Әзір бере алмайым, бітіргенім жоқ.

– Кітапханаға қашан өткізесің?

– Қашан оқып болсам, содан соң өткізем.

Сөйтіп жіктік жалғауларының қысқарып, сусып отыруы екпін түспеуіне байланысты екен. Кез келген тексті, соның ішінде көркем шығармаларды оқу мен сөйлеу барысында орфоэпияның заңдылығын сақтап отыру керек.

2. Етістіктің болымсыздық мағына тудыратын жұрнақтары: -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе екпін қабылдамайды.


Дос жүрегі шар айна,

Сылтауыңа қарай ма,

Бүлдіріп алма қалайда

Кір шалдырма, жарай ма?

Шимайланса шар айна,

Дақ түсірер шырайға.

Абайла бауырым, абайла!

Дос жүрегі бал бұлақ,

Жанарды тартар жалтырап.

Сырлары жатыр сылдырлап,

Түкірме оған сен бірақ.

Кәусарымен қандырар,

Келгеніңде қалжырап,

Абайла, бауырым, абайла!

(Ә. Ахметов)


Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі дегенмен болымсыздық жұрнақ жалғанған етістікпен тұлғалас есім сөздері бар. Ал есім сөздеріміз соңғы буынына екпін түсетінін мына қатардағы сөзден ажыратуға болады.




бөлме

алма


кеспе

жарма


баспа

көрме


шығарма

бөлме


алма

кеспе


жарма

баспа


көрме

шығарма

Олар орталықтан екі бөлме үй алды. Тұтас нәрсені бөлме, бөлшектеніп қалады.

3. Есім сөздеріне жалғанып теңеулік ұғым тудыратын: -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары да екпін қабылдамайды.


Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды.



Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

(Абай)
***

Ал десең, аясына алады Алтай,

Көргенде көңілге күй салады Алтай.

Сұлудай торғын келген бұлт жамылып,

Арқаға әлденеше қарады Алтай.

(И, Байзақов)

***


Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің!

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін!

Көпіріне қарасам,

Көмкерген су көлемін.

Өркеш-өркеш жарасқан,



Шоқылардай дер едім.

(Жамбыл)
Етістіктің түбіріне жалғанып өтініш, тілек мағынасын білдіретін: -шы, -ші жұрнағы да екпін қабылдамайды.

... Адам деген өседі ғой. Мен көпе-көрнеу жарықтан өсе бастадым. Өлеңдерім класс, мектеп қабырға газеттерінде тоқтаусыз жарияланатын болып алды. Тіпті мен өзім ұсынғанды қойып, олар өздері жалынып сұрайтын дәрежеге жеттім.

«Май туралы бір өлең жазып бере қойшы», - дейді. «Неше шумақ болсын?». Төрт шумақ. «Жарайды». Сабақ үстінде отырып-ақ жазып тастаймын. «Тәртіп жөнінде бір өлең жазып бере қойшы». «Класта қалғып отыратындар жөнінде бір сықақ өлең сүйкеп жібермес пе екенсің? Бірақ бастан аяқ жағымсыз болып жүрмесін. Әуелі қалғымай сергек отыратын бір баланы сипаттап ал». Мінеки, осы секілді заказдар отряд, класс қабырға газетерінен қарша борап түсетін болады. (Б. Соқпақбаев)



«Лениншіл жас» газетінен келген тілші орталық радиоторабынан берілген хабарға арнап, пионерлерден интервью алды...

Базар шартақ құрып болды да:

– Мына сары ала қауындарды қаққа тілші, - деп, қауындарды домалата бастады.

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған кезінде тілімізге енген әрбір атаулардың оқылуы мен жазылуында, өзге тілге араласуында өзіндік ерекшелігі бар. Терминдік атаулар орыс тілі арқылы кезең-кезеңмен еніп келеді.

Қазан революциясына дейін көршілес халықтармен қарым-қатынас жасау арқылы тілімізге енген көптеген сөздер болды. Тілімізді байытты, әсіресе орыс тілінен енген сөздер еді. Алайда сол дәуірде енген әрбір сөз ауызша енгендіктен болар, қазақ тілінің дыбыс заңдылығына бағындырылып айтылды, солай қалыптасып кетті. Біз ондай сөздерді сол кезде қалай қалыптасып кетсе солай сөйлеп, орфоэпиясымен фонетикалық принципке сүйене отырып жаза береміз. Мысалы: кәмпит, жәшік, бөтелке, сиса, сәтен, керует, т.б. орфоэпия заңдылығымен сөйленіп, жазылып кеткендіктен өз тіліміздегі сөздер сияқты екпін қазақ тілінің заңдылығына бағынып түседі.

Ал советтік замандағы ғылым, білім, өнер, техника саласына байланысты енген терминдік сөздерге орыс тілінде екпін сөздің қай буынында тұрса, қазақ тіліне араластырып сөйлегенде сол бұрынғы қалпында қалады. Орыс тіліндегі сөздерге түсетін екпін сөз мағынасын өзгертеді. Екпін әр буынға сөз мағынасына қарай ауысып отырады. Мысалы мына сөздердегі екпін сөздің басқы, ортаңғы, соңғы буындарына түскен.

Мысалы: творог немесе творог, левешление немесе левешление т.б. сөз мағынасы өзгереді. Сондықтан қазақ тілінде жазылған текстерде орыс тілінен енген термин сөздер кездескенде ескеріп отыруымыз сауаттылыққа өте қажет. Қазақ тілінің екпіні тұрақты екпінге жатқанмен үнемі өзгермейді деуге болмайды. Сөздердің, сөз тіркестерінің айтылу әуеніне, психологиялық көңіл күй де әсер етеді. Ондай екпіні ауысып түсетін сөздер айрықша дауыс ырғағымен айтылатын есептік сан есімдерде, мағыналық жағынан ерекше айтылған сұрау есімдерінде, бұйрық мағынасында жеке айтылған етістіктерде т.б. жылжып соңғы буыннан алдыңғы буынға ауысып кететіндері болады.


Қайда жүрсем, туған жерім,

Сен есімнен шығармысың!

Жастық дәурен құрған жерім

Көз алдымда тұрармысың!

(Б. Тәжібаев)

Тыңда, Қастек, Қаскелең!

Тыңда, дала, Жамбылды.

(Жамбыл)
Әдеби тілдің орфоэпиясымен сөйлеудің басты ережелерінің бірі, осы сөз екпінін дұрыс қоя білуге де байланысты екен. Сөзге екпін қоюды тереңірек зерттеп, қойылған екпіннің дұрыстығын сөздікке қарап, тексеріп отыруға дағдылану тексімен жұмыс істеу кезінде баса назар аударуды керек етеді.



Бақылау сұрақтары:

1.Екпін ұғымы

2.Екпін қою ерекшеліктері

Әдебиеттер:


  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991

23-24 дәрістер. Бастауыш сыныптарда мысалды жанр ретінде оқытудың жолдары
Жоспар:

1.Мысал ұғымы

2. Бастауыш сыныптарда мысалды жанр ретінде оқытудың жолдары

Мысал - сатира мен юмордың ең көне, ең ежелгі түр- лерінің бірі. Оның үлгілері біздің жыл санауымызға дейінгі сегізінші ғасырдағы ежелгі грек әдебиетінен келіп жеткен. Әрине, ол түстағы мысалдың көрінісі, мазмүны қазіргі біз- дің үғымымыздағыдай, біздің мысалдарымыздағыдай бол- маған. Дегенмен, бүл жанрдың қазіргі кейбір сипат-ерекше- ліктері мен белгілері сол түстағы мысалдарда-ақ көрініс тапкан.

Біздің заманымызға дейінгі бесінші ғасырда Эзоп мы- салдары пайда болған. Олар мейлінше қыска, мейлінше ық- шам да ойлы, белгілі бір дидактикалық пікірді комикалық түрде айтып беретін астарлы әңгімелер түрінде көрінген.

Қазақ мысалы - қалыптасуы мен дамуы жағынан жаңа қоғамдық дәуірге байланысты жаңарып, толысып отырған тарихи жанр. Сондықтан да әдебиетіміздің айтулы түлғала- ры сатира жанрының табиғи ерекшелігіне, ішкі қуатына, оның катарын толықтырған сын - сыкақшы лар дың танымал туындыларының өткірлік сипаты мен көркемдігіне әрда- йым мән беріп, ой-пікірлерін, ғылыми түжырымдарын ең- бектерінде білдіріп отырған.

Мысал жанрының бітімін терең зерделеген мүндай ғы- лыми пайымдауларды, әсіресе, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов сын- ды сөз зергерлерінің еңбектерінен көреміз. Қазак сатира- сының негізін қарастырған ғалым Т. Қожакеевтің концеп- туалды зерттеуінің орны ерекше.

ЬІ. Алтынсарин, А. Қүнанбаев жалпы әдебиетімізді ғана емес, оның сатира саласын да жаңа белеске көтерді.

Бүгінгі күнге дейінгі бастауыш сыныптардағы оку понінде мысалдың қомақты үлесіне ие болып отырған Абай- дың Крыловтан аударған «Шегіртке мен қүмырсқа» мыса- лы - жатық тілді, тәрбиелік мәні күшті, қазак өміріне бейімделіп, үйлестіріліп аударылған сәтті шығарма. Қазак баласы ұғымына сай келетіндей деп отыруымыз И. А. Кры- ловтың бұл мысалы түпнүсқасында «Стрекоза и муравей» деп аталады. Ал «стрекозаның» «шегіртке» үғымымен ауыс- тырылу себебін М. Әуезов былайша түсіндіреді: «Абай қазақтың фольклорында, жайшылык үғымында инеліктің араласатын орны аз болғандықтан, оны одейі окушының үғымына жақынырак, конымдырақ шегіртке етіп алған тәрізді».

Абайдан кейін қазақ мысал жанрын өркендетуге ерек- ше үлес қосқан Ахмет Байтүрсынүлы болды. Оның поэзия- сының үлкен бір арнасы - мысалдар. Өзі айтқандай, «маса- дай ызыңдап қалың үйқыда қаперсіз жатқан халықты ояту» мақсатында ол И. А. Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте өзінің каражатына алғашқы жи- нағын «Қырық мысал» деген атпен жеке кітап етіп шығар- ды. Мүхтар Өуезов «Қырық мысал» - калың қазак жүрты- ның алғашқы естіген төңкеріс рухының сөзі» деп бағалаған.

Оқулықта берілген ақынның «Аққу, шортан һәм шаян» мысалының түпнүсқадан айырмасы - Крыловтың көп мы- салдарындағыдай бас жағында жүретін кіріспе шумақты Ақаң соңына шығарып, қорытынды етеді. Сірә, түйіні со- ңында түрғаны - окушысының сезіміне, түсінігіне ерекше әсер етеді деп есептесе керек.



Шынында да, жігіттер,

Мүнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек, болсақ жолдас.

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, -

деп аяқталған корытынды пікірі - негізгі идеясы бірлікке, ынтымаққа күрылған мысалдың өзегі, акынның мысал жанрын дамытуда косқан үлесі, көркем сөздід адам жанына әсер ететін куатты күші деп бағалауымызға болады. Атал- ған мысалды бүгінгі күні үлтаралық қатынастар өршіп, қақтығысулар көбейіп отырған кезде халықты бірлікке, жер аумағы түтастығын сақтауда ынтымаққа, ауызбірлікке шақырған ақын өсиеті ретінде окыту оның тәрбиелік мәнін өсіріп, өміршеңдігін нықтай түсері сөзсіз.

И. А. Крыловтың кырықтан аса мысалын қазақша тәр- жімалап, мысал жанрын дамытуға үлес қосқан жазушы- ларымыздың бірі - Спандияр Көбеев, Ол 1910 жылы аудармаларын «Үлгілі тәржіма» деген атпен жеке кітап етіп бастырып шығарады. Балалар әдебиетінің қалыптасып, дамуына атсалысқан акынның мысалдарында оның ағар- тушылық идеялары айқын көрініс тапқан. Оқульщта кел- тірілген «Түлкі мен қырғауыл» мысалының негізгі ойы ки- ыннан қиыстырып жол таба алуға, тапқырлыққа қүрылған. Оқушыларға мысалды карасөзбен жазуға болатыны дәлел ретінде үсынылады. Мысалдағы түлкі мен кырғауыл іс-әре- кеттері арқылы жазушының балаларға айтпағы - кандай қиын жағдайға кез болмасын, одан шығар жол іздеу, тап- кыр шешім қарастыру. Бүл мысалды оқытудың да казір- гідей біліммен қатар ерекше біліктілікті қажет етіп отырған кезеңде маңызы жоғары болмақ деген ниеттеміз.

Мысал жанры туралы айтқанымызда, қазақ сатирасы- ның қалыптасуына атсалыскан көрнекті сықақшы Сәбит Дөнентаевқа соқпай кету мүмкін емес. Қазақ әдебиетіндегі сатиралық сюжетті өлеңдердің кемелденуі Сәбит есімімен тікелей байлаиысты. Оның оқулықтарда келтірілген «Ауыр- ған арыстан», «Көзі тоймаған ит» мысалдары, біріншіден, олардың қызықты сюжетке күрылып, окиғасы бала түсінігіне жеңіл болса, екіншіден, акын тілінің көркемдігі, оның «сүлтаным», «қасекең», «түлкі байғүс» немесе «бейбақ», «батыр» деп тауып айтылған шакпа, қағытпа тілі, осы ке- йіпкерлердің іс-әрекетін шешуде, ажуалауда сатиралық уытын ерекше арттырып түр. Бүл мысалдар балаларды өсек, өтірік, жағымпаздық, тойымсыздык, қанағатсыздық, т.б. жат қылықтардан аулақ болуға шақырады.

Мысал жанрының өсіп-өркендеуіне үлес коскан калам- герлердің бірі - ақын, жазушы, публицист, сыншы, сатирик Асқар Тоқмағамбетов. Оның бастауыш оку пәнінің маз- мүнына бүрыннан еніп, өз орнын тапқан «Бидай мен Қаң- бак» атты мысалын білмейтін оқушы жоқ болар, сірә. Ақын күнделікті түрмыста кездесетін лас, салак адамдар мен өсіресе балалар арасында көбірек кездесетін денсаулықтан гөрі сәнге ерекше көңіл бөліп кететін көрсекызарлықты мысық, шыбын жөне күлақ пен тымақ кейпінде мыскыл- дап ажуалайды. Мысалдардағы ой мен пікір, тәлім мен тәрбие астарлы мағынада айтылған. Өткір тілді сықакшы- ны Мүхтар Әуезов кезінде «қырғи тілді Асқар» деп бекер атамаған.

Мысал жанрын зерттеуші профессор Т. Қожакеев Ас- кар Тоқмағамбетов мысалдарының ерекшелігі оның үйқас- қа зор мән беруі екенддгін айтады. Сатирикте, әсіресе, етістік үйқастар көп қолданылады. Бүл етістіктер «түлкі дедім», «күлкі дедім» деп басталып, «жаңылыппын», «қағыныппын», т.б. болып, мысалдардағы сатиралық образды, ой-пікірді бір шегеден кейін екінші, үшінші,... бесінші,... жетінші шеге- мен қаққандай нықтап жатады. Бір үнді, бір әуезді киысты үйқастары мысалдарды жатык та әсерлі етеді.



2-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» окулығында берілген мысалдарды сызба түрінде көрсетейік.

Р/с

Мысалдың авторы мен атауы

Мысалдағы үгіт- насихат айтылатын жолдар

Тәрбиелік

мәні

1

2

3

4

1

С. Көбеев. Түлкі мен Қыр- ғауыл

«Қызыл сөзге алдан- ба» деген үгіт-насихат жасырын түр

Оқушыларды алдан- бауға, қиын кезде таіщырлық көрсету- ге баулу

2

А. Тоқмағам- бетов. Бидай мен Қаңбақ

Абырой да, даңқ та, Ерлік те, жеңіс те - Барлығы осы егісте

Оқушыларды еңбек- ті сүюге, мақтаншақ болмауға шақыру

3

А. Тоқмагамбе- тов. Қүлак пен Тымақ

Сүлуынан - жылуы

Балаларды көрсе- кызар болмауға ша- кыру, дүрыс та сөнді киінуге баулу

4

0. Әубәкіров. Сүт қалай үйықтады?

Әй, дегенмен, бала- лар,

Көп үйықтаган зиян-

ау

Ү йқыіны лдықтан аулақ болуға ша- қыру

5

Ш. Смаханүлы. Төкаппар

Тыңдамап еді ешкім- ді,

Қателігін кеш білді

Оқушыларды өркө- кірек, мақтаншақ сиякты жат қылық- тардан аулақ болуға үндеу

6

Ш. Смаханүлы. Бүлбүл мен Токылдақ

Қүрт жеген соң гү- ліңді,

Жүрт не ғылсын үніңді?!

Оқушыларды жаман мен жақсы- ны ажырата алуға үйрету



1

2

3

4

7

Ә. Асылбеков. Түлкі мен Тиін

Бір айласы тиіннің Болып шьщты пайдалы

Балаларды епті, тапқыр болуға баулу

8

Е. Ерботин. Даңгой

Жарамаса кәдеге, Қүр жатқаннан не пайда?

Өндірмесе дәнеме, Мақтанғаннан не пайда?

Балаларға мақтан- шактық жаман әдет екенін байкату

Сызбадан көріп отырғанымыздай, мысал жанры 2-сы- ныптың «Әдебиеттік оқу» окулығында біршама орын алған.

Көркем шығарманың басқа түрлері мен мысалдың мы- надай ерекшеліктері бар:

а) аллегориямен айтылатындығы;

ә) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән бола- тындығы;

б) оның өзіндік оқылу ерекшелігі болатыны.

Осыдан келіп мынадай әдістемелік сүрақ туады: мы-

салдағы аллегорияны ашу керек пе, жоқ па? Мүндай сү- ракка жауап беру үшін, мысалдың сипатын, қасиетін, маз- мүнын балалар қалай қабылдайтынын байқап, анықтап алған дүрыс. Шынында, бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда суреттелген оқиғаның тартымдылы- ғына кызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондык- тан мысалды оқып шығысымен, автордың мүндағы су- реттеп отырған жан-жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер деген тәрізді сүрак кою үлкен қателік болар еді. Өйткені оқытуды мүндай әдіспен жүргізу - оқушылардың мысалға тән әеерлерін әлсіретіп жібереді. Сондықтан, алдымен, мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық өмірде болатын етіп көрсету керек. Ал мысалда суреттелгендер шындық бол- мыс жөнінде балаларға кате түсінік береді. Өйткені, қарға мен түлкі сөйлемейді ғой деген түсініктен қауіптенудің кажеті жоқ. Олардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, сонда да оны шындык деп кабылдайды. Мысал- дардағы аллегорияны ашу ісін мынадай тәсілмен іске асы- руға болады: мысалда суреттелген окиғаға үксас окиға іздестіріледі. Мысалы, Е. Ерботиннің «Даңғой» мысалы оқылғаннан кейін «Мактанып көп сөйлеу арқылы, өз ісін тындыратын адамдар өмірде кездесе ме?» деген сияқты сұрақ қою аркылы мысалдағы негізгі ойды саналы түрде түсінуге жетелеу керек.

Екінші бір ерекшелігі - онда белгілі бір үгіт, тәлім-тәр- биелік мәні бар қорытынды пікір болатындығы. Ол кыска түрде мәтіннің басында не аяғында беріледі. Мысалы, Е. Ерботиннің мысалға берген корытынды пікірі мынадай:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет