5 в 010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



бет5/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,34 Mb.
#481
1   2   3   4   5   6   7

Жарамаса көдеге,

Қүр жатқаннан не пайда?

Өндірмесе дөнеме,

Мактанғаннан не пайда?

Мысалды оқытуда осындай қорытынды пікірді пайда- ланып, күрғак сөзбен «мүндай жаман мінез-қүлыктан, іс- әрекеттен аулақ болу керек...» деп үгіт айту ретінде жүргіз- ген жүмыстың бастауыш сынып оқушыларына өсері аз болады.

Мысал оқытудың үшінші ерекшелігі - оны дауыстап оқу тәеілі. Мысалдағы айтылатын сөз автордың атынан айтылмай, кейіпкердің атымен баяндалатын болса, сол кейіпкердің бойындағы ерекшелігіне қарай дауыс сазы да күбылып отырады. Кейіпкерлердің мінез-қүлкы мен автор- дың сөз қолдануына карай дауыс ырғағының күбылып оты- руы оқушылардың ынтасын арттырып, мысалдың кейбір жолдарын бір-екі окығанда-ақ жаттап алуларына түрткі болады.

Бір сабақтың үлгісін келтіре кетейік:



Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай үйықтады?

Сабақтың мақсаты: 1) окушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны үғындыру;

  1. ертегідегі сцт рйып қапты, с\>т іріп қапты, айран аіиыпты, т.б. сөз тіркестерін пайдалана отырып, оқушы- лардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

  2. үлттық тағам түрлерін, олардың пайдасын, жасалу жолдарын білгізе отырып, оқушыларды асты қадірлеуге, дүрыс тамақтануға үйрету.

Сабацтурі: аралас сабақ.

Сабақта цолданылган әдістер: сүрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік.

Сабақтың барысы:

  1. Үйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілгвн тапсыр- ма - Ш. Смаханүлының «Тәкаппар» мысалын дүрыс, түсі- ніп, мөнерлеп оку.

Окушыларға мынадай сүрақтар қойылады:

  • Ш. Смаханүлы кім? Оның қандай шығармасын білесің? (Оның «Токаппар» дейтін мысалын.);

  • Сендер оқып көрген мысалы неге «Токаппар» деп аталған? (Мысалда балықтың өркөкіректігі, тәкаппарлығы, менмендігі суреттеледі.);

  • Балық калай мактанады? (Бір күні балық әбден мақ- танды. Ол теңізді әбден жамандады, өзінің сусыз өмір сүре алатынын айтты.);

  • Балықтың мақтанғанына теңіз калай жауап берді? (Сусыз қүрлықта күннің ыстығына шыдай алмай шөл- деді, қиналды. Жаны әбден қиналған балық суды аңсап жылады. Мақтанам деп осындай күйге тап болғанына өкінді.);

  • Балыктың өкінішін білдірген шумакты тауып, мәнер- леп окыңдар.

(Мөлдір суым, мекенім,

Енді қайтсем жетемін?!

Қадіріңді білмедім,

Here шалқып жүрмедім?!)

А) Осындай тапсырмаларды орындата отырып, мүғалім оқушылардан мақтаншактықтан, тағы баска қандай жа- ман әдеттерден аулақ болу керектігін сүрап, ондай жаман өдеттің бірі - үйқышылдық екені, бүгінгі оқитын мысал келесі бір кереғар қасиеттің төңірегінде күрылғаны тура- лы жаңа сабакка дайындык өңгімесін жүргізеді. Сол сияқ- ты «Сүт қалай үйықтады?» мысалының өлең түрінде жа- зылғанын, оның авторы Оспанхан Әубокіров те сықақшы екендігін, оның шығармаларында қоғамға жат қылықтар өткір тілмен сыналып отыратынын айтады.Үйқы деген дұшпан бар Тұла бойды талдырар,



Жолдан, істен тайдырар, -деген жолдар жаксы талданып,

«Кісіге қарап есінеме, есіней қалсаң, аузыңды қолыңмен қалқала» деген сиякты әдеп ере желерін оқушылар мүғалімнің көмегімен естеріне түсіреді.

Ә) Мысалды оқу:



  1. Мүғалім мысалдағы елдің сөзіне, сүтке башщнысты әрекеттерге ерекше мән бере, накышына келтіріп оқиды.

  2. Ертегіні оқушылар оқиды.

  3. Ертегіні рөлге бөліп окиды.

Б) Мысалды талдау. Мынадай сүрақтарға жауап алы- нады:

  1. Автор ертегіде ненің әрекетін суреттеген?

  2. Бір күні сүтке не болыпты?

  3. Ел-жүрт неге кайран қалды?

  4. Үйықтаймын деп сүт қандай күйге үшырады?

  5. Сүттің аянышты халін кім байкады?

  6. «Бүл сүтке үйқы үя салыпты» дегенді қалай тү- сінесің?

Оқушы мынадай тапсырмаларды орындайды:

  1. Мысалдағы үйқыға қатысты мақалды тап (үйқы де- ген дүшпан бар);

  2. Мысалдан сүттің әрекетін білдіретін тіркестерді та- уып көр (сүт үйып қалыпты, сүт айран болыпты, ашыған айран);

В) Мысал бойынша қорытынды жүмыс.

  • Мысалдағы «Көп үйықтаған зиян-ау» дегеннен көңі- ліңе не түйдің?

  • Мысалдағы сүттің өрекетін ретімен әңгімеле (сүт үйып қалады, айран болады, айран ашып, дорбаға қүйылып сүзіледі);

  • Дорбаға қүйылып сүзілген айраннан не жасайсың? (қүрт, ірімшік);

  • Ірімшіктің қалай жасалатынын әңгімеле (Ірімшікті дайындау үшін ыдысқа қүйылған шикі сүтке азырақ ай- ран күйып, қайнатады. Ірімшіктің сары суы бөлінген кез- де, оны сүзеді. Сүзілген ірімшікті сөреге жайып кептіреді.) Осы сүрактарға жауап беру барысында мысалдың төрбиелік мәні ашылады.

Сонымен, қорыта айтқанда, дәл казіргі кезде, яғни жас буынның қатыгездік пен бойкүйездікке бет бүрып кетпеуі үшін, олардың жан дүниесіне әсер етіп, жақсылық пен жа- мандықтың ара жігін ажыратуға көмектесетін күшті қү- ралдардың бірі сатиралық шығармалар болып отырғаны сөзсіз.

Сатираның қоғамдағы жағымсыз болмыс, қүбылыстар- ды, адам бойындағы үнамсыз мінез-қүлық, өдеп-тәртіптерді әшкерелеп, күлкіге жығу, келемеж ету ниетімен жазыла- тыны жөнінде әдебиет зерттеушілерінід пікірлері бір арнаға саяды, бәрі де оның осы пафосын мойындайды. Міне, осын- дай негізгі ойы бір пөндік немесе зат туралы болғанымен, оның арғы жағында адам бейнесі, адам ісі, адам характері түратын идея, ой-пікір жасырылып, жүмбақ түрінде айты- латын сатиралық жанрдың бірі - мысалдардағы ойдың түс- палдап берілуі ашық сынаудан корыққандық емес, керісін- ше - айтар ойды өткір, әсерлі етіп жеткізудің тиімді әдісі.

Қазақ әдебиетінде халық шығармаларынан бастау алып, көш басында Абай Қүнанбаев, Ахмет Байтүрсынүлы, Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Майлықожа Сүлтанқо- жаүлы, Асқар Тоқмағамбетов, т.б. батыл, туралықты ай- тудан тайынбайтын, қорқақтыққа, сасқалақтыққа бой ал- дырмайтын, дертті түйреп толғайтын талантты сықақшы- лар катарын бүгінде Оспанхан Әубәкіров, Шона Смахан- үлы, Е. Ерботин, Ә. Асылбеков, т.б. жалғастыруда.

Аталған сөз өнері шеберлерінің бастауыш сыныптар- дың «Әдебиеттік оқу» окулықтарындағы мысалдары окушы- ны адамшылыққа жат, кісілікке жатпайтын өнегесіздіктің не екенін түсінуге көмектеседі, керісінше, өзіне өзі сын көзбен қарап, дүрыс қыльщтарға бой үруға жетелейді. Мы- салдардағы осындай өнегелі, үлгілі ойды дол жеткізу үшін бастауыш сынып мүғалімін теориялық, практикалық білігін арттырып отыруға міндеттейді, мысалдардағы ирония, аллегорияларды ашып, шындықты шартты түрде үлкейте немесе әсірелеп көрсетіп отырған жазушы тілін балаға үғындыру мүғалімнен үлкен шеберлікті қажет етеді.


Бақылау сұрақтары:

1.Мысал ұғымы

2. Бастауыш сыныптарда мысалды жанр ретінде оқытудың жолдары

Әдебиеттер:

  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991

25-26 дәрістер. «Әдебиеттік оқу» сабақтарында озық технология түрлерін сабақ үрдісінде қолдану
Жоспар:

1. Әдебиеттік оқыту сабақтарын өткізу технологиялары

2. Озық технологияның артықшылықтары

Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнін қазіргі жаңа жағдайға бейімдеп, озық технологияларды пайдаланып оқыту қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Әдебиеттік оқу сабақтарында көркем шығармаларды оқыту барысында жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді нәтиже беретіндігі нақты тәжірибеден, мұғалімдер практикасынан анық байқалады. Алайда көркем шығармаларды жаңа технологияға негіздеп оқытуға арналған нақты әдістемелік құралдар мен әдістемелік нұсқаулар өте аз. Сондықтан да осы әдістемелік кешенде қазіргі оқыту талаптарына сай интерактивті әдістерді қолданған бірнеше сабақ жоспарын ұсынып отырмыз.

Оқытудың интерактивті әдістері оқулықтағы тапсырмалар мен сұрақтарды берумен шектеліп қана қоймайды, оқушылардың ішкі мүмкіндігін ескере отырып,танымдық қасиеттерін дамтыуға бағытталады.

«Әдебиеттік оқу» көркем шығармаларды оқытуда интерактивті әдіс – тәсілдер төмендегідей сипатта ұйымдастырылады:



  • Мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы – оқушы. Оқушы да – субъект, мұғалім де – субъект.

  • Оқушының жеке басына деген ізгілік қарым – қатынас орнатылады.

  • Оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым – қатынас жүзеге асырылады.

Интерактивті жолмен оқыту тәсілдерін оқушының оқу – танымдық әрекетінің психологиялық құрылым ерекшеліктеріне байланысты үш кезеңге сай ұйымдастыруға болады:

  1. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі (мотивациялық даярлық әдістері қолданылады) – 8-10 минут.

  2. Операциялық-орындаушылық кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу, проблемалық әдістер қолданылады) – 15-20 минут.

  3. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (өзіндік бақылау-өзін-өзі бағалау әдістері) – 5-8 минут.

Мотивациялық-бағалау кезеңінде оқу міндеттері қойылып, айқындалады. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Операциялық-орындаушылық кезеңде жаңа тақырып оқушының тарапынан теориялық тұрғыдан танылады.

Рефлексиялық-бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қорытындыланады. Оқушылар бір-бірін және өзін бағалайды.
Сабақтың тақырыбы: Әліппенің атасы («Ахмет Байтұрсынов» шығармалары жинағынан).

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы туралы мағлұматпен таныстыра отырып, мәтін мағынасын толық түсінуге мүмкіндік жасау. 2. Мәтін мазмұнын талдау арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, өз пікірін ашық айтуға үйрету. 3. Ұлы тұлғалар бойында қалыптасқан игі қасиеттерді оқушы бойына дарытуға ықпал ету.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Қажетті материалдар: ақ қағаз, плакаттар, оқулық, маркерлер, флипчарт.



Уақытты меңгеру.

  1. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі – 8-10 минут.

  2. Операциялық-орындаушылық кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу, проблемалық әдістер қолданылады) – 15-20 минут.

  3. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (өзіндік бақылау-өзін-өзі бағалау әдістері) – 5-8 минут.

Сабақтың барысы: Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.

Топтарға бөліну.

Топқа бөлуді былай ұйымдастыруға болады. Мұғалімнің «А. Байтұрсынұлы туралы не білесің?» деген сұрағына берген балалардың жауабы тақтаға жазылады (яғни ақын, ағартушы, ғалым, қоғам қайраткері деген сөздер жазылады). Балалар білмей жатса, оқулыққа қарау ұсынылады. Осы жазылғанды балалар бір сөзден кезекпен оқып, айтып шығады. Сонда «ақын» деп оқығандар 1 - топқа, «ағартушы» деп оқығандар 2 – топқа, «ғалым» деп оқығандар 3 – топқа, «қоғам қайраткері» дегендер 4 – топқа біріктіріледі.

Балалар өз топтарының аттары қандай мағына беретінін түсіндіріп айтып береді. Мысалы, «ақын» деп кімді айтамыз? А. Байтұрсынұлы ақын екенін қалай білеміз? «Ағартушы» дегеніміз кім? А. Байтұрсынұлын «ағартушы» деп не үшін айтамыз? т.с.с.

Оқулықтың 5-бетіндегі сұрақтар бойынша балалар А. Байтұрсынұлы жайлы қысқаша деректермен танысады.



  1. Операциялық – орындаушылық кезең.

Топтық жұмыс. 1. «Сынып ішін аралау» тәсілі. Мұғалім үйден А. Байтұрсынұлы жазған «Әліппенің атасы» деген мәтінді 4 абзацқа бөліп, алдын ала А4 қағазға жазып әкеледі, немесе топтарға қай абзацқа дейін оқу керектігін хабарлайды. Әр топ өздеріне берілген абзацты оқып болғаннан кейін оларға 1-ден 4-ке дейін нөмір жазылған жетон (немесе жай қағаз) таратылады. Сосын 1-ші нөмір алғандар бір топқа, 2-нөмір алғандар екінші топқа жиналады, т.с.с. Балалар оқыған мәтін(абзацты) бір-біріне айтып береді. Сонда бір оқушы мәтінді толық оқымай – ақ оның мазмұнын түсініп шығатындай жағдай жасалады.

  1. «Мен сендерден сұрақ күтемін?» тәсілі.

Бұл тәсіл бойынша топтағы балалар мәтіннің мазмұнын бір-біріне түсіндіріп болған соң, осы мәтін бойынша сұрақ құрастыралы. Топтағы оқушылар өзара келісіп, қағазға екі сұрақ жазып, келесі топқа береді.

Жариялау. Сұраққа жауап іздеп, дайындалуға, ақылдасуға 1-2 минут уақыт беріледі. Сұрақтың жауабын топтың ішінде ақылдасып болған соң, бір оқушы хабарлайды (жауап береді).



  1. Ойсергек.

Күн – мен түн ойыны. Екі бағанға қима қағазға жазылып немесе алдын ала интерактивті тақтаға (флипчартқа) жазып дайындап қояды. Көзін жұмған кезде мұғалім бағанадағы сөздердің орнын өзгертіп қояды. Оқушылар орны өзгертілген сөздерді тауып, сәйкестендіру керек.

А. Байтұрсынұлының туған жері Торғай облысында

А. Байтұрсынұлының оқыған жері Орынборда

А. Байтұрсынұлының әкесі жер Сібірде

аударылған

Мұғалім болып қызмет атқарды Қарқаралыда



  1. «Сөзжарыс» ойыны.

Бірінші топтан бір оқуша тезис айтады, екінші топтағы бір оқушы оның ойын жалғастырады. Мысалы:

  1. А. Байтұрсынұлын қоғам қайраткері дейміз, себебі ол ...

  2. А. Байтұрсынұлын барша қазақ құрметтейді, себебі ол ...

Тезисті оқулықтағы мәтін ішінен де айтуға болады. Мысалы:

  1. Ахметтің әкесі Байтұрсын ширақ, ...

  2. А. Байтұрсынұлы Орынборда мұғалімдер мектебін бітіріп, ...

  3. А. Байтұрсынұлы әліппені, ...

5. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Сабақты қорытындылау. «Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?» деген кесте бойынша балалардың пікірі тыңдалады (тақтаға кестені іліп қоюға немесе слайдпен, флипчартқа жазып көрсетуге болады). Мысалы:



Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?

Нені білгім келеді?

Мен Ахмет Байтұрсынұлының Торғай облысында туғанын, мұғалім болып қызмет еткенін білдім.

Ахметтің балалары болған ба?

Мен А. Байтұрсынұлы «Әліппе», «Қырық мысал», «Маса» деген кітаптар жазғанын білдім.

Ол кішкентай кезінде қандай ойын ойнағанды жақсы көрген?


Мұғалімге қажетті дерек:

Ахмет Байтұрсынұлы мен Бәдрисафа апаның (Бәдрисафа - А. Байтұрсынұлының әйелі Александра Ивановнаға қойған аты. Бұл есім арабшадан аударғанда «бадрун» - толық ай, «сафа» - кіршіксіз таза дегендібілдіреді) туған балалары болмаған. Олардың бауырларына салып, асырап алған Аумат, Қазихан және Шолпан деген үш баласы болған. Ал Шолпан халық жауының қызы ретінде Бәдрисафа апамен бірге айдауда болған.

Рефлексия. Балаларға баспалдақ суреті салнынған қағаз таратып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады. Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл – күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдықтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушылардың өзін – өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады.

Үйге тапсырма:



  1. А. Байтұрсынұлы туралы деректерді мына сілтеме бойынша интернеттан қарап, танысуыңа болады:

http://kk.wikipedia.org/wiki/

http://mukhanov.ucoz.kz/publ/



  1. А. Байтұрсынұлының мұражай-үйіне фото шолуды интернеттан мына сілтеме арқылы көре аласың.

http://yvision.kz/post/278226

  1. Жоғарыда берілген интернеттегі сілтемеден немесе басқа кітаптардан, энциклопедиядан А. Байтұрсынұлы туралы оқып, достарыңа айтып беруге дайындалып кел.

Бақылау сұрақтары:

1. Әдебиеттік оқыту сабақтарын өткізу технологиялары

2. Озық технологияның артықшылықтары

Әдебиеттер:

  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991

27-28 дәрістер. Өзіндік жұмыс-оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың жолы
Жоспар:

1.Өзіндік жұмыс түрлері

2. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру жолдары

Мектепте әдебиетті оқытуда мұғалімдердің алдына оқушыларды идеялық ұстамдылыққа тәрбиелеу, дүниеге комунистік көзқарасын қалыптастыру, олардың әдебиетке деген құмарлығын ояту, әсемдікке баулу, творчестволық қабілетін арттыру, ақыл-ойын дамыту міндетті қойылған.

Бұл міндеттерді жүзеге асыруда партия мен үкіметтің мектептің өмірмен байланысын арттыру талабын, әсіресе оқушыларды міндеттеп оқытуды шектей отырып, олардың өзіндік жұмысына мүмкіндік тудыру, сол арқылы баланың ақыл-ойын, талап-талғамын, қабілетін,дамыту туралы нұсқауды басшылыққа алған жөн.

Ал оқыту мен ақыл-ойды дамыту – тұтас педагогикалық процесс. Оқу-тәрбие жұмысы баланың іс - әрекетін, қабілетін қалыптастырады. Психологтарша айтсақ, қабілет - кісінің іс - әрекетінің сәтті - сәтсіздігін танытанын қасиеті.

Адам туысында қабілетті болмайды, жүре келе еңбектенудің, ойланудың нәтижесінде қабілеттілікке ие болады.Кластагы бір оқушының өз қатарынан ұғымтал, үздік атануы, кей баланың оқу материалын баяу, самарқау қабылдауы қабілеттің даму, жетілу сапасының түрліше болуына байланысты. Мектеп жағдайында ақылды, есті, байқағыш, зерделі, саналы бала немесе осыларға қарсы мәнді сөздерді жиі естиміз. Бұлар – қабілеттің сапалық белгілері, әрі оның түрі мен қыры болып есептеледі.

Әдебиет пәнін оқушыларға меңгеруде ақыл мен ес, байқағыштық және мәнерлеп оқу, жатық сөйлеу, ойын тартымды жеткізе білу тәрізді қабілет қатысады. Олардың алғашқыларын – ақыл мен есті, байқағыштықты психологтар жалпы қабілет десе, соңғыларын-оқу, сөйлеуді арнайы қабілетке жатқызады. Себебі мәнерлеп оқу, әдеби тілде жатық сөйлеу қабілеті ана тілі мен әдебиет сабағында түрлі жаттығу жұмыстарының негізінде қалыптасады. Демек, оқу, сөйлеу қабілеті өзге пәндермен салыстырғанда, ана тілі мен әдебиетке тән, етене жақын қасиет. Сондай - ақ екінің бірі әнші, суретші т.б. өнер иесі бола бермейді. Сол себепті арнайы қабілет оқушының дара дарынына негізделуі де ықтимал.

Бұрын шағын көркем шығармалармен, олардың үзіділерімен, тарих және табиғатты тануға байланысты жеке мақалалармен ғана танысып келген оқушылар IV класта әдебиетті жүйелі түрде оқуға көшеді. Жана авторлармен, оның шығармаларының ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алады, көркем шығарманы талдау дағдыларына жаттығады, әдебиет теориясынан алғашқы мәлімет алады, оқуға, жазуға дағдыланады. Осылайша бірден-бірге дамыған, күрделенген іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру процесінде оқушылардың танымдық қабілеті артады, өздігінен жұмыс олардың ой белсенділігі мен дербестігін және творчестволық ойын дамытады, өзіндік пікірін қалыптастырады, ақыл-ой парасаттылығын арттырады. Осы ретте: «Оқыған шығарманы өздігінен бағалай білу өте қажет - деп жазды Н.Қ. Крупская – оқушыларды үнемі жетелеп отыру мүмкін емес. Ол өздігінен шығарманы талдай білуі, дұрыс бағасын беруі тиіс».

Кейбір талдау сабағын бастан-аяқ оқушылардың өзіндік жұмысына құруға болады. Мәселен, жазушы қолданған көркемдік әдіс-тәсәлдерді оқушылардың ойына қозғау салып, ой белсенділігін арттыра отырып танытуға, олардың өздеріне баға бергізуге әбден болады.

Талдау сабағының мақсатына, материалға, оқушылардың әзірлігіне, дидактикалық талап-міндеттерге байланысты өзіндік жұмыстардың түрліше болуы мүмкін.

Әдебиет сабақтарындағы оқушылардың өзіндік жұмысы дегенде, көркем шығарманы оқып үйренуге байланысты жұмыстарға олардың тікелей қатынасуын – сөздік жұмысынан, сөз өрнегін танытудан бастап, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып, оның идеядық-көркемдік ерекшелігін таныту т.б. жұмыс түрлеріне оқушылардың араласуы, өзіндік іздену,зерттеу әрекеттері жатады. Өзіндік жұмыстың пәндік, мазмұндық ерекшелігіне қоса, баланың сол білімді қабылдау дәрежесі түрліше.

Сабақ процесінде өзіндік жұмыстың бұл түрлерінің тиісті орны бар әрі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Оған көркем шығармаға берілген сұрақ-тапсырмалар дәлел. Онда бір топ сұрақтар оқушының бар білімді жаңғыртып еске түсіруін талап етсе, енді бір сұрақтар оны өздігінен іздену, байқау, бақылау, салыстырулар жасауға жұмылдырады. Мәселен, жазушы Ғ. Мүсіреповтың «Жиырма төрт сағатта» атты шығармасы бойынша оқулықта берілген:


  1. Бұрын қазақ арасына жаңалық хабар қалай таралған екен?

  2. Томарша Қазалыдан қандай жаңалық әкелді?

  3. Достары – балықшылар оның сөзіне неге сенбейді, неге күдіктенеді? – тәрізді сұрақтарға оқушылар текст мазмұнына сүйене отырып жауап береді. Көп ретте мұндай сұраққа оқушылардың берер жауабы келте болады. Сондай кемшілікке жол бермеу үшін сұрақтарды түрлендіріп берген жөн. Айталық:

  1. Жазушы телеграмма, поезд тәрізді сөздерді қолдана отырып, ұзын құлақ сөз тіркесін неліктен қолданған?

  2. Есламқұлға Томарша арқылы келіп жеткен хабар қалай әсер етті?

  3. Есламқұл мен өзге балықшылардың Томаршаға, ол көрсеткен хатқа сенбестіктерінде қандай сыр жатыр? - деп қойса, оқушы бір оқыған тексті қайталап оқып, ойланып жауап беруге, реті келсе, текстен үзінді оқып бере отырып пікірін дәлелдеуге талпынады. Соның нәтижесінде оқушылар жазушының сөз қолданысына, сөйлеміне, стиліне көңіл аударады, жанама суреттер арқылы көрінген қазақ еңбекшілерінің жүрек түкпірінді жатқан Ленинге деген жылылық сезімді айтқызуға мүмкіндік жасалады, материалды қабылдаудың сапасын арттырады.

Оқушының тексті қайталап оқуын, салыстыру жасауын, сөз мағынасына, сөйлем құрамына тереңдеуді қажет ететін сұрақтардың туындайтын жері-көркем шығарманың тілін, образдар жүйесін композициясын таныту кезеңдері.

Кейде оқушылар класта талданбаған, оқылмаған шығармалар бойынша зерттеу тәсілін қолдана отырып көркем шығарманың идеялық-көркемдік табиғатын ашады, өз тарапынан баға береді, пікір айтады, жанрын анықтайды, өзге шығармалармен салыстырады. Мұндай жұмыстарды орындауда оқушы соған дейінгі меңгерген білім, іскерлік пен шеберлік дағдыларына сүйенеді, білімін бірден-бірге кеңейтеді, творчестволық қабілетін жетілдіреді. Осындай ізденістердің нәтижесінде оқушылар өмір шындығын меңгереді, әлемдегі таңғажайып құбылыстардың жұмбағын өздері шешуге, сырларын ашуға үйренеді.

Көркем шығарманы оқу, талдау, ақын-жазушылармен оқушыларды таныстыру жұмысын дұрыс ұйымдастыра білген жағдайда, олар мұғалімнің берген мәліметтерін еске түсіруімен ғана шектелмейді, оларды әр оқушы өз ой елегінен өткізеді, жазушының шығарма жазудағы мақсатын, оған сіңірген еңбегін түсінуге, тиісті бағасын беруге талаптанады, ізденеді. Осы тұрғыдан алғанда, әрбір көркем шығарманы оқып үйрену – оқушылар үшін жаңалық болып табылады.

Бірінші мақсатқа байланысты мұғалім оқушыларға шығарманың мазмұны мен түр бірлігін сақтай отырып әдеби білім беруді көздесе, екінші жағдайда, тексті қабылдау белсенділігін арттыра отырып, оқушыларды өзіндік жұмысқа баулиды, творчестволық қабілетін арттырады.

«Алтын күз» өлеңін оқып үйренуді үш кезеңге бөлуге болады. Соның – сабақтың алғашқы білімдік, тәрбиелік мәнді кезеңі. Ол мұғалім мен оқушының бірлесіп жұмыс істеуімен шешіледі. Сабақтың алғашқы кезеңінде осының алдында ғана оқылған Абайдың «Күз» өлеңін жаңа сабақ тақырыбымен байланыстыру мақсаты тұрғысынан қайталайды.Оны жүзеге асырудың төмендегідей бел-белестері болуы ықтимал.


  1. Күзге арналған шығармалардан оқушылардың бұған дейін оқығандарын сұрап білу, жатқа білетіндерін айтқызу.

  2. Ә. Сәрсенбаевтың «Алтын күз» өлеңін класта оқып беру.

  3. «Алтын күз» бен «Күз» өлеңдерінің сөздігіне салыстырулар жасату, эпитеттерінің екі өлеңдегі мағыналық айырмашылығына оқушы зейінін аудару.

Жаңғырту, еске түсіру мен творчестволық іздену жұмыстарын жүргізу арқылы әдебиет сабақтарында оқушылардың өздік жұмысын, творчестволық ізденіс қабілеттері бір сабақтан екінші сабаққа, бір тақырыптан екінші тақырыпқа, тоқсаннан тоқсанға жалғасады, дамытылады. Өйткені оқушылардың әдеби білімі олардың алған білімді практикада қолдана білуіне, өздік жұмысына, творчестволық ізденісіне қарай бағаланады.

Оқушыларға берілетін білімді бірден бірге қиындатып күрделендіріп отырмаған жағдайда, олардың танымдық қабілетінде өсу мен өрлеу болмақ емес. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмысын жоспарлағанда, түрлендіріп отыру, оны оқу процесімен байланыстыра берілуін ескерген жөн. Өздік жұмыстың әрбір жаңа түрін қолдану арқылы оқушы өз білімін, өзінің неге бейімділігін байқайды.

Көркем шығарманың ерекшелігіне, текст талдаудың міндеттеріне байланысты әдебиет сабақтарындағы өздік жұмыстар да түрліше болады. Мәселен, жазушының өміріне байланысты оқулықта берілген материалды қосымша әдебиеттермен толықтыру, ақын-жазушылардың ұқсас тақырыпты шығармаларын салыстыру, өзге жазушылардың творчествосымен байланыстыру, білетіндерін еске түсіру, соған байланысты материалдарды жинау, оқулықта берілген теориялық анықтамаларды жадында сақтау, оны мысалдармен толықтыру, жүйелі сұрақтарға жауап қайтару көркем текстің мазмұнын творчестволық баяндау, әңгімелеу, сюжеттік, образдарды талдау, мәнерлеп оқу, шығарма жазу, баяндама жасау, альбомдар құрастыру т.б.

Қорыта келгенде, оқушылардың өздік жұмысын тарамдай бастаса, оның ауқымы кең, түрі мол. Текстпен жұмыс істеу барысында оларды ретін тауып, сабақ мақсатына үйлестіре білген күнде, мұғалім оқушыларды программалық талапқа сай іскерлік пен шеберлік дағдыларымен қаруландыра алады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет