Байрон лирикасы. 1815 жылға таман Байрон «Еврей саздары» («Еврейские мелодий») атты тамаша лирикалық өлеңдер топтамасын (цикл) дүниеге әкелді. Жиырмадан астам туындыдан тұратын бұл жинақ Байрон лирикасының шырқау шыңы ретінде бағаланады. Бұл шығармаларда да «шығыстық поэмалардағыдай» ақынның көңіл-күй дағдарысынан туған толғанысы анық сезіледі. Соның бірі Лермонтов аударуындағы «Көңілім менің қараңғы» («Душа моя мрачна») өлеңі.
ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013
|
______2013 жылғы
№ 1 басылым
|
121 беттің 40 беті
|
Туындының Лермонтовтан Абай аударуы бойынша қазақ даласына да мәлім болғанын білеміз. Осы өлең жөнінде Белинский: «Еврей саздары» ақынның ішкі жан дүниесін ашып көрсетеді. Бұл жүректің жылауы, кеуденің ауыр дем алысы, өлген қуаныштың ескерткішіне жазылған жазу»,-деп жазды.
Байронның 1813-1817 жылдары жазған махаббат лирикасы өзінің мол рухани байлығымен, жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Ақын туындылары асқақтығымен, нәзіктігімен, көркемдігімен оқырманды баурай отырып, ынтықтыра түскендей. Оның лирикасы қандай да бір мистикадан, құрғақ қиялдан, тақуалықтан, діншілдіктен мүлдем ада. Белинскийдің сөзімен айтқанда Байрон лирикасы «ашық аспанмен ұштасып жатқан жер жаһанымен тең». «Еврей саздары» жинағында автор махаббат сезімдері мен сұлулықты дәріптеудің өзіндік әлемін қалыптастырады:
Самаладай жұлдыз жанған түн дерсің,
Көрсең көркін, көз тойдырған бейнесін.
Оның әсем жанарының түбінде,
Түн түнегі, сәлесі бар күннің де.
Сол екі түс бір қосылған шақта, сен,
Одан асқан ешбір нұрды таппас ең!
(Г.Байрон. Еврей әуендері. //Ауд. Ғ.Қайырбеков - Астана: ауд., 2005, 474-бет)
Сондай-ақ, асқақ гуманизмге толы Байронның: «Катуллаға еліктеу» («Подражание Катуллу»), «Альбомға» («В альбом»), «Афиналық қызға» («Афинянке»), «Тирзаға» («К Тирзе»), «Басталған махаббат туралы сұрауға» («На вопрос о начале любви»), «Айырылысу» («Разлука»), «Сен жыладың» («Ты плакала»), «Португалшаға еліктеу» («Подражание к португальскому») т.б. лирикалық өлеңдерінде жаңа қоғамдағы бостандық идеясы жырланған.
Байронның жолын жалғастырушы әр еуропалық ақын – оның лирикасынан өз ой-толғамдары мен сезіміне сәйкес дүниелерді тауып, байрондық поэзияға шынайы шабытпен бойлай енді. Әсіресе орыс халқының данышпан ақындары Пушкин мен Лермонтовты осы тұрғыдан аламыз.
1816 жылы Швейцарияның Женева қаласында тұрғанда Байрон ХVІ ғасырда республика үшін азап көрген Женева патриоты Франсуа де Бонивар (1493-1570) жатқан Шильон бекінісінде болады. Бонивардың ерлік істері ақынды қатты толғандырып, «Шильон тұтқыны» («Шильонский узник») атты белгілі поэмасын жазады. Оның сюжеті Карл Х Савойскийдің әскеріне қарсы азаттық үшін күресте ерлігімен даңққа
ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013
|
______2013 жылғы
№ 1 басылым
|
121 беттің 41 беті
|
бөленген, Швейцарияның ұлттық батыры Бонивардың өмірі жайлы деректерден құрылған. Деспотизм мен озбырлықтың құрбаны болған ол, алты жыл бойы Шильон сарайының жертөлесінде азап шегеді. Еркін ойлы, азаттық сүйгіш қайыспас қаһарман бойынан Байрон өзін көргендей болады. Автордың нақты айтпағы – өзі өмір сүрген қоғамда әділеттікке, ерікті ой-пікірге орын жоқтығы. Поэмада қаншама азаттықты аңсау, түрмешілерге деген ыза-кек, қарғыспен қоса, ғажап жан тебірентер жеке бастың сезімдері де жатыр.
«Манфред» (1817) – Байронның драмалық поэмаларының ішіндегі ең көңілсізі. Бұл шығармадан 1816 жылы Англиядан қуылуына байланысты ақынның терең толқып, қатты қамыққан көңіл-күй дағдарысы нақты көрініс береді.
Байрон есімі оның тамаша лирикалық өлеңі «Көңілім менің қараңғы» (Лермонтов аудармасы) қазақ даласына алғашқы рет ұлы Абай арқылы мәлім болғанын білеміз. Байронның асқан ақындық өнерінен туған ең шұғылалы асылдарының бірі «Еврей саздары» циклынан осы өлеңінен аударылуы Абайдың ұлы ақын шығармаларының ерекше қасиетіне еркін бойлай алғандығын аңғартып қана қоймайды, сонымен бірге ағылшын ақынының туындыларының алуан-алуан сыры мен қырларының ішінен қазақ қауымына жақынырақ, түсініктірек, жайлырақ поэзиясын ұсынған.
Сөйтіп Байрон жырлары қазақ ақындарының назарын да өзіне аударып, солардың шынайы еңбектері арқылы қазақ оқушыларының да құнды мүлігіне айналды.
Байрон шығармаларымен қазақ елінде Абай бастаған танысу өткен ғасырдың бас кезінде одан әрі жалғасы түсті. ХХ ғасырдың алғашқы жылдары демократ ақынымыз С.Торайғыров орыс тілінде Байроны шығармаларын оқыды. А.Ғалимов Байронның «Шильон тұтқынын» қазақша аударып бастырды. Бертін келе С.Сейфуллин бастаған қазақ әдебиетінің әр кездегі буын өкілдері Байрон шығармаларына айрықша ынта қоя бастады.
30-шы жылдары «Чайльд Гарольдтің» үзінділері, «Шильон тұтқыны» қазақшаға аударылып, газет-журналда басылып шықты. Кейбір ақындар Байрон сарынында өлеңдер де жазуға тырысты. Қасым Аманжоловтың «Испан қызы» деген өлеңі Байрон мақамында жазылған деуге болады. Қазақ ақындары Байрон шығармаларын қазақ тіліне аударуға қызу кірісіп, 1960 жылы бір томдық таңдамалы шығармалар жинағын жарыққа шығарды. Сөйтіп Байронның тамаша лирикалық өлеңдері, бір алуан атақты поэмалары «Чайльд Гарольд», «Мазепа», «Қола ғасыр», «Шильон тұтқыны», «Минерваның қарғысы» және шығыстық
ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013
|
______2013 жылғы
№ 1 басылым
|
121 беттің 42 беті
|
дастандары – «Теңіз көкжалы», «Гяур», «Абидос қалыңдығы» секілді шығармалары қазақ оқушыларының да рухани қазынасына айналды.
Байрон шығармаларын қазақ тіліне аударуға талантты ақындар Т.Жароков, Қ.Бекхожин, Х.Ерғалиев, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, І.Мәмбетов, Т.Молдағалиев, т.б. атсалысып, ақын туындыларының байрондық рухын, өршілдік, азаткерлік әуендерін сақтай отырып, қазақ оқушыларына әсерлі, әсем түрде жеткізе алды деуге болады. Мысалы, «Еврей саздары» Ғ.Қайырбековтің аударуында езілген халықтың қайғылы хал-жайы мен адам бойындағы сарқылмас күш-қуат, үміт пен жігер, ерлік пен күрес қасиеттерінің жырлануы әсерлі шыққан. Осы циклдағы «Иеффай қызының» азаматтық ерлігін суреттейтін өлең жолдары қазақша былай берілген:
Туған жердің маңдайының қырсығын,
Арылтуға керек болса бір шығын.
Жаным әкем, құрбандыққа мені шал,
Қиналма сен, әкем! Менің қаным адал қан,
Ақырғы арман аңсауынан жаралған,
Жаным, әкем, құшағыңды аш маған,
Ақтық рет бата аяма балаңнан.
Жоқтар Сәлім, ол қайғыдан езілер,
Сен берік бол, төрелігін өзің бер!
Туған отан, сен азат бол деуменен
Қызық мәңгі тыныш табар, көзілер.
Байрон шығармаларының қазақ жеріндегі бір томдық жинағына «Өр дауысты ұлы ақын» деген кіріспе мақала жазған М.Мақатаев пен Қ.Бекхожин, жер жүзі әдебиетіндегі ұлы тұлға Байронның тамаша мұраларының қазақ тілінде тұңғыш рет шығуы, біздің зор мәдени жетістігіміз екендігін және Байрон шығармаларының ұлттық поэзиямыздың одан әрі өрлеуіне өзінше игі әсер еткендігін айрықша атады.
Қазақ жазушыларының көптеген шығармаларын орыс тіліне аударған ақын М.Д.Львов Байрон туындыларының қазақ тілінде шыққанына мынадай өлең арнады.
Білдің бе сен, ағылшындық ұлы ақын,
Жүрегінде толқынында тарихтың.
Шалғай шетте Іле жақта тұратын,
Бар екенін қазақ деген халықтың?
Аспандағы аққуға әнін қосатын,
Жасайды олар бүгін қазақ елінде.
Өзің сынды бір әдемі жас ақын,
Сені оқиды таза қазақ тілінде.
Аудармасын жүрегіммен түсінем,
Таныс тағы мәңгі өлмес ырғағы.
ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013
|
______2013 жылғы
№ 1 басылым
|
121 беттің 43 беті
|
Тыңдаңыздар: ақындар мен халықтар,
Байрон бүгін қазақтарша жырлады.
Сонымен, Байрон сынды әлем әдебиетінің асқар шыңының шығармашылық мұрасын оқып-үйрене келе, оны қазақ тілінде сөйлету – қазақ сөз өнерінің, өлеңінің өресі кеңейгенінің, көркемдік мәдениетінің биіктігінің бір айғағы болып табылады.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
Байрон өмір сүрген жылдарды айт.
Байронның поэтикалық жаңашылдығы.
Ақын туралы Белинскийдің пікірі.
Байронның алғашқы туындылары.
Байронның күрескерлік жырлары.
«Чайлд Гарольдтың сапары» туындысындағы романтикалық ойлар.
Ақынның шығыстық поэмаларын ата.
Байронның өлеңмен жазылған романы.
Байронды аударған қазақ ақындары.
Байрон шығармашылығының идеялық-эстетикалық және тарихи маңызы.
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18.
Дәріс 7. Перси Биши Шелли
Дәрістің мақсаты: Студенттерді П.Б.Шелли шығармашылығымен таныстыру.
Тірек сөздер: лирик, «Ертеңгі күн келеді», ақсүйектер, материалистер, трактат, протестант, Прометей.
Дәрістің жоспары:
П.Шеллидің өмірі мен шығармашылығына шолу.
Шелли шығармаларының негізгі идеясы.
Лиро-эпикалық, дидактикалық поэмалары.
Саяси-әлеуметтік, пәлсапалық туындылары.
«Маб ханшайым» туындысындағы лирикалық қаһарман.
Шеллидің эстетикалық көзқарастары.
Перси Биши Шелли (1792-1822) ағылшын романтизмінің көрнекті тұлғасы ғана емес, ойшыл да күрескер ақындардың бірі ретінде танымал. Шелли поэзиясы негізінен оптимистік идеялармен сусындаған. Тіпті оның ең көңілсіз деген өлеңінің өзінде, ертеңгі өмірге деген үміт бар. Сондықтан
ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013
|
______2013 жылғы
№ 1 басылым
|
121 беттің 44 беті
|
«Ертеңгі күн келеді»,-деген қанатты сөзі ақынның басты-басты шығармаларында эпиграф болып қолданылған.
Перси Биши Шелли 1792 жылы Сассекс графтығындағы ағылшын ақсүйегі жанұясында дүниеге келген. Жастық шағын ата-анасының қонысында өткізген Перси, он екі жасқа келгенде сол кездегі ақсүйектердің балалары оқыған Итондық колледжге түседі. Алғашқы сәттен білімге деген ынтасы зор Шелли, осында өзінің тұңғыш өлеңдерін де жаза бастайды. Бұл өлеңдерінде оның сол кездегі танымал ақын Саутиге еліктеушілігі аңғарылады.
Жас талапкердің ең жақын қамқоршысы және бағыт-бағдар берушісі – жаратылыстану ғылымдарының докторы, сол колледжде дәріс оқыған профессор Линд деген болады. Линд өз шәкіртіне қоршаған ортаның, қоғам өмірінің қыр-сыры мен нақты шындығын дұрыс танып, түсінуге көмектеседі. Соның ішінде Шеллиді Уильям Годвиннің «Саяси әділдік» («Политическая справедливость») атты шығармасымен таныстырған еді. Линдтің түсіндіруінше Годвин қоғамдағы келеңсіздік атаулының түп-тамыры теңсіздікте жатқандығын ашып берген. Теңсіздік – бай монополистердің кедей шаруаның еңбегін қанауынан туындап отырғанын айтады.
Шелли сол кезде Жан Жак Руссоның «биліктің бүкілхалықтық» идеясымен, Гельвеций, Гольбах, Дидролардың атеистік көзқарастарымен танысады. Ал оның аса ынтамен оқығаны – Вольтер шығармалары болды.
Француз ағартушыларының тамаша ойларынан алған әсерімен Шелли, бірнеше өлең мен «Агасфер» поэмасын (1809) және екі романын жазып, баспаға бастырады. Бұл шығармаларының басты кейіпкерлері – дін мен құдайды мүлдем мойындамайтын атеистер.
1810 жылы Шелли колледжді аяқтап, Оксфорд университетіне түседі. Ол бостандық жолындағы күреске нақты қолқабысын тигізуді армандайды. Осы жылдары ақын өзінің антимонархиялық өлеңдерімен таныла бастайды. Соның ішінде 1810 жылы жарық көрген «Патша өлтірушінің жазбалары» («Записки цареубийцы») атты саяси өлеңдер топтамасы автордың қоғамдық көзқарасының әлі де толыса қоймағанын аңғартса да, біршама өзіндік құнды ойларымен ерекшеленді.
Шелли бұл туындысында соғыс жағдайындағы Англияның мүшкіл халін бейнелеу арқылы барша Европаны бейбітшілікке шақырады. «Құдіреті күшті» европалық монархтардың барша адамзат алдында жасаған қылмыстарын әшекерелеп, бейбітшілікті дәріптеу сол кезеңде көзсіз батылдықты қажет ететін.
Біраз уақыт өте ХҮІІ ғасырдағы француз материалистерінің еңбегі Шеллидің атеистік көзқарасын қалыптастырады. Университетте жүріп «Атеизмнің керектігі» («О необходимости атеизма») атты кітапшасын бастырып,
ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013
|
______2013 жылғы
№ 1 басылым
|
121 беттің 45 беті
|
оны жасырын түрде ғылыми кеңес мүшелеріне таратады. Бұл еңбектен олардың көпшілігі Шеллидің авторлық қолтаңбасын танып, бірден оқудан шығарылады. Сөйтіп әкесі армандаған парламенттік мәнсап жолы орындалмай қалады. Ұлының бұл қылығына қатты күйінген әкесі қарғысын жаудыра, үйінен біржола қуып шығады.
Шелли Лондон қаласына қоныстанып Уильям Годвиннің саяси-экономикалық және әлеуметтік-утопиялық идеяларын тереңірек оқумен айналысады. Лондонға оның қарындасы Элизавета құрбысы он алты жастағы Герриэт Вестбрук деген қызбен жасырын келіп, кездесіп тұратын. Гарриэт те өз әкесінің қатыгездігін көп көрген бақытсыз жан болатын-ды. Шеллидің оған қатты жаны ашып, соңынан өзіне әйелдікке алады. Сөйтіп жұбайы екеуі Шотландиядағы Эдимбург қаласына қоныс аударады.
Ақынның ата-анасы қыздың ұлына тең әулеттен еместігіне зығырдары қайнап, Шелли әулетінен қалған мол мұрадан бас тартуын талап етеді. Бұдан соң Шеллидің жеке басында тұрмыстық өте ауыр кезең басталады. Бірақ өмір ауыртпашылығына мойымаған талантты жас, өзінің ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі.
Соның нәтижесі ретінде 1813 жылы тұңғыш көлемді туындысы болып табылатын – лиро-эпикалық поэмасы «Маб ханшайымды» («Королева Маб») жарыққа шығарады. Бұл шығармасында автор тек монархтар мен аристократтарды құртып-жоюға шақырған жоқ, адамзат арасындағы қарым-қатынастарды бұзатын тойымсыздық, пайдакүнемдік атаулыға қарғысын жолдағандай.
Әйтсе де, Шелли осы алғашқы туындысына кейіннен сын көзімен қарап, ХҮІІІ ғасыр әдебиетінің мұрасы іспетті дидактикалық элементтерді жиі қолданғанына қынжылады.
Дегенмен «Маб ханшайым» – өз қоғамының ең өзекті мәселелеріне жауап бере алған, жоғары деңгейде жазылған көркем туынды ретінде танылды. Көп ұзамай Англиядан өзге елдерге тарап, ақын есімін басқа еуропалықтар біле бастайды.
«Маб ханшайым» поэмасы – романтикалық шығарма болып табылады. Соңынан автор, өз поэмасын Саутидің «Талабысы» мен Байронның «Чайльд Гарольдының» лирикалық мақамына барынша ұқсатуға тырысқанын ашық жазады. Алайда, бұл туындысында Шелли өзін шәкірт ретінде емес, толық қалыптасқан шебер ақын ретінде көрсеткісі келген.
Поэманың басты кейіпкері – бойжеткен қыз Ианте, шығарма-ның композициялық құрылымына тірек бола, үйлестіріп тұрған образ. Ианте өмірден бақыт іздеген тұлға. Поэманың қысқаша союжетіне тоқталар болсақ, ұйқы құшағындағы Иантеге түсінде, бақытқа барар жолды көрсетуге сиқырлы ару – Маб ханшайым келеді. Ол өз сиқырының көмегімен ұйқыда жатқан қыздың
ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013
|
______2013 жылғы
№ 1 басылым
|
121 беттің 46 беті
|
рухын шақырып, сиқырлы күймеге отырғызып, әсем де әдемі гүлдермен көмкерілген кемпірқосақ үстімен көкке, күнге қарай алып ұшады. Ианте мен Маб аспан әлемінің қақ ортасында тұрған, «жарқыраған сансыз жауһарлары» көз қарықтырар сиқырлы сарайға келеді. Ханшайым үлкен сиқырлы айнадан қонағына адамзат тарихының өткені мен бүгінін, болашағын ғажайып суреттер арқылы көрсетеді.
Шелли поэмасының бірінші және үшінші өлеңдерінде кейбір романтиктер жырлағандай бұрын ешқандай бақытты күндердің болмағандығын дәлелдей түседі. Ал поэманың төртінші өлеңінде, монархтар мен аристократтарға ашық қарсы шығып, оларды «халық денесін құрттатқан жалтырауық көк шыбынға» теңейді.
Негізінде автор бұл тундысында билеуші топтың қанауындағы езілген халықтың жиынтық образын сомдаған. Әлеуметтік теңсіздік мәселесі Шеллиде өз кезеңінің романтиктеріне қарағанда әлдеқайда тереңірек сипатталады. Ол саяси шиленістердің барлығы экономикалық тәуелділікке байланысты туындайтындығын ашып көрсетті.
Поэманың бесінші өлеңінде ақын аса пайдакүнемдік пен тойымсыздықтың адамгершілік қасиеттер – аброй, ар-ұждан, адалдық, асқақтық, сұлулық және білімге деген құштарлықтан жұрдай қылып, қайрымсыздыққа апаратынындығын ескертеді.
Ал соңғы, тоғызыншы өлеңінде болашақтың тапсыз қоғамы өзінің жарқын көріністерімен бейнеленеді. Адам баласы мүлдем басқа қырынан көрінеді. Тек қана жақсы қасиеттерді ғана бойына жинақтап, жаманшылық пен қылмыс атаулыдан мүлдем ада жұмақ қоғам мүшелері бақытты өмір сүргендей. Бұл өлеңінде Шелли адамгершілікті сүйетін нағыз гуманист ретінде, барлық моральдық, тұрмыстық-әлеуметтік келеңсіздікке қарсы тұрады.
«Маб ханшайым» поэмасының басқалардан өзгешелігі – оптимистік рухының басым болуында. Алдағы өмірден зор үміт күтетін автор, әлем жұртшылығының зорлық-зомбылық пен қанаушылықтан түбінде бір құтылатындығына сенімі мол. Сол үшін ақын оптимизмді өзінің басты қаруы етіп алады.
Шеллидің бұл туындысы халық арасында үлкен сұранысқа ие болды. Бар-жоғы 200 данасы ғана жарық көрген кітабын, сатылмай жатып талап алады. Соңынан қолжазба күйінде ғана тараса да, лезде барша еуропалық оқырманға танылады. Дегенмен туындының көркемдігі жағынан солғындау тартып жатқан жерлері де баршылық. Себебі кей тұста автор тарапынан әдемі, асқақ сөздер мен романтикалық символикалар тым асыра қолданылған еді.
Осы кезеңде оның жаулары көбейе бастайды. Монархия, парламент, шіркеуге ашық қарсы шыққаны үшін Англияның билеуші топтары оған «крест» жорығын жариялағандай болады. Оның атының өзі оларға көзге шыққан
ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013
|
______2013 жылғы
№ 1 басылым
|
121 беттің 47 беті
|
сүйелдей көрінеді. Еріксіз Шелли Англиядан Ирландияға кетуге мәжбүр болады. Жанұясымен де ұрыс-керісі ұлғайып, ақыры әйелімен айрылысып тынады.
Екінші рет Годвиннің қызы Мэриге үйленеді. Соңынан Мэри белгілі жазушы және әдебиет сыншысы болып, Шелли мұрасының жарық көруіне көп еңбек сіңіреді.
1816 жылы ақын жас жұбайымен Швейцарияға кетіп, сонда Байронмен алғаш танысады. Осы жылы ол біршама философиялық мақамдағы, рухани-әлеуметтік тақырыптағы туындыларын жазады. Соның ішінде «Интеллектуальдық әдемілік әнұраны» («Гимн интеллектуальной красоте»), «Аластор, немесе жалғыздық Рухы» («Аластор, или Дух одиночество») туындыларын атауға болады.
1816 жылы Англиядағы жұмысшылар қозғалысы күшейіп, демократиялық-радикалдық партиялар өз күресін жандандырады. Осы бағыттағы газет-журналдар көбейіп, жұмысшылардың жасырын одақтары халық арасында белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Шелли де бұл тарихи оқиғадан тысқары қалмай, бел шеше араласады. Қоғамдық қозғалыс әсіресе оның шығармашылығынан айқын көрініс табады. 1818 жылы жазған «Ислам көтерілісі» («Восстание Ислама») атты екінші лиро-эпикалық поэмасы, демократиялық күштердің белсенді күресіне ризашылығынан туындаған тамаша шығарма. Өзінің алғы сөзінде автор былай деп жазады: «Маған адамзат қоғамы өзінің мешеулік ұйқысынан ояна бастағандай көрінеді. Енді қазір бүтіндей бір ұрпақ бұрынғыдай надандық пен жоқшылық тудырған қырсыққа төзушілікке сенбейді». Сөйтіп, езілген халықтың ашу-ызасы ақын қолына қалам ұстатады.
Поэма кіріспесінде Шелли Француз революциясына баға бере келе, революциядан ол «болашақ бостандықтағы қоғамды» әкелген кереметтей жетістікті көреді. Автор көтерілістің «феодальдық жабайылық» пен «орасан зор езгіден» құтқарған құбылыс болғанын айтады.
«Ислам көтерілісінде» суреткер өмірге бұрынғыдай философиялық тұрғыдан қарамай, қоғам келеңсіздігін сатиралық мысқылмен сынауға көшеді. Билеуші топты келемеждей отырып, «халық және революция» тақырыбын асқақтата, көркем бейнелеген. Сондықтан Шелли поэмасынан біз халық революциясының нақты романтикалық бейнесін аңғарамыз.
Ақын оқырмандарға бостандық жолындағы күрескерлер: Лаон мен сүйген қызы Цитна, Белгісіз бозбала, Кезбе және т.б. кейіпкерлердің жағымды қырларын үлгі еткендей. Лаон мен Цитнаның алға қойған мақсаттары асқақ та өте тамаша. Олар қатыгез де нақұрыс қоғамды түбегейлі өзгертуге тырысқандары сондай, «билеуші тақ мүлдем жойылып, алтын өзінің қанды құдыретінен» айрылса деп армандайды. Осы жолда күресті де. Алайда көтерілісшілер ұйымсыздықтың, сатқындықтың кеселінен өз мақсаттарына жете алмай қолға түсіп, отқа өртеледі. Дегенмен де халықтың көзін ашқан революцияға бастаушылардың ерлік істері
ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013
|
______2013 жылғы
№ 1 басылым
|
121 беттің 48 беті
|
зая кетпейді. Олардың ізбасарлары шығып, күрес жолын жалғастыра жеңіске жетеді.
Шеллидің бұл поэмасы оптимизмге толы, өлеңдерінен жігер оты шашады. Сондықтан 30-40 жылдары Англияның қоғамдық өміріне өзіндік ықпалын тигізді. Атап айтсақ, Чартистер туындыны жоғары бағалып, кейбір үзінділерін баспасөз беттерінде қайта-қайта бастырып пайдаланған. Оларды поэмадағы бостандық идеясы, әділдік қасиеттер мен терең де көркем лирика баурап алады. Англияның реалист жазушысы Теккерей жас кезінде «Ислам көтерілісін» бірнеше қайтара оқып, тамсанғанын айтады. Американдық ақын Уолт Уитмен поэманы ағылшын лирикалық поэзиясының ең озық үлгісі ретінде бағалайды.
Монархия мен шіркеуге ашық қарсы шыққаны үшін Англия билігінің басындағылар ақынды тағы да қуғындай бастайды. «Ислам көтерілісі» тағы басқа мемлекетке қарсы памфлеттері үшін Шеллидің олармен шиеленісі ұлғая түседі. Тіпті жанұясына, өз өміріне қауып төне бастағаннан соң елінен біржолата кетіп, әйелімен Италияға қоныс аударады. Италияда ескі досы, өзі секілді елінен қуылған Байронмен кездесіп, шығармашылық байланыста-рын одан әрі дамытады. Ақын Италияның біршама қаласын аралап өмірлік, ақындық тәжірибе жинақтайды.
Шелли көптеген тамаша туындыларын осы Италияда жүргенде жазады. Ақын шеберлігі оның лирикасынан танылатын. Әсіресе табиғатты жырлағанда онымен етене сырласқандай тіптен шабыттана түседі. Өлеңдеріндегі сезім иірімдері көркем бояулар-мен астаса келе, оқырманға ерекше бір ләззат силағандай. Кейде ақын жүрегінен еліне деген сағыныш сәулесі есіп, бір уақ мұңға да батқандай болады:
Мен сүйемін аязбенен қарды,
Боран және жауын-шашынды,
Жағаны соққан толқынды
Табиғат сенің өзіңді.
Табиғат суреттері көбінесе терең философиямен астасады. Бұл «Құбылмалылық» («Изменчивость») деп ортақ атаумен жазылған өлеңдер топтамасында, «Бұлт» («Облака») т.б. өлеңдерінде анық байқалады. Ақын табиғаттың мәңгілік екендігін, оның үнемі жаңғырып, жаңарып отыратындығын айта келе, қоғамды да сонымен салыстырады. Оның ұқсастығына баса назар аудартады. Халықты қанаған өз қоғамының да түбінде бір өзгеретіндігін ескерткендей.
Шелли балалық шағынан сүйікті образына айналған ежелгі грек әдебиетінің кейіпкері, барша адамзатқа жақсылық жасаған Прометейді үлгі тұтатын. Түрік басқыншыларына қарсы Греция халқының күресі ақынға шабыт бітіреді. Қазіргі гректіктер де осындай ата-бабаларының талантын, батылдығын мұра қылып алғанына сенім білдіреді. Сондықтан Зевске қарсы шыққан
ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013
|
______2013 жылғы
№ 1 басылым
|
121 беттің 49 беті
|
Прометейдей бостандық үшін аянбай күресуге шақырады. Осы әсермен ақын 1820 жылы «Азат болған Прометей» («Освобожденный Прометей») атты лирикалық драмасын жазады. Кейін, қайтыс болғаннан соң жарық көрген шығармалар жинағының түсіндірмесінде сүйікті әйелі Мэри: «Прометей» – Шелли поэзиясының жаны болатын»,- деп жазады. Шындығында туынды өзінің лирикалық ерекшелігімен, өзгеше стилімен ағылшын поэзиясының биік шыңына шықты.
Шелли сондай-ақ қоғамдық күресті суреттеген «Ченчи» /1820/ трагедиясын, «Карл І» /1822/атты тарихи драмасын т.б. көптеген туындыларын жазады.
Күрескер ақын өзінің аз ғана ғұмырында соңынан мол мұра қалдырған талант иесі. Өмірі мен шығармашылығын халқына, азаттық үшін күреске арнаған Шелли бар-жоғы отыз жасында қайтыс болды. Ол 1822 жылы Ливорнода аяқ астынан болған дауылдан теңізге суға кетіп, содан он күннен соң денесін жағадан тауып алады. Байрон және басқа да достары ақынның денесін жаққызып, Рим қаласына жерлейді. Құлыптасына «Перси Биши Шелли – жүректердің жүрегі» деп жазыпты.
Сонымен Шеллидің лирикасында келешек жарқын өмір үшін күрес, тапсыз қоғам, бейбіт заман т.б. өзекті мәселелердің шынайы көрініс тапқанын аңғардық. Суреткер поэзиясынан революциялық мазмұндағы жаңа романтикалық форма қалыптасты. Ол жаңашыл ақын. Шелли Байронмен бірге ағылшын поэзиясының жаңа дәуіріне жол ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |